Материалдар / Ашық сабақ «Мерекелік от шашу»

Ашық сабақ «Мерекелік от шашу»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға балалаларға оқу қызметін жүргізу барысында өте пайдалы.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Күні: 11.05.2018 ж

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Сурет

Тақырыбы: «Мерекелік от шашу»

Мақсаты: Негізгі түстерді ала отырып, қыл қаламмен қағаз бетіне сүйкеу әдісі арқылы сурет салуды бекіту. Балалардың тәжірбие арқылы түстерін танып білуге үйрету. Отшашудың пайдалы, зиянды тұстарын түсіндіру.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрсету түсіндіру.

Қажетті құралдар: шыны ыдыстағы су, күнбағыс майы, түрлі-түсті гуаш, картон қағазы, лупа, құтыдағы түрлі-түсті бояу, кленка, парақ, графапроектор, қыл қалам.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды шеңберге тұрғызып келген қонақтармен үш тілде амандасу.

- Балалар көңіл күйіміз қалай?

- Керемет

- Қанекей көрсетейікші?

Балалар от шашумен көрсетеді.

- Жарайсыңдар балалар!

- Жарайсыңдар балалар сендер өте дұрыс жауап бердіңдер.

Бүгінгі оқу қызметіміз сурет салудан «Мерекелік отшашу» туралы өтеміз.

-Балалар сендер отшашу деген не екенін білесіңдер ме?

-Балалар отшашуды қай кезде көреміз?

Балалар:

-9 мамыр, 1 мамыр мерекелерде.

-Жаңа жыл кештерде.

-Туған күн кештерде.

Тәрбиеші:

-Жарайсыңдар балалар, дұрыс айтасыңдар, отшашуды жаңа жылдық кештерде, туған күн кештерінде көреміз, тамашалаймыз.

-Отшашу бізге қандай көңілкүй сыйлайды?

-Қуанышты, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

-Отшашу қандай болады?

-Отшашу үлкен, әдемі.

-Отшашу жаққанда қандай түстерді көреміз ?

-Қызыл ,сары,жасыл,көк.

- Балалар, бейне жазбадағы отшашу жайлы көріп тамашалайық. (Видео ролик)

-Керемет балалар, дұрыс айтасыңдар, отшашу жаққанда әр түрлі түстерге боялады. Балалар отшашу мерекенің нағыз сыйы. Мерекелерде адамдар шаттанып, жылы, көтеріңкі көңіл күймен қарсы алады, отшашу жағады. Балалар отшашу Қытайда пайда болған екен. Салют (нем. Feuerwerk - от шашу) — мерекелерде, салтанатты жиындарда құттықтау, құрмет көрсету, құрметпен қарсы алу кезінде жасалатын от шашу. Салют маңызды оқиғаларды, мерекелерді атап өткенде, шерулер өткізгенде беріледі.


-Балалар, отшашуды үлкендердің көмегінсіз жаға аламыз ба?

-Жоқ жаға алмаймыз.

-Не себепті жақпаймыз.

-Себебі қолымыз күйіп қалуы мүмкін.

-Дұрыс айтасыңдар балалар, жарайсыңдар! Отшашуды жаққанда үлкендер болу керек. Отшашуды балалар ұстауға болмайды. Балалар, біз күні кеше қандай мерекені атап өттік?

  • Балалар 9 мамыр Жеңіс күнін тойладық.

Ұлы Отан соғысы Қазақстан тарихында өте күрделі кезеңдердің бірі. Ата - бабаларымыз майданға жан аямай арпалысты. Олар біз үшін, біздің болашағымыз үшін, туған жеріміз үшін, туған тіліміз үшін жауға қарсылық білдіріп, үлкен ерліктер көрсетті. Біз енді осы ата – бабаларымыздың үмітін ақтауымыз керек. Себебі, болашақ біздің қолымызда. Біздің аталарымыз, апаларымыз жеңіске жетті. Сол бір жеңіс күнін тойлаған әрбір жылдарда біз міндетті түрде отшашумен қуанышымызды көрсетеміз.

(Экраннан слайд көрсетіліп тұрады)

- Балалар, енді отшашуды өзіміз жасап көрейік. Отшашуды қалай жасау керектігін сендерге көрсетемін. Ол үшін 3 дамытушы орталыққа бөлінеміз.

1. Ақпарақтың бетіне ортасына қылқаламмен сүйкеу әдісі арқылы түрлі түсті бояуды пайдалана отырып отшашудың суретін саламыз.


2. дәстүрден тыс әдісті қолдана отырып, картоннан жасалған дөңгелек пішінді түрлі түсті бояуға батырып, беттестіру арқылы отшашудың бейнесін жасаймыз.


