Материалдар / Ашық сабақ "Менің отбасым"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Менің отбасым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ортаңғы топқа арналған "Менің отбасым" такырыбына арналған ашық сабақ үлгісі. Катынас және шығармашылық салалары бойынша кіріктірілген ҰОӘ ның конспектісі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2022
247
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ортангы тобынын ұйымдастырылған оку іс әрекетінің конспектісі.

Тобы: Айналайын

Өткізу күні:28.11.2022

Тәрбиеші:Базарбаева А Б

Білім салалары: Қатынас, Таным, әлеуметтік, Шығармашылық

Бөлімдері: Тіл дамыту, математика, құрастыру

Тақырыбы: «Менің отбасым»

Мақсаты:Білімділік: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту, қонақжайлыққа үйрету, әдептілік ережелеріне баулу.

Дамытушылық: Бейнелі ойлауын дамыту. Отбасындағы өзара сыйластық қарым қатынасын дамыту.

Тәрбиелік: Жанұя мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Отбасылық суреттер, «Әдептілік – әдемілік» кітабы, өлеңжұмбақ, ойындар.

Билингвальдық құрауыш: семья -отбасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Шаттық шеңбері

Армысың Алтын күн,

Армысың, Жер ана.

Армысын, достарым конактар

Сендерді коріп қуанам

- Балалар бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Бәріміз бір – біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын сезінейік. Қандай тамаша?!.Қайырлы күн, менің сүйікті балаларым! Бүгін біз үшін өте ерекше, әрі әсерлі сабақ.

- Балалар мына суретке назар салыңыздаршы! Мына суреттерді бір сөзбен айтқанда қалай деп атай аласыңдар: ( отбасының суреті экраннан көрсетіледі) Сурет бойынша әңгімелеу.

Тук-тук почтальон

Балалар, мен бүгін балабақшаға келсем есіктін алдында мына хат жатыр екен. Сендер ішінде не жазылғанын білгілерің келе ме?

Педагог хатты ашқанда (атаның дауысы (аудио) шығады):

«Сәлеметсіңдер ме, менің балаларым! Мен сендердің аталарың ұзақ жолдан келе жатырмын. Мен шаршап келе жатырмын, егер менің жұмбақтарымды шешсеңдер, тез арада сендерге барамын!

- Балалар, ата бізге тезірек келу үшін жұмбақтарды шешейік. Сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма?

1. Айтары мол ғұлама,

Көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған. Ол кім?

2. Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Бұл кім? Ал сендердің әжелерің не істей алады? (балалардың жауаптары, тәрбиеші толық жауап беруін талап етеді )

3. Сендердің кірлеріңді жуып, дәмді тағамдар, тәтті нандар пісіреді, сендерге жылы қабақ танытады.

-Бұл кім? -Сендер өздеріңнің аналарыңды қандай мейірімді сөзбен атайсыңдар? (Анашым, анатайым).

-Аналарың сендерді қалай еркелетеді? (балалардың жауаптары)

4. Сендерді арқасына салып ойнататын, көтеріп жүретін адам кім? Ал сендердің әкелерің қандай? (күшті, батыл, мықты,...)

Осы кезде топқа Ата кіреді.

Ата: Сәлеметсіңдер ме, балаларым!

Ата: Құлындарым, аталарың сендерге құр қол келмеді. Мен сендерге тапсырмамды ала келдім. Кім жақсы жауап берсе ол балаға сыйлығым бар

Ата: Ал, балалар сендер ата туралы тақпақ білесіңдер ме?

Балалар тақпақ айтып береді. 1 бала Айым

Тәрбиеші:Балалар, естеріңде ме біз отбасылық ағашын жасаған едік кой. Біздің сол ағашымыздың жапырақтары түсіп , көңіл күйі болмай тұр. Ойткені олар жақсылап өсу үшін оларға не керек:Ал отбасыға да махаббат ,жылу сүйіспеншілік керек

Қане бәріміз бірге ағашымызға жап жасыл жапырақтарын іліп, оның көңіл күйін көтерейікші.

Отбасылық ағашы

Менің әкемнің әкесі (ата)

Менің әкемнің анасы (әже)

Менің атам мен әжемнің баласы (әке)

Менің әжем мен атамның қызы (анам)

Анам мен әкемнің ерке баласы ол (мен) (Балалар ағашқа аты аталған адамдардың суреттерін апарып іледі)

Бәрекелді балалар,тапсырманы шештіңдер. Сендер ақылды, білімді балалар болып өсіп келе жатсыңдар. Өте жақсы. Шаршаған шығарсыңдар. Ойын ойнап бір сергіп алайық.

«Қай зат кімдікі?» – дидактикалық ойын Үстел үстінде очки орамал,сағат, помадат\б заттар жатады

Физминутка ата бирге

«Отбасы шежіресі» туралы әнгіме құрау. Алдарында әкесінің, атасының, анасының т.б. фоталары жатады. Бүгін мен сабаққа әрқайсың өз отбасыңның фотосуретін әкелуді сұраған едім.

- Ал қазір сендер өздерің өз отбасыларың туралы әңгіме құрастырыңдар (2-3 баланың жауабы, одан соң балалар бір біріне өз отбасы туралы әңгімелейді). Балалар, кім бізге өзінің отбасы туралы айтқысы келеді?

1 - бала. Менің отбасымда 4 адам бар бұл әжем, атам, шешем, әкем. Менің әжем – зейнеткер. Шешем - әкем жұмыс істейді. Анам - мектепте мұғалім. Әкем – жүргізуші. Менің ағам оқушы. Ал мен балабақшаға барамын.

2 - бала. Менің отбасымда әжем, әкем, шешем бар. Мен әкемнің анамның жалғыз қызымын. Кішкентай інім немесе сіңлім болса ғой деп ойлаймын. Мынау менің мейірімді әжем. Ал мынау тәтем, ол ауылда тұрады.

3 - бала. Мынау менің отбасым. Әкем, анам және мен. Менің екі әжем бар: (екі әжесінің атын айтады), олар мені жақсы көреді. Мынау екі атам. Олар мені еркелетеді.. Біз тату тұрамыз.

Сендер аналарына комектесесіндер ме?

Ойын: «Неге теңеймін». Балаларға күннің, айдың, бұлттың, алманың, гүлдің суреттері таратылып беріледі. Оқушыларға «анаңды кімге теңейсің» деп сұрағанда қолдарындағы суреттің біреуін көтереді. Сол сияқты атасын, әкесін, ағасын т. б. айтылады.

Деньеш таблицасы

Корытынды:- Жарайсыңдар балалар, өздерің ақылды, зерек екенсіңдер. Енді менің қайтатын уақытым болып қалды, немерелерім тосып отыр. Ата бата береді.

Өнерлілерің көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын,

Бастарыңа бақ қонсын.

Жақсылыққа толыңдар,

Тек биікке қоныңдар.

Аумин!

- Ата, батаңызға рахмет! Айтқаныңыз келсін!

Ата: Ал, қарақтарым, менің қайтатын уақытым келді. Сау болыңдар (сыйлықты береды

Шаныракты уыққа іледі)


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!