Материалдар / Ашық сабақ: Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ: Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ мақсаты: Барлығы: ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеуді үйренеді; Көпшілігі: ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептей алады; Кейбірі: ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2022
1858
19 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебі

Қысқа мерзімді жоспар


Бөлімі:

Ықтималдық

Педагогтің аты-жөні:

Айнабаева Ж

Күні:


Сыныбы:

1 рота 4 взвод (1 топ)

Сабақтың тақырыбы:

Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

10.3.2.1 - кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіру;

10.3.2.2 - ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеу;

Сабақтың мақсаты:

Барлығы: ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеуді үйренеді;

Көпшілігі: ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептей алады;

Кейбірі: ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептейді.

Бағалау критерийлері:


Оқушылар:

ықтималдықтың анықтамасын тұжырымдайды;

ықтималдықты табу алгоритмін қолданады;

оқиғалардың қасиеттерін біледі;

қарапайым жағдайда кездейсоқ оқиғаның ықтималдығын таба алады.

Құндылықтарға баулу:


Оқып білу дағдысы, ақпаратты өздігінен табу, жағдайды сараптау, жаңа жағдайларға қалыптасу, мәселе қойып және шешім қабылдай білу, топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут


Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, түгендеу. Сабақ тақырыбымен, сабақ мақсатымен таныстыру




презентация


«Ой қозғау»

5 минут

Жұптық жұмыс қушыны жылдам ой қорытуға баулу).

Оқиғаның пайда болуын сипаттау үшін келесі мүмкіндіктер шәкілін (шкаласын) толтырыңыз:

Shape1

Жұпта оқушылар бір-біріне келесі сұрақтарды қою арқылы берілген шәкілге оның пайда болу мүмкіндігін орналастырулары керек.

а) Түнгі он екіде күн шықты (мүмкін емес).

ә) Тиынды лақтырғанда елтаңба жағы түседі (тең мүмкіндікті)

б) Шілдеде Қарағандыда қар жауады (мүмкін, бірақ өте сирек, яғни бұл оқиғаның мүмкіндігі өте төмен)

в) 2021 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл (ақиқат).

г) Ойын сүйегін лақтырғанда 2 саны түседі (мүмкіндігі төмен, 2 саны ойын сүйегінің тек бір жағында, ал қалған бес жағында 2-ден өзге сандар).

ғ) Ойын сүйегін лақтырғанда жұп саны түседі (тең мүмкіндікті, өйткені жұп сандар мен тақ сандар саны тең).


Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білім деңгейлерін саралау.

Жұпта бір-біріне келесі сұрақтарды қою арқылы берілген шәкілге оның пайда болу мүмкіндігін орналастырады.

Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.


Дескриптор:

- берілген шәкілге оқиғаларды дұрыс орналастырады.


Жалпы балл – 2


Мадақтау.

«дұрыс», «жақсы», «өте жақсы», «жарайсың», «тамаша»



таратпа материал

Сабақтың ортасы


Жаңа

тақырыпты меңгеру

8 минут


Кездейсоқ оқиға. Оқиғалар ұғымы ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. Белгілі бір шарттар орындалғанда пайда болатын құбылысты оқиға дейміз.

Мысалы: Лақтырылған асықтың түсуін бақылайық. Ол бүк, шік, алшы, тәйкі деген жақтарымен түсе алады. Алдын-ала асықтың қай жағы түсетіні белгісіз болғандықтан, оқиға кездейсоқ оқиға деп аталады.

Сынақ жүргізілгенде А оқиғасы пайда болуы да, пайда болмауы да мүмкін болса, ондай оқиғаны кездейсоқ оқиға дейді. Сынақ нәтижесінде оқиға (А оқиғасы) сөзсіз пайда болатын болса, ондай оқиғаны ақиқат оқиға дейді. Сынақ нәтижесінде оқиға (А оқиғасы) сөзсіз пайда болмайтын болса, ондай оқиғаны мүмкін емес оқиға дейді.

Сынақ жүргізгенде оқиғаның бірі пайда болғанда, екіншісі пайда болмайтын екі оқиғаны үйлесімсіз оқиғалар дейді.

Сынақ жүргізгенде оқиғаның бірі пайда болғанда, екіншісінің де пайда болуы мүмкін болатын екі оқиғаны үйлесімді оқиғалар деп атайды.

Мысалы: кубтың жұп нөмірінің шығуы (А оқиғасы) және екі санына еселік нөмірдің шығуы (В оқиғасы) үйлесімді. Өйткені кубтың 6-нөмірінің шығуын көрсететін А оқиғасы пайда болғанда да, В оқиғасы пайда болғанда да пайда болуы мүмкін.


Ықтималдықтың классикалық анықтамасы

Тәжірибедегі оқиғаның пайда болуына қолайлы оқиғалар санының мүмкін болатын оқиғалар санына қатынасын оқиғаның ықтималдығы дейміз.

Бұл анықтама оқиға ықтималдығының классикалық анықтамасы деп аталады:

А – оқиға, m – қолайлы нәтижелер саны, n – барлық нәтижелер саны, P(A) – А оқиғасының ықтималдығы.

