Материалдар / Ашық сабақ "Менің отбасым" мектепалды даярлық
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Менің отбасым" мектепалды даярлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік мақсаты: Балаларға отбасы мүшелері жөнінде түсінік беру. Отбасы, үй іші туралы білімдерін кеңейту. Дамутышылық-мақсаты:Баланың тілін көркем сөз арқылы дамыту. Өлеңдерді мәнерлі түрде айту қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік мақсаты:Отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеп жүруге тәрбиелеу. Ата – анасы мен туыстарына деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу. Жанұялық сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.Әдіс - тәсілдер:көрсету, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2022
447
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепалды даярлық тобы

Сабақтың тақырыбы:Менің отбасым

Білімділік мақсаты: Балаларға отбасы мүшелері жөнінде түсінік беру. Отбасы, үй іші туралы білімдерін кеңейту.

Дамутышылық-мақсаты:Баланың тілін көркем сөз арқылы дамыту. Өлеңдерді мәнерлі түрде айту қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:Отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеп жүруге тәрбиелеу. Ата – анасы мен туыстарына деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу. Жанұялық сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.Әдіс - тәсілдер:көрсету, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын.Құрал-жабдықтар:тақырыпқа сай суреттер.

ІС -ӘРЕКЕТ КЕЗЕНДЕРІ:

ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ:

1.Ұйымдастыру кезеңі:



- Балалар, күн шуағын шашқанда, біздің көңіл күйіміз қандай болады? (Қуанамыз)
- Біздің түрімізден қалай бақылауға болады?
- Біз жымиямыз, иә? Қане, бір-бірімізге жымиялық.
- Ал егерде бұлттар пайда болып жатса? (Таң қаламыз)
- Бір мезетте найзағай жарқылдады қорқып кеттік
- Енді жаңбыр жауып кетті, біз не істейміз? Көңіліміз түсіп кетті. Барлығын мимикамен көрсетеміз.

2. Негізгі бөлім:












Ал енді біздің көңіліміз көтеріңкі болу үшін біз күнді құрастырамыз.
Күннің пішіні қандай?( Дөңгелек)

дефектолог мұғалім:
Біз тілімізге жаттығулар жасаймыз. Суреттерге қарайды Айнамен жұмыс.
- Мынау не? Шарлар
- Ал мынау?
- Сары маса
- Ол қалай ызыңдайды
- Ал енді тістерімізді тазартайық
- Сағаттар да соғып тұр. Тик, так.
Сендер шаршаған шығарсыңдар? Қане барып ыстық шай ішейік. Дем алу жаттығуы «Шайхана»


Балалар мен сендерге Т. Әлімқұлов ағамыздың «Бес саусақ» тақпағын оқып берейін, ал сендер мұқият тыңдап отырыңдар. (саусақтарды көрсетіп айтады). Осы тақпақты айта отырып, мына қолдың саусақтарына отбасы мүшелерінің суретін қоямыз.

Бас бармағым – Атам

Үйдің данасы

Балаң үйрек – Әжем

Ошақ анасы

Ортан терек – Әкем

Отау тынысы

Шылдыр шүмек – Анам

Шаңырақ ажары

Титтей бөбек – мен

Бәрінің базары.

  • Мінеки, балалар біздің бес саусағымызды отбасы мүшелерінің аттарын қойып атауға болады екен.




Онда әкем - анам тұрады
Ата - әже бауырым
Бәрі бірге қосылып
Бір ұғымды құрады
(отбасы)

Отбасы

Атамнан басталар

Әжеммен қосталар

Отбасым мыналар

Ең жақын адамдар

Әкем мен анам бар,

Бір туған апам бар,

Бір туған ағам бар,

Бәрін жақсы көремін

Еркелеймін, еремін.


3.Сергіту сәті:






Қане «Ү –п!» деп айтайық,

Демді ішке тартайық

Енді «У – Һ!» деп айтайық!

Демді шығар қайтарып


Босаңсытып денеңді,

Бей – жәй күйге ен енді

Басты көтер тік ұста

Емін еркін тыныста


Қане «Ү –п!» деп айтайық,

Демді ішке тартайық

Енді «У – Һ!» деп айтайық!

Демді шығар қайтарып


4. Коррекциялық

тапсырмалар:

а) «Сағат» дененіжан-жаққаию.

Иілгенкезде «ту-у-у-у-ух»дыбыстаптереңтынысшығару

б ) «Доптарұшады» кеудесіненалдынақарайлақтыру

Демшығарған  кездеұзақ  «ух-х-х-х» деп, айту.

б)  «Поезд» бірдемдеайту «Ту-ту-ту-ту»

в)Демалып С-с-с   Ш-ш-ш  Ф-ф-ф

г)Машинаның  дөңгелегіжарылды ш-ш-ш

д) «Ұлпақарды  үрлеу»

Мақтаныүрлеуарқылыдемшығару.

5. Моторика:




«Достық» жаттығуы

Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос ( қолдың саусақтары өзара бірігеді)

Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз ( екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)

Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)

Қайтадан санауды бастаймыз.

Бір, екі, үш, төрт, бес

Енді санауды аяқтадық ( қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).

6.Қорытынды:




  • Балалар, отбасында кімдер тұрады?

  • Т. Әлімқұлов ағамыздың «Бес саусақ» тақпағында отбасы мүшелерінде кімдерді атадық?





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!