Материалдар / Ашық сабақ М.Қабанбай "Бауыр" әңгімесі 5-класс
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ М.Қабанбай "Бауыр" әңгімесі 5-класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ М.Қабанбай "Бауыр" әңгімесі 5-класс. Оқушылар жоспарланған тиімді әдіс тәсілдер арқылы сабаққа белсенді қатысады, сабақтың мақсатына қол жеткізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2022
378
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Бөлім:

3-бөлім. Адамгершілік - асыл қасиет

Мектеп

ШҚО, Аягөз ауданы, Баршатас ауылы «Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Педагогтің аты-жөні:

Нургалиева Нурбакыт Рысбаевна

Күні:


Сыныбы: 5

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Марат Қабанбаев «Бауыр» әңгімесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.Т/Ж.2 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

5.Т/Ж.3 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар орындай алады:

Әнгіменің тақырыбы мен идеясын анықтайды.

«Бауыр» әңгімесіндегі кейіпкерлердің портретін жинақтап, іс-әрекетіне талдау жасай отырып, образын ашады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу

Психалогиялық ахуал туғызу мақсатында «Досыма сыйлық» ширату жаттығуы ұйымдастырылады.

Шеңберге тұрып досыңа берер сыйлығыңды іс-қимыл арқылы сыйлаңыз.

Екінші айналымда не сыйлағаныңды досыңызға сөзбен айтыңыз



«Миға шабуыл» әдісі .

Оқушылар сабақ тақырыбын айқындау мақсатында Н.Өнербаевтың «Бауырды сағыну» әнін тыңдайды, Әңгіменің тақырыбымен байланыстыра ойларын айтады.

Қ/ б: «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.


Сабақтың ортасы


31 мин.


«Серпілген сауалдар» әдісі


1. Не себепті шығарма «Бауыр» деп аталған ?

2. Манаптың балалар үйіне келу себебі?

3. Қали не себепті орысша сөйлейді?

4. Ағайындылар не себепті айырылысып қалған еді?

5. Көптен көріспеген ағалы-інілі екеуінің кездесуі сендерге қалай  әсер етті? Кездесулерінің салқындығының сыры неде?

6. Ағалы-інілі екеуінің түбінде түсінісетініне сенесіңдер ме?

7. Қали мен Манап сияқты адамдар біздің қоғамымызда бар ма?

Дескриптор:

5 балл

-Сұрақтарға толық жауап береді

-Әңгіменің тақырыбы мен идеясын анықтайды


Оқулық, жұмыс дәптерлері.



«Шатасқан оқиғалар» әдісі

Шығарманың оқиғасын рет-ретімен көрсетеді. Оқиғаны реттілігін сақтай отырып баяндайды. Шығарманың тақырып бойынша ой тұжырым жасайды.


Дескриптор:

-Оқиғаны сюжеттік желісі бойынша ретімен қояды.

-Оқиғаның реттілігін сақтап баяндайды.

-Тақырыбы бойынша ойтұжырым жасайды

5 балл

Оқулық, жұмыс дәптерлері.



Шығарманың идеясын ашатын немесе шығарма тақырыбына байланысты мақал-мәтел жазады.


Қ/Б

«Бас бармақ»



«Ыстық орындық» әдісі

Кейіпкер бейнесіне еніп, оқушылар қойған сұрақтарға жауап береді.

1.Көптен көріспеген ініңізбен кездесу сәті қалай әсер етті?

2.Ініңізбен кездескеннен кейін қандай көңіл-күйде болдыңыз?

3.Алдағы уақытта туысқандық ара-қатынастарыңыз қалай болады деп ойлайсыз?

Дескриптор:

-Манаптың бейнесін сомдайды

- Тіл шешендігімен сұрақтарға жауап береді

5 балл


Сабақтың соңы


Рефлексия

7 мин.


«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. Т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйемен бағалайды.




Үй тапсырмасы

Бес жолды өлең

«Бауыр»






Сюжеті

Реті

Қалидың уақытты сұрап, жаттығуға аттануы


Манаптың есік сарт жабылғанда есін жиюы. Биік баспалдақтың бос қалуы.


Манаптың Омбыдағы балалар үйіне келіп, інісін іздеуі,директормен әңгіме


Манап пен Қалидың арасындағы салқындық, Қалидың ағасымен тіл табыса алмауы






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!