Материалдар / Ашық сабақ "Онтогенез"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Онтогенез"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдістемелі көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2018
606
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тобы: ШПМ-101 Сабақтың тақырыбы: Онтогенез-организмнің жеке дамуы және тұлғаСабақтың мақсаты:Білімділік: Организмнің дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, оған әсер ететін факторлар туралы түсінік қалыптастыру.Дамытушылық: Оқушылардың онтогенез, адами қасиеттер туралы түсінігін, дүниетанымын кеңейтуТәрбиелік: Өз бетінше тұжырым, қорытынды жасауға, еркін жауап қатуға үйрету, кәсіби бағдар беру, рухтандыру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.Сабақтың типі: Аралас сабақСабақтың түрі: Дәстүрлі емесСабақтың әдісі: Өз бетінше ізденетіндей ой тудыра отырып,баяндауПәнаралық байланыс: Биология, әдебиет, философияСабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, суреттер, бейне фильм,слайд материалдарыНегізгі ұғымдар мен терминдер:Онтогенез, геронтология, акселерация т.б.Топқа бөлу: білім алушылар 3 топқа бөлінеді (онтогенез, бластула, гаструла)І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық « Алақанға –алақан» бір-біріне тілек айтадыІІ.ИТЕРМЕЛЕУ САТЫСЫ: «КУБИЗМ СТРАТЕГИЯСЫ» 6 қырлы кубикке үй тапсырмасы ретінде сұралатын тақырыптар жазылады. Кубиктің қай қыры түссе сол тақырыпта мәлімет беріледі.1.Гигиена; 2. Антропология; 3.Валеология; 4.Жыныс жасушасы; 5.организм6.ҰлпаІІІ.КОНСТРУКЦИЯЛАУ САТЫСЫ: Ситуациялық сұрақ: «Мен кіммін (мүмкін болатын жауаптар тіршілік иесі, адам, перзент, маман, өз отанын сүйетін патриот т.б.)Сабағымыздың негізгі ұраны:Жатырда қанды емізген,Ауызсыз қорек жегізген.Туғызып, түзеп, өсіріп,Өзімді өзім дегізген. (Шәкәрім)Осы өлең жолдары арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.(Білім алушыларды 1,2,3,4,5,6 сандары бойынша бөліп, жаңа тақырып жазылған парақшалар таратамын және 5 минут оқуға беремін) Мұғалім түсіндіруі: Видео көрсету, түсінік беру