3. мынадай құралдағы жылы суға күнбағыс майын құямыз. Оның үстіне түрлі түсті бояуды тамызып,тәжірибе арқылы отшашу жасаймыз және оны ұлғайтқыш құрал көмегімен көреміз.

Мінекей қараңдаршы балалар, отшашу пайда болып жатыр. Ұлғайтқыш арқылы анық қызыл , жасыл, көк, сары бірнеше түстер отшашудың көрінісін көріп тұрмыз.


Балалардың жұмысы.

-Жарайсыңдар балалар! Барлығымыз отшашудың дәстүрден тыс әдіс арқылы суретін салдық, тәжірбие жасадыңдар, сендер өте жақсы жасадыңдар. Маған қатты ұнады. Енді барлығымыз бірге, осы отшашуды өз қолымызбен жасайтын боламыз. Ол үшін бізге шар, түбі кесілген стакан, скотч, түрлі түсті қағаз қиындылары керек болады.

Балалар қызыға жасайды.

- Балалар сендер осындай отшашу жасап үйреніп алған соң, үйдегі қарындастарыңның, сіңілдеріңнің туған күн кештерінде жасап бересіңдер ме?

-Иә жасап береміз.

-Жарайсыңдар балалар, керемет!

Қортынды:

- Айзере сен қандай жұмыс жасадың?

- Балалар отшашудың пайдалы жағы қандай айтып беріңдерші?

-Мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

- Отшашудың зиянды жақтары қандай?

-Адам өміріне қауіпті. Балалар ұстауға болмайды.

-Балалар от шашуды қалай жасадық?

-отшашу тәжірбие арқылы жасадық.

-Отшашу сендерге ұнады ма?

-иә ұнады.

- балалар сендер жұмысты жақсы орындадыңдар, керемет. Маған ұнады. Мен сендерге мерекелік көңіл – күй сыйлағым келіп тұр. Осымен ашық ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды. Балалар келген қонақтармен қоштасайық.

-Сау болыңыздар!

Балалар үштілде қоштасады.


Күтілетін нәтежие:

Қайталай алады: Негізгі түстерді ала отырып, қыл қаламмен қағаз бетіне сүйкеу әдісі арқылы сурет салуды;

Түсінеді: отшашудың зиянды, пайдалы тұстарын ;

Қолдана алады: Балалардың тәжірбие арқылы түстерін танып қолдана алады;






















































- 1.Ендеше сол отшашуды қағаз бетіне қыл қаламмен сүйкеу әдісі бойынша суретін негізгі түстерді пайдалана отырып салып көрейік.

2. картон қағазды түрлі түсті бояуға бытырып, қағаз бетіне отшашу салу.

- Жарайсыңдар балалар! Барлығымыз отшашудың суретін салдық, сендер өте жақсы салдыңдар. Маған қатты ұнады. Енді барлығымыз бірге, осы отшашуды өз қолымызбен жасайтын боламыз. Ол үшін бізге шар, түбі кесілген стакан, скоч, түрлі түсті қағаз қиындылары керек болады.

Балалар қызыға жасайды.

  • Керемет балалар, сендер отшашуды да жақсы жасайды екенсіңдер! Балалар енді отшашуды тәжірбие арқылы жасап көрейік. Балаларды тәжірбие алаңына шақырамын.

  • Ол үшін бізге мынадай шыны ыдыстағы су, түрлі - түсті бояу, пипетка керек болады. Мына шыны ыдыстағы суға түрлі –түсті бояуды қысып алып, тамызамыз. Мінекей қараңдаршы балалар, отшашу пайда болып жатыр. Қызыл, жасыл, көк, сары бірнеше түстер отшашудың көрінісін көріп тұрмыз.

Балалар қызыға орындайды.

-Балалар, біз күні кеше қандай мерекені атап өттік?

  • 9 мамыр Жеңіс күнін.

  • Дұрыс айтасыңдар балалар, Ұлы Отан соғысы Қазақстан тарихында өте күрделі кезеңдердің бірі. Ата - бабаларымыз майданға жан аямай арпалысты. Олар біз үшін, біздің болашағымыз үшін, туған жеріміз үшін, туған тіліміз үшін жауға қарсылық білдіріп, үлкен ерліктер көрсетті. Біз енді осы ата – бабаларымыздың үмітін ақтауымыз керек. Себебі, болашақ біздің қолымызда. Біздің аталарымыз, апаларымыз жеңіске жетті. Сол бір жеңіс күнін тойлаған әрбір жылдарда біз міндетті түрде отшашумен қуанышымызды көрсетеміз. Енді барлықтарыңызды отшашу тамашалауға шақырамын.

(Музыка ойнап тұрады)


Күтілетін нәтежие:

Қайталай алады: Негізгі түстерді ала отырып сурет салуды;

Түсінеді: тәрбиешінің нұсқауын;

Қолдана алады: қыл қаламмен қағаз бетіне сүйкеу әдісі арқылы сурет салуды



Балалар мен сендерден мерекелік отшашудағыдай керемет көңіл-күй көріп тұрмын.

- Балалар отшашудың пайдалы жағы қандай айтып беріңдерші?

-Мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

- Отшашудың зиянды жақтары қандай?

-Адам өміріне қауіпті. Балалар ұстауға

-Олай болса балалар,


- Балалар отшашудың пайдалы жағы қандай айтып беріңдерші?

-Мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

- Отшашудың зиянды жақтары қандай?

-Адам өміріне қауіпті. Балалар ұстауға

-Олай болса балалар,






























































технологиялық карта

Күні:

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Сурет

Тақырыбы: «Мерекелік от шашу»

Сюжетті сурет салу

Мақсаты: Қоғамдық оқиғалардың (отшату жарығы) айқын бейнелерін құру үшін түстерді үйлестіріп қолдануға үйрету

Міндеті: а)ойлау қабілеттерін дамыту.

б)үлкендерді сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрсету түсіндіру.

Көрнекіліктер:үлгі суреттер,қылқалам,ақ қағаз,бояулар,су,сүлгі

Сөздік жұмыс:отшашу.

Билингвальдық компанент:

ОқуІс-ірекетінің

кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті.

Баланың іс-әрекеті.

жағымды

жағымсыз

1.Мотивациялық қозғаушылық







2.Ұйымдастыру-шылық ізденістік











































3.Рефлексиялық-түсунішілік

Шаттық шеңбер.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз

Қайырлы таң ,балалар.



1.Сиқырлы дорбаша.

(дорбаша ішінде сурет).

Мына суретке қараңдаршы бұл суретте не салынған?

2.Әңгімелесу.

-Отшашуды біз қай кезде қолданамыз.

-Ал бізге қандай мереке жақындап келе жатыр?-

-Отшашу қандай болады екен?

-Отшашу болғанда аспан қандай түстерге боялады екен?

3.Сөздік жұмыс: отшашу,жаңа жыл.

Билингвальдық кмпанент:



4.Сергіту сәті.

-Ал ендешеосы Жаңа жыл мерекесіне байланысты отшашудың суретін саламыз.

5.Сурет салу жолдары:

1.Қалың қылқаламмен парақты сулап аламыз.

2.Бояуға жіңішке қылқалам ұшын тигізіп,ақ парақтын жоғары жағына нүкте түсіріп алып,жан-жағына үзік сызықтар арқылы түрлі-түсті сызықтар түрлі түсті отшашуды саламыз.

Отшашудың іздерін немесе жолдарын салу үшін сүйкей жағу тәсілі арқылы төменнен жоғарыға қарай сызықтар сызамыз.

6.ДО: «Түстерді ата» қоржын ішінен алып шыққан фигурулардың түстерін атау.

М:түстерді ажырата білуге дағдыландыру.

7.Қорытындылау

-Бүгінгі сабақта біз ненің суретін салдық?

-Отшашу қай кезде болады екен?

- Отшашу болғанда аспан қандай түстерге боялады екен?




Шеңбер бойынша тұрып,өлең жолдарын қайталап, қимылдар жасайды.







Балалар толық жауап береді.

-Бұл суретте отшашу салынған.



-Мереке болған кезде.

-Жаңа жыл мерекесі.

-отшашу үлкен,әдемі.

-қызыл,сары,жасыл әр түрлі түстерге боялады .







-Балалар сергіту сәтін орындайды.

-Баяу әнді тыңдай отырып балалар қылқаламмен жұмыс істейді.



















Балалар ойын ойнауға белсене қатысады.

-Бүгін біз отшашу суретін салдық.

-Отшашу мереке кезінде болады.

-қызыл,сары,жасыл әр түрлі түстерге боялады



Күтілетін нәтиже :

Білу керек :түстерді ажырата білуді

Игеру керек: отшашу суретін салуды.

Меңгеру керек: қылқаламның толық ұшымен,жеңіл сүйкей жағу тәсілімен, оңнан солға қарай қылқаламды алмай сызуды бояуды.

























15 «Балбөбек» бөбекжайы











Ұйымдастырылған оқу қызметі





Тақырыбы: «Мерекелік отшашу»

Тәрбиеші: И.Қайрова































2017-2018 оқу жылы

ЖИ арқылы жасау
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі