Материалдар / Ашық сабақ мектепалды даярлық топтарына арналған
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ мектепалды даярлық топтарына арналған

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақты ашық сабақ немесе ұоқ ретінде де пайдалануға болады және 1 сынып оқушыларына пайдалануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2020
357
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

ҰОҚ :Сөйлеуді дамыту

Мақсаты:

 Білімділік: Балаларды Отан сүйгіштігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, «1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні» екенін түсіндіру.

Дамытушылық: Қазақстан Республикасының Президентінің өмір баянымен таныстыру. Біздің президентімізге деген сүйіспеншілігін арттыру. Астана-жас қала, бас қала туралы әңгімелеу. Көркем сөз арқылы тіл байлығын арттырып, байланыстыра сөйлеуге, ойларын жеткізуге білуге, достық қарым-қатынасқа дағдыландыру.

Тәрбиелік:Отанын сүюге, адал болуға отанын құрметтеуге тәрбиелеу

Методикалық әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, мадақтау, қорытынды.

Алдын-ала жұмыс: «Мұнайшы» мәдениет сарайына, мұражайға, «Дулыға» ескерткішке саяхат.

Көрнекілік: Президент портреті, Қазақстан республикасының рәміздерінің суреттері, елордамыз Астана қаласы туралы бейнетаспа және фотосуреттерді көрсету.

Сөздік жұмыс: Республика, рәміздер, ту, елтаңба, әнұран.

Сабақ барысы:

- Тәрбиеші: Балалар, шеңбер бойына тұрып, алақанымызбен бір-бірімізді ұстайықшы. Бір-біріңізден жылу сезініп тұрсыз ба, балалар? Балалар алақанымызда жылу сезініп тұрмыз дейді.

  • Тәрбиеші: Балалар, менің мына сұрағыма жауап беріңдерші. Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Балалар: Қыс мезгілі.

  • Тәрбиеші: Ал, қыс мезгілінде неше ай бар?

- Балалар: Қыс мезгілінде үш ай бар. Олар, желтоқсан, қантар, ақпан.

  • Тәрбиеші: Ал, бір аптада неше күн бар? Кәне, кім айтады екен?

  • Балалар: Бір аптада жеті күн бар.

  • Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, өте жақсы.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде «1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне» арналған тақырыптық оқу қызметі.

Ал , ендеше балалар біздің Республиканың әнұранын орныдайық. (Оң қолымызды жүрек тұсына қойып балалар әнұранды орындайды)

Балалар, Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланғанына 25жыл. Біздің президент біздің Қазақстан үшін көп еңбек етіп келеді. Көптеген мектептер, балабақшалар салынды. Біз осындай бақытты елде тұрамыз. Біздің Президентіміз туралы слайдтан фото сюжеттер көрсету.

  • Тәрбиеші: Ал, «Отан» деген не екенін кім біледі?

  • Балалар: Отан дегеніміз – бұл біздің анамыз, еліміз, туған, ыстық жеріміз.

  • Тәрбиеші: Ал Отанымыз қалай аталады?

  • Балалар: Біздің отанымыз –«Қазақстан Республикасы» деп аталады

  • Тәрбиеші: Балалар ендеше, «Отан» , «Қазақстан» туралы тақпақтар білесіңдерме ? Айтып беріңдер (2,3 бала тұрып, тақпақтарын айтады)

  • Тәрбиеші: Балалар, сіздер өз Отаныңыз Қазастанды жақсы көресіздер ме?

  • Балалар: Иә.

  • Тәрбиеші: Балалар, олай болса, мені мұқият тыңдаңыздар. Біздің Қазақстанымыз тәуелсіз, еркін ел. Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тұрады. Олар түркмен, орыс, өзбек, қытай, ұйғыр және тағы да басқа ұлт өкілдері. Кәнеки балалар, сіздер осы туған өлкеңіз, Отанымыз Қазақстанға қандай тілектер айтасыңдар?

  • Балалар: Тыныштық болсын.

  • Соғыс болмасын

  • Бәріміз баққыты болайық.

  • Деніміз сау болсын.

Тәрбиеші: Өте тамаша, жарайсыңдар, олай болса менің келесі сұрағыма жауап беріңдерші. Қазақстан Республикасының президенті кім?