Кезеңдері Жасы Сипаттау
1Шарана1-10 күн арасыУызына жарыған, ұлылыққа ұмтылар
2Емізулі нәресте11 күннен — 1 жасБесік жырын естімегеннен адамгершілік күтпе
3Алғашқы балалық (сәби)1 — 3 жасБала тілі — бал
4Жеткіншек4 — 7 жас Жетіге келгенше жерден таяқ жер
5Ұлан8 — 11 жас қыз8 — 12 жас ұлҚолқанат
6Жасөспірім12-15 жас қыз13-16 жас ұл Он үште отау иесі
7Жастық16-20 жас қыз17-21 жас ұл Жастық шақ алдаспанның жүзі емес пе, Қайрап ап қалың жауға сермегендей
8Кемелденген21-55 жас әйелдер22-60 жас ерлерОрда бұзар отыз, Қамал алар қырық, Ердің жасы елу, Пайғамбар жасы
9Мосқал тартқан56-74 жас әйелдер61-74 жас ерлер Қартың болса үйіңде жазулы тұрған хатпен тең
10Қарттық(кәрілік)75-90жас(әйелдер және ерлерҚартайғанда бір бала
11Ұзақ жасаушылар90 жастан жоғары қарайҰзақ жасаушыларды зерттейтін ғылым - геронтология ( грекше «gerentos» кәрі)
Міне, балалар! Осындай сендерді мәпелеп өмірге әкелген ата-аналарыңа құрмет көрсетіп,қадірлеп, сыйлау керектігіне көз жеткіздіңдер деп ойлаймын және болашақ ұрпақ әкелуші ана ретінде сіздер салауатты өмір салтын сақтап, гигиена сақтап, денсаулықты баптап,жаман әдеттен аулақ болу керектігін тағы бір мәрте білдіңіздер. Енді мына сұраққа жауап беріңіздерші: Ең қастерлі де қасиетті мамандық, ол-АДАМ болу. Иә, енді әрі қарай адамның өсу кезеңдеріне тоқталайық. (Студенттермен бірге талқылау)«ӘДЕБИ-ҮЙІРМЕ» СТРАТЕГИЯСЫ1. Баяндап беруші- мәтін бойынша түсіндіру жұмысы;2.Зерттеуші- жаңа сөзбен жұмыс ( мүмкін болатын сөздер: онтогенез, бластула, гаструла т.б.) латынша тілінде жазу 3. Сұрақтар құрастырушы- әр топтан бір сұрақтан қойылады (әр топ бір сұрақтан құраса жетеді)4.Сілтемелер табушы- мақал –мәтел айтып тәрбиелік мәні мен биологиялық тұрғыдан түсіндіреді, мүмкін болатын мақал-мәтелдер: 1.Уызына жарыған, ұлылыққа ұмтылар Азамат боп өседі, Ізгілікке құнты бар.2. Ана сүті – бал3.Бала тілі- бал4.Балалықтың қанына- ойын азық5.Әдепті бала- арлы бала,Әдепсіз бала-сорлы бала.6.Он үште отау иесі т.б.5.Дәнекер- сабақты өмірмен байланыстырады ( студент шама-шарқынша өздері мысалдар келтіруі мүмкін) 6.Бейнелеуші, суретші- рөлдік ойын көрсетеді «Ғасырдан да ұзақ ғұмыр»(6 топ мүшелеріне өзім дайындап әкелген материал беріледі, сол бойынша рөлдік ойын көрсетілуі керек, көрініс уақытында слайд көрсетілінеді, талқыланылады, өлең жолдарымен қорытындылайды, ұрықтық кезеңге саяхат жасайды)1. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы тез екіге бөлінеді, 10 сағаттан кейін тағыда митоз, болашақ адам енді 4 жасушадан тұрады. 1 жұмадан кейін жасушаның саны 100 - ге жетеді, салмағы 1 грамдай ғана ұрық жатырға бекініп, дами бастайды.2. 1 аптадан кейін мен жайлы шырышты қалық қабатқа орналастым. 1 - ші аптада менде қағанақ пен кіндік пайда болды, 18 күнде жүрегім соға бастады. айдын соңында өкпе, бауыр, бүйрек, ми, көз бен құлақ пайда болды. Ұзындығым 5мм.3. Дамудың 2 - ші айы. Жүйке жүйем дамуда. Миым үлкен адамның миындай қыртысты. Инфекциядан қорғайтын тимус безі жұмысқа кірісті. Аяқ - қолым өсіп келеді. Саусақтарым қалыптаса бастады. Бойым 2 - 3 см. Барлық мүшелерім қалыптасып болды.4. Дамудың 3 - ші айы. Бойым 5 - 6 см. Мені енді ұрық демей, бала деп атайды. Анамның қуанышын, ренішін сезе аламын.5. Дамудың 4 - ші айы. Бойым 10 - 16 см. Салмағым 40 - 50 гр. Басыма алғашқы шаш шықты. Ана құрсағында еркін жүзіп жүремін. Анам аяғымның қозғалысын анық сезеді.6. Дамудың 5 - ші айы. Сыртқы дүниенің қатты дыбыстарын сезе бастадым. Анамның маған арнаған жылы сөздерінен масайрап қаламын, шарап немесе арақ ішсе бет ауызымды тыржитып, жаратпағанымды білдіріп, аяғыммен тебе бастаймын.7. Дамудың 6 - шы айы. Бұл айды қозғалу айы деп атайды. 30 минутта 20 - 60 рет қозғаламын. Ана құрсағы маған тарлық ете бастады. Жарық дүниеге шығуға дайындалып, басымды төмен бұрдым.8. Дамудың 7 - ші айы. Көзімді аштым, құрсақтың іші қараңғы болса да қабағымды қақпастан айналама қараймын. Түрлі себептермен жарық дүниеге шығу керек болса, дәрігерлердің көмегімен өмір сүруге қабілеттімін.9. Дамудың 8 - ші айы. Мен кішкентай адаммын. Жүрегім минутына 120 - 140 рет соғады. Бойым 40 см. Салмағым 1700 гр. Анамның көбірек дем алып, жиі тамақтанғанын қалаймын. күн санап жүрмін.10. Дамудың 9 - шы айы. Анамның “тар” құрсағын кеңітіп, омырауын иітіп, мен өмірге келдім.(әсем музыка ырғағымен оқылады)Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,Алынбаған ақым бар сенде менің.Бұйрат құмдар - бұйығып шөлдегенім,Бура бұлттар - бусанып терлегенім.Байтақ ел, балауса тау, бозаң далам,Секілді бәрі менен көз алмаған»Кең дүние, кенде етсең сыбағамнан,Шырылдаған сәбидей мазаңды алам.

Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен,Кейбіреуге қарыздар емеспін мен.Пейілімді теңізбен таластырып,Тереземді аспанмен теңестірем.

Мен адамнан жаралдым,Ниетім жоқ айнуға.Баласымын Адамның,Ұқсағым жоқ маймылға.Кісі емеспін АДАММЫН (М. Макатаев)

ІҮ. НҰСҚАЛАУ САТЫСЫ «ГАЛЕРЕЯДА ОЙ –ШАРЛАУ» СТРАТЕГИЯСЫ ( кез-келген жаңа тақырыптан кейінгі қорытынды іс-әрекеттің бір түрі, білім алушылардың өткен барлық жұмыспен қорытынды танысу мүмкіндігі беріледі,сонымен қатар бұл білім алушылардың өзара сыйластығы мен назары) Тригерлі суреттермен жұмыс жасау. Тригерлі сурет дегеніміз- ат қою, мақсатын ашу, мағынасын айту т.б. біздің жағдайда алған білімдерімен сурет арқылы бөлісіп бір-бірін толықтырады























Рефлексия:









Ү. Үйге тапсырма « Ой түйін»● Бұл өмірде менің орным қандай?● Өз орнымды адаспай табу үшін не істеуім қажет?● Менің борышым...ҮІ. Бағалау: Әр топ бір-бірін бағалайды.Сабақтың соңы. «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, Үшеуінен болады бақытты өмір» ұранымен сабақты аяқтаймын. Сау болыңыздар!
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!