Материалдар / Ашық сабақ Өзін-өзі тану пәні №21 сабақ Тақырыбы: Мен және қоршаған әлем 6-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Өзін-өзі тану пәні №21 сабақ Тақырыбы: Мен және қоршаған әлем 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
құндылығы: қиянат жасамау қасиеттері:Қамқорлық, жауапкершілік,мейірімділік мақсаты:Оқушылар қоршаған орта, үндестік ұғымдарын түсіну арқылы қиянат жасамау Сабақтың міндеттері: - Оқушыларға өзімен, өзгемен, қоршаған әлеммен және табиғатпен үйлесімділік туралы ұғындыру - Қоршаған орта сұлулығын, жауапкершілік қасиеттерін дамыту - Табиғатты қамқорлауға, мейірімділікке тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2021
967
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ж.Нәжімеденов атындағы негізгі орта мектебі


Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары


Бөлім:

Адам және әлем

Педагогтің аты-жөні

Кулбаева Надежда Дюсенгалиевна

Күні:

7.02.2020

Сынып: 6

Қатысушылардың саны: 6

Қатыспағандардың саны:

21 сабақтың тақырыбы

Мен және қоршаған әлем

Оқу бағдарлама-

сына сәйкес оқыту

мақсаттары

Қоршаған әлемнің сұлулығын бағалай алады. Шығармашылық қызметі арқылы оларға деген көзқарасын білдіреді.

Құндылығы:

Қиянат жасамау

Қасиеттер:

Қамқорлық, жауапкершілік,мейірімділік

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға қоршаған орта, үндестік ұғымдарын түсіну арқылы қиянат жасамау

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік

  2. Дамытушылық

  3. Тәрбиелік

  • Оқушыларға өзімен, өзгемен, қоршаған әлеммен және табиғатпен үйлесімділік туралы ұғындыру

  • Қоршаған орта сұлулығын, жауапкершілік қасиеттерін дамыту

  • Табиғатты қамқорлауға, мейірімділікке тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар


Ұйымдас -тыру кезеңі


1.Жағымды көңіл-күй



Оқушылармен амандасу. Сабаққа қатысты тексеру

5 Т – ережесін еске түсірту

1. Тәртіп 2. Талап. 3. Тыныштық.4.Тазалық.5. Татулық.
Орманға ойша саяхат

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ене түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырт тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Оқушылар сабаққа да-

йындығын көрсетеді.

5-Т ережесін қайталайды.

Оқушылар өз ойларымен бөліседі.




Баяу му-

зыка қо-

йылады.




https://youtu.be/23SrnSwKMxA

2. Алдыңғы үй тапсыр-

масын тек-

серу (әңгіме)

Х.Есенжанов. Жайын ілерде

  1. Бала балыққа кіммен барды?

  2. Атасы немересінің балыққа баруына не себепті қарсы болды деп ойлайсыңдар?

  3. Мәтінде қысқы табиғат көрінісі қалай суреттелген?

  4. Отбасыңмен, достарыңмен табиғат аясына серуенге шығып тұрасыңдар ма?

  5. Қоршаған әлем, табиