Материалдар / Ашық сабақ "Менің Отаным-Қазақстан" 4 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Менің Отаным-Қазақстан" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал оқытушыларға қосымша материал ретінде ұсынылады. Берілген тақырыпты оқушыларға қандай әдіс-тәсілдер арқылы жеткізуге болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Тамыз 2019
3027
7 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Біздің Отанымыз - Қазақстан.

Зат есім.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін саралай отырып,

ойды жүйелеп айтуға қалыптастыру. Ойлау

қабілеттерін дамыту,ауызша сөйлеу мәдениетін

өрістету,сөздік қорын молайту.

Отанды сүюге, қадірлеуге, патриоттық сезімге

тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, топпен жұмыс, жеке жұмыс,

мақалдар айту,өлең оқу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Көрнекілігі: слайдтар,нақыл сөздер, интерактивті тақта.

Сабақ барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеу және сабаққа даярлықтарын тексеру.

Кезекшімен сөйлесу.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

« Туған тілім» тақырыбы бойынша өлең, әңгіме, ақын- жазушылардың тіл туралы айтылған өлеңдері мен қарасөздері.

1-ші оқушы «Туған тілім» өлеңін жатқа айтады.

2-ші оқушы «Туған тілім» тақырыбына әңгіме айтады.

3-ші оқушы ақын- жазушылардың тіл туралы өлеңдері мен қарасөздері.

  1. Бүгінгі сабақты қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың өлеңімен бастаймын.

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бұл өлең не туралы ?

- Туған жер, Отан туралы .

- Отан деген не?

- Отан деген адамдардың туып-өскен жері.

- Сендер қай жерде,қай мемлекетте туып- өстіңдер?

- Қазақстанда.

Қазақстан қайда орналасқан мемлекет?

Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан.

- Қазақстан қандай мемлекет?

- Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

- Сонда, сендердің Отандарың қай мемлекет?

Біздің Отанымыз – Қазақстан.

  1. Сабағымыздың тақырыбы: "Біздің Отанымыз – Қазақстан"

Зат есім.

Сабақтың мақсаты жеке тұлғаны қалыптастыру.

Біздің міндетіміз: Өткен сабақтарда оқыған тақырыптар бойынша алған білімдерімізді пысықтап, одан ары дамыту

Әр азамат өзінің туған жерін, елінің тарихын, мәдениетін біліп өсуі керек.

Ал, енді, Қазақстан туралы сендер қандай өлеңдер білесіңдер?

Оқушылар өлең оқиды.

Ал, енді, Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Мақал-мәтелдер айту.

V.Енді, алдымен жаңа сөздермен танысайық.

жарияланды- объявлен

дербес- самостоятельная

дамыған - развитая

қуатты – сильный, мощный

еркін – свободный

елшілік – посольство

таңғажайып - удивительно

Сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру,тақтаға жазу.

Енді осы шетсіз-шексіз даласы бар, таңғажайып қазақ жері туралы мәтін тыңдаңыздар.

Біздің Отанымыз - Қазақстан.

Қазақстан- көп ұлтты, дербес,тәуелсіз мемлекет. Біздің еліміз бай, әрі қуатты ел. Халқының саны 17 млн. Қазақ елінде тұратын адамдардың

Отаны – Қазақстан мемлекеті.

1991 жылы 1-желтоқсанда Президент сайлауы болды. Тұңғыш президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 1991 жылы

16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.

1992 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бекітілді.

1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тіл. Мұнда барлық халық еркін өмір сүреді.

Қазақстан – құқықтық мемлекет.Қазақстанда 30 мемлекеттің елшілігі бар. Қазақстанның негізгі халқы – қазақ халқы.1993 жылы қараша айында ұлттық ақша – теңге айналымға түсті.

Қазақстанның бас қаласы және астанасы – Астана қаласы.

Астана Сарыарқа даласында, Есілдің жағасында орналасқан. Қазір Астана - өте әдемі қала.Оңтүстік астана – Алматы қаласы да таңғажайып әсем қала.

Қазақ жері – пайдалы кендерге өте бай. Қазақстан табиғаты өте әдемі, біз өз Отанымыздың табиғатын сүйеміз.

VI. Мәтін бойынша сұрақтар қою.

  1. Қазақстанның президенті кім?

  2. Қазақстан қандай мемлекет?

  3. ҚР мемлекеттік тілі қандай тіл?

  4. Қай жылы ҚР-ң мемлекеттік рәміздері бекітілді?

  5. Қай жылы Қазақстан тәуелсіз ел болып жарияланды?

  6. ҚР-ң Конституциясы қашан қабылданды?

  7. Теңге қашан айналымға түсті?

  8. Астанамыз қай қала?

  9. Халқының саны қанша?

  10. Биыл тәуелсіздігімізге неше жыл толады?

Мәтін бойынша топпен жұмыс.

1-топ Қазақстан мемлекеті

2- топ Қазақстан рәміздері

3 -топ Астана, Алматы қалалары туралы.

VII. Ендігі кезекте ережеге байланысты тоқталып өту.

Мәтіннің ішінен зат есімдерді тауып айту.

VIII. Тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы. 6 түрлі кәртішкеден 6 деңгейге байланысты тапсырмалар қойылады. Кубтың 6 жағына алты түрлі сөздер жазылған. Кубты лақтырғанда қай жағы түссе,соған сәйкес кәртішкені алып жауап береді. Білу, түсіну, қолдану, талдау, жіктеу, бағалау.

1. Білу: Зат есімнің ережесін айт.Зат есімнің септік жалғауларын ата.

2. Түсіну: « Ел» сөзін септе.

3. Қолдану: Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастыру.

Дербес, дамыған, таңғажайып, елшілік.

4. Талдау: Бірнеше сөздерді сөз құрамына қарай талдау

5. Жіктеу: « Біздің Отанымыз- Қазақстан» шағын әңгіме құрап айту.

6. Бағалау: «Біздің Отанымыз- Қазақстан» тақырыбы бойынша өзара сөйлесу.

IX. Жаңа сабақты қорыту.

Кластер бойынша толықтыру.


Мемлекеттік тіл көп ұлтты, дербес мемлекет

1991жылы 16желтоқсанда

жарияланды

П айдалы Ұлттық валюта

қ азбалар

ҚР астанасы

мемлекеттік рәміздері ҚР президенті

130 жуық ұлт Назарбаев

өкілі тұрады

X. Үйге тапсырма беру.

Сөздікті жаттау. «Біздің Отанымыз – Қазақстан» тақырыбына шағын

шығарма жазу.

Бағалау

















































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!