  • Балалар: Қазақсатн Республикасының президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

  • Тәрбиеші: Ал, біздің елордамыз, бас қаламыз қай қала?

  • Балалар: Біздің елордамыз – Астана қаласы.

  • Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар сіздер білесіздер ме, біздің қазіргі Астанамыз жас қала әрі бас қала.Ол жылдан жылға көркейіп, әсемденіп келеді.

Балалар, біздің елдің рәміздерін атаңызшы.

  • Балалар: Ту, елтаңба, әнұран.

  • Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Рәміздер туралы өлеңді айтыңдар.

Арнат : Рәміздерім елдігімнің белгісі

Білу керек бала-дағы ең кіші.

Рәміздерім - әнұран, ту, елтаңба

Рәміздерді жатқа білу жөн кісі.

  • Тәрбиеші: Ал балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екенін кім айтады?

  • Балалар: Мемлекеттік туымыздың түсі – көк түс.

Тәрбиеші: Дұрыс балалар, туымыз көк түсті, ортасында алтын күн орналасқан. Ол, біздің әрқашанда аспанымыз ашық, төбемізде күн жарқырап тұрсын деген мағынаны білдіреді. Күн астындағы қыран құс, ол біздің еліміз биікке, еркіндікке, болашаққа ұмтылсын деген сөз. Ал шетінде қазағымыздың ұлттық өрнегі орналасқан. Мемлекеттік туымыздың авторы – Шәкен Ниязбеков.

Әліби : Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы

Оны халық қанша да,

Биікке іліп қояды.

Тәрбиеші: Бұл балалр, біздер әрқашанда туымызды жоғары көтеріп, қастерлеуіміз керек екендігін айтады. Енді балалар, елтабаңға қараңдар. Елтаңбаңызда, шаңырақты айнала күн сәулесі орналасып, уықтар шыншылған. Адам баласының досы – қос тұлпар және бес жұлдыз, ол біздің барлық жер шарындағы халыққа құшағымыздың ашықтығын білдіреді. Елтаңбаны салған суретші – Жандарбек Мәлібеков аға мен сәулетші Шота Уәлиханов.

  Дінмухаммед : шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар

Шарықтаған таза күй





Тәрбиеші: Қандай әдемі өлең-шумақтарын білесіңдер

Балалар, мемлекттік тіліміз қандай, кім біледі?

Балалар: Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі.

Адия : Ана тілін біліп қой,

Еркіндігім, теңдігім.

Ана тілін біліп қой.

Мақтанышым, елдігім

Тәрбиеші: Балалар, Қазақстанның жері өте бай. Мұнай, газ, алтын, күміс және тағыда басқа құнды байлықтар шығады. Осының ішінде халыққа ең қажеттісі – нан. Біз бидайға баймыз. Демек, бұл біздің халқымыз тоқ деген сөз. Біздің ұлы ақындарымыз да көп. Олар: А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ж.Жабаев, М.Әуезов және т.б. Осы аталарымызды қадір тұтатын, өсиеттерін өнеге ететін, тәуелсіз еліміздің болашақ жұлдыздары – Сіздерсіз! Сондықтан үлкендерді сыйлап, кішілерге ізет көрсетің. Бәріне үлгі болыңдар. Ал ендеше балалар, бүгінгі тақырыптық оқу қызметімізді қортындылайық.

  • Тәрбиеші: Қандай оқу қызметі болды?

- Балалар:«1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне» арналған тақырыптық

оқу қызметі болды.

- Тәрбиеші: Не туралы әңгімелестік?

  • Балалар: Біздің Президентіміз туралы және Қазақстан туралы әңгімелестік.

  • Тәрбиеші: Біздің Президентіміз кім?

  • Балалар: Н.Ә.Назарбаев.

  • Тәрбиеші: Қазақстан рәміздерін атап беріңдерші

  • Балалар: Ту, елтаңба, әнұран.

  • Тәрбиеші: Елордамыз қай қала?

  • Балалар: Нұрсұлтан

Балалар осымен тақырыптық оқу қызметіміз аяқталды, оқу қызметке өте жақсы қатыстыңдар.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!