Материалдар / Ашық сабақ: "Менің атым Қожа" Түбінде адам болатын бала
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ: "Менің атым Қожа" Түбінде адам болатын бала

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: "Менің атым Қожа" Түбінде адам болатын бала. Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" хикаятының қорытынды сабағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2022
395
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді: Қысқамерзімді жоспар

Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің аты-жөні:

Маруақызы Толғанай

Күні:

21.02.2022

Сыныбы: 5 «Ә»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяты. Түбінде адам болатын бала

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.3.2.1 көркем мәтіндегі сөз образының эстетикалық құндылығын бағалау;

5.3.3.1 шығарманы автор ізімен баяндап жазу

Сабақтың мақсаттары:

- көркем мәтіндегі сөз образының эстетикалық құндылығын бағалайды;

- шығарманы автор ізімен баяндап жазу

Құндылықтарды баулу:

-жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

-мінез-құлықтың этикалық және эстетикалық нормаларын қалыптастыру;

-өзін-өзі бағалау және өзара бағалау арқылы жауапкершілік сезімін қалыптастыру;

Сабақтың барысы:

Сабақ

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы


7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу;

2. Сабаққа дайындығын пысықтау;


Бағалау парағы

Оқулық, жұмыс дәптері




Жаңа сабаққа кіріспе

3мин

«Тақырыпқа баспалдақ»



- Суретке қарап не түсінуге болады?

- Адам бейнесіндегі сөздерден нені аңғаруға болады?

- Образ дегенді қалай түсінесіңдер?



Алдыңғы білім:

Сюжет – көркем шығармадағы оқиға желісі

Фабула – оқиға желісінің бірінен соң бірі, реттілікпен берілуі


«Жарайсың!» мадақтау сөзі

Интербелсенді тақта

Жаңаны тану
















Әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі – образ.


ОБРАЗ

Көркем бейне, кейіпкер, тип

суретті сөз

Мұнда әңгіме дайын әдеби қаһарман жөнінде емес, сол қаһарманды жасаудағы қаламгердің бүкіл творчестволық іс-әрекеті, ойы, қыры. Образдың қазақшасы-көркем бейне.

Мысалы, «Менің атым Қожа» повесіндегі көркем бейне ол – Қожа.

- Ал, бізге Қожаның жақсы немесе жаман, сотқар немесе ақылды екенін жеткізіп тұрған не? Ол, әрине автордың көркем тілі. Автордың бейнелі сөздері арқылы ғана біз көркем бейнені тани аламыз. Әрі бұндай бейнелі сөздер шығарманың эстетикалық құндылығын арттырады.

Білу және түсіну




Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/referattar/45353/











Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.


«Бір үзік»

Тақтадан «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді беріледі. Видеоны мұқият қарайды. Қожаның арманы берілген видеодан не аңғаруға болады? Үзіндідегі сөздерге назар қойып тыңдаңыздар.

- Арманымның бәрін жазсам маған ешкім сене қоймас. (жұрттың өзіне деген сенімсіздігін мойындау)

- Бауырында ақ бұлттар қалықтаған, биік тауларды жақсы көремін. Тап-таза жаңа жауған ақша қарды да...(тазалық)

-Дегенмен бәрінен жақсы көретінім көктем мезгілі (жұмсақтық, жылылық)



Қолдану

Өзара бағалау 3б


Дескриптор:

-видеоны мұқият қарайды;

-үзіндідегі сөздердің мәніне назар аударады;

- бір-бірін бағалайды.

https://youtu.be/yQa1xX0FKP s

Жеке жұмыс

«Суретті сөйлет»

Тақтада тұрған Қожаның екі түрлі бейнесін анықтайды. Енді осы бейнелер шығармада қалай ашылып тұр. Образды сөздерді әр суреттің астына қояды. Берілген үзінділердегі сөздердің образдылығын мұғалімнің көмегімен ашады.







Сотқар Қожа

Ақылды Қожа

- Жантас тәрізді қылжақтар осының өзін де дұрыс айтпайды, әдейі бұзып, келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Мен байқамай қалып, «әу!» деймін. Бірақ бұл қылығы үшін, бейшараның обалы нешік, тиісті сыбағасын менен талай рет алды…

- Бұдан былай біреуді келемеждеп сөйлеудің қандай екенін білуі үшін, Жантасты мұрынға сырт еткізіп бірді шерттім де, жүгіре жөнелдім. Сол бойда екпіндеген қалпыммен мұғалімдер бөлмесіне алқынып кіріп бардым.

-Түстен кейін төсегімде демалып жатып, ойға қалдым: Бағана Майқановаға істегенім тұрпайылық болды-ау деймін. Әрине, Жантасқа жолдама беріп, маған бермеген оныкі де әділдік емес. Ызамды осы келтірді. Дегенмен, Майқанова мұғалім, класс жетекшісі.

-Қоңырау әлі бола қоймаған. Сол кезде сап етіп, басыма бір қызық ой келе қалды. Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сумкасына сүңгіттім де жібердім. Не болар екен?

-Мамам, жауап қатпады. Мен жақындай түсіп, оның уысында көзіне басып алған қол орамалы бар екенін көрдім. Жүрегімді біреу ұстарамен тіліп жібергендей болды.

-Мамам екеуміз мектепке педсоветке келе жатырмыз. Күздің салқын кеші тоңазыта ма, жоқ әлде үрейленуден бе, ішібауырым қалтырап келеді.

-Егер осы сыннан өте алмайтын болсам, онда маған бұдан былай оқу оқып қажеті жоқ. Анам байғұсқа күйігімді тартқыза бермей адам болатын басқа бір жолды іздеп жоғалуым керек.

- «Құпия кеңестегі» сөздерді есіңе түсір. Қожа өзін неге шақырып отыр?

-...Ахметов сөзін бітіріп отырды. Мамам түрегелді. Балажан, байғұс анам, мен үшін отқа да, суға да түседі шырылдап.

...Мен мамамды ғажап аяймын. Ойпырай, неге мұндай тынымсыз, сотанақ болып тудым! Темір секілді жер қозғалса да қозғалайтын, аңқиып жайына жүретін момын болып неге тумадым?

Жинақтау

Дескриптор:

- Қожаның бейнесін анықтайды;

-Берілген үзінділерді суретке сәйкестендіреді;

-сөздің образдылық қасиетін таниды.

Тақта, сурет,

қима қағаздар.


«Еркін жазу»

Көптеген көркем шығармаларда автор соңғы шешімді оқырманға қалдырады. Түбінде Қожа адам болатын бала ма? Оны қандай пікірлермен дәлелдейсің? Өз қиялыңызды да қосуға болады. Ойыңды 5-6 сөйлеммен келтіріп жаз.

Талдау

Дескриптор:

-Ойын анық, еркін жеткізеді;

-дәлелді пікірлер келтіреді;

-Өз қиялын қосады.

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы


5 мин.


«3Қ» Қызық.Қиын.Қажет








Оқу тапсырмасы: Шығармадан үзінді оқиды, түсінігін айтады






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!