Анықтаманы түсіндіру мақсатында мысалдар қарастыру.


Ықтималдықтың қасиеттері:

1) Қарапайым оқиғаның ықтималдығы  өрнегіне тең.
2) Мүмкін емес оқиғаның ықтималдығы 0-ге тең.

3) Ақиқат оқиғаның ықтималдығы 1-ге тең.

4) Ықтималдықтың кез келген мәні 0 мен 1 аралығында орындалады: 0 Р(А) 1.

5) А оқиғасына қарама-қарсы оқиғасының ықтималдығы

өрнегіне тең.

Жаңа материалды меңгеріп, өз ойлары мен пікірлерін ораға салады.











презентация


15 минут



Жеке жұмыс

Тапсырмалар орындау:

1-тапсырма. Қорапшада 3 ақ және 9 қызыл шарлар бар. Қорапшадан кездейсоқ алынған бір шардың: 1) ақ; 2) қызыл; 3) жасыл; 4) жасыл емес болуының ықтималдығын табыңыз.

Жауабы: 1) ; 2) ; 3) 0; 4) 1.


2-тапсырма. Емтиханға 1-ден 25-ке дейін нөмірленген билеттер дайындалған. Бір оқушының кездейсоқ алған билетінің нөмірі: а) жұп сан; ә) екі таңбалы сан болу ықтималдығын табыңыз.

Жауабы: а) ; б) .


3-тапсырма. Кестеде бір күнде Нұр-Сұлтан қаласына шығатын пойыздарға сатылған билеттер жөнінде мәлімет келтірілген:


Пойыз түрі

Жүйрік пойыз

Жүрдек пойыз

Жолаушылар пойызы

Қала маңына қатынайтын пойыз

Бір күнде сатылған билеттер саны

162

423

735

396


Кезекті жолаушы: а) жүйрік пойызға; ә) жолаушылар пойызына; б) қала маңына қатынайтын пойызға билет сатып алуының ықтималдығын табыңыз.

Жауабы: а) ; ә) ; б) .


4-тапсырма. а) Бір тиын екі рет лақтырылды. Ең болмаса бір рет «елтаңба» түсу ықтималдығын; ә) Үш тиын бір мезгілде лақтырылды. Екі «елтаңба» түсуінің ықтималдығын табыңыз.

Жауабы: а) ; б) .

5-тапсырма. 100 лоторея билетінің 15-інде ұтыс бар. Бір билет сатып алынды. Сатып алынған билетте: а) ұтыс болуының; ә) ұтыс болмауының ықтималдығын табыңыз.

Жауабы: A) ; ә) 1 - = .


Тақтада берілген тапсырмаларды шапшаң орындайды.

Нақты тапсырманы орындау арқылы қойылған сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Дескриптор:

- ықтималдықтың анықтамасын қолданады;

- ықтималдықты табу алгоритмін қолданады;

- кездейсоқ оқиғаның ықтималдығын табады.


Дұрыс орындалған тапсырма – 2 балл

Презентация,

оқулық 10-сынып

«Ара ұясы»

10 минут

Топтық жұмыс

1 -топ «Бояу қарындашы»

Қабырға газетін шығару үшін суретте берілген түрлі-түсті қарындаштардан кездейсоқ 6-ы таңдалып алынды. 1 жасыл, 3 көк және 2 қызыл қарындашты алу ықтималдығы қандай?


Шешуі:


2-топ «Сыйлық»

Ж аңа жылдық кеште аяз ата Дарынға қапшықтың ішіне қарамай 6 сыйлықты алуына рұқсат етті. Диаграммада қапшықтағы сыйлықтар саны көрсетілген. Дарынның 3 машина, 2 самолет, 1 қоянды алу ықтималдығы қандай?

Шешуі:


3-топ «Шарлар тізбесі»

М ерекелік кешке шарлар тізбесін дайындау үшін кездейсоқ 7 шар таңдалып алынды. 3 қызыл, 2 жасыл және 2 сары шарды алу ықтималдығы қандай?

Шешуі:


Ынтымақтастықта жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөліседі. Тақырыпты ортаға салып талқылауға, түйінді ойды саралауға дағдыланады.

Топ мүшелері бірлесіп, өз тапсырмаларын жылдам орындауға тырысады және қорғайды. Өзге топтар жауаптардың дұрыстығы немесе дұрыс еместігі жөнінде өз пікірлерін айтады.


Дескриптор:

- ықтималдықтың анықтамасын қолданады;

- теруді есептеу формуласын қолданады;

- кездейсоқ оқиғаның ықтималдығын табады.


Дұрыс орындалған тапсырма – 3 балл

Презентация, таратпа материалдар


Сабақтың соңы

5 минут


Рефлексия

Бір сөзбен аяқтаңыз:

- Мен нені білдім?

- Мен нені үйрендім?

- Мен нені қолдандым?

- Нені жақсартуым керек?


Үй тапсырмасы: 26.8, 26.10


Алған білімдері арқылы біліп түсінгендері бойынша кері байланыс жасайды.


Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні:


Жұптық жұмыс

Жеке жұмыс

Топтық жұмыс

Барлығы

(балл)








Презентация, жұмыс дәптерлері.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!