Материалдар / Ашық сабақ Мәтінді есептерді шығару.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Мәтінді есептерді шығару.

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мектеп білім беретін ұстаздарға қажет, әсіресе 9 сыныпқа. ашық сабақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2020
514
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Авторы: Ермекова Аяжан Еркінқызы

БҚО, Орал қаласы №48 жалпы орта білім беретін мектебі, математика пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы

Мәтінді есептерді шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары, оқу бағдаламасына сілтеме

9.2.3.9 Шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын есептер шығаруда қолдану

Сабақтың оқу мақсаты

Барлық оқушылар:

Мәтінді есептерді шығаруда шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын қолданады

Оқушылардың басым бөлігі:

Мәтінді есептерге шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын пайдаланып теңдеулер жүйесін құрады.

Кейбір оқушылар:

Күрделі мәтінді есептерде шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын қолданады.

Бағалау критерийі

Мәтінді есептерді шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласы арқылы шығарады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын тұжырымдайды, есептің шығарылу жолын баяндайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

прогрессия, шексіздік, еселік, қатар, жинақтық.

Диалогқа, жазылымға қажетті тіркестер:

Геометриялық прогрессияның анықтамасын бер?

Шексіз кемімелі геометриялық прогрессия дегеніміз не?

Шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның мүшесі мен қосындысының айырмашылығы...

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Тарих, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» 6-құндылығы негізінде оқушыларды өз тарихын және тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның қосындысының формуласы

Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10мин

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру

Сабаққа жағымды психологиялық ахуал туғызу


  1. Топқа бөлу: «Жұбыңды тап» әдісі бойынша формулалар (геометриялық прогрессияның п-ші мүшесі мен алғашқы мүшесінің қосындысы, шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның қосындысының формуласы) жазылған кеспе қағаздардан әр оқушы өз жұбын табады.

Формула бойынша 3 топ құралады.

Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге талқылаймын.









Кеспе қағаздар

Сабақтың ортасы

20мин

  1. Топтық жұмыс «Ойлан –жұптас-бөліс»

  1. Егер S=10 және q=0,1 болса, онда шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның үшінші мүшесін тап?

Дескриптор:

-шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын қолданады;

- бірінші мүшені табады;

-берілген прогрессияның үшінші мүшесін анықтайды.

  1. Екінші мүшесі 9, ал бесінші мүшесі болатын шексіз геометриялық прогрессияның қосындысының мәнін табыңдар.

Дескриптор:

  • есептің берілгендері бойынша теңдеулер жүйесін құрады;

  • теңдеулер жүйесін тиімді тәсілмен шешеді;

  • берілген прогрессияның бірінші мүшесін анықтайды;

  • шексіз геометриялық прогрессияның қосындысының мәнін табады.

3. Мүшелері оң болатын шексіз геометриялық прогрессияның алғашқы үш мүшесінің қосындысының мәні 10,5 –ке, ал прогрессияның қосындысы 12-ге тең. Осы прогрессияны табыңдар.

Дескриптор:

  • есептің берілгендері бойынша теңдеулер жүйесін құрады;

  • теңдеулер жүйесін тиімді тәсілмен шешеді;

  • берілген прогрессияның бірінші мүшесін, еселігін анықтайды.


Дескриптор бойынша оқушылар бірін-бірі бағалайды


2. Сергіту сәті: «2шындық, 1 өтірік» әдісі

Оқушылар ретімен өз елінің тарихынан 2 шындық,

1 өтірік айтады, бірін-бірі қайталамайды.


Алгебра, 9сынып,Алматы «Мектеп» 2013 А.Әбілқасымова,В.Корчевский,

З.Ә.Жұмағұлова

245(а)





http://expert.mektep.kz/ru/shop/105049-9_klass/107217-algebra_9_1_b/1










http://expert.mektep.kz/ru/shop/105049-9_klass/107217-algebra_9_1_b/1















Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар:

Бағалау критерийі: Мәтінді есептерді шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласы арқылы шығарады.


  1. Егер q= және S=80 болса, онда шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның төртінші мүшесін тап?

Дескриптор:

  • шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын қолданады;

  • формуладан бірінші мүшені табады;

  • берілген прогрессияның төртінші мүшесін анықтайды.

  1. Бірінші мүшесі 3-ке, қосындысы -ге тең

шексіз кемімелі геометриялық прогрессияны жаз.

Дескриптор:

-шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын қолданады;

- прогрессия еселігін табады;

-шексіз кемімелі геометриялық прогрессияны жазады.

ҚБ: «Екі дұрыс, бір қате» әдісі


Рефлексия: «Мұғалімге хат».Түсінбеген сұрақтарын жазып, мұғалімге арналған конвертке салады. Келесі сабаққа сол сұрақтарғ абайланысты тапсырма дайындалады.

Үй жұмысы: № 17.7 (2), 17.9











http://expert.mektep.kz/ru/shop/105049-9_klass/107217-algebra_9_1_b/1











http://expert.atamura.kz/kz/books/536#page/120

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау –Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау тәсілдері : білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған есептер арқылы саралаудың «тапсырмалар» тәсілі және топта есеп шығару арқылы нәтижеге жету саралаудың «қорытынды» тәсілі іске асады. Қолдау және диалогқа көшу, дереккөздер, бағалау тәсілдерін қолданамын.

1.ҚБ «Ойлан –жұптас-бөліс»

2.ҚБ «Екі дұрыс, бір қате»

Оқушыларды топтастыру кезінде денсаулықтарын ескеремін. Сергіту сәтін ұйымдастыру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаймын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына

қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.





Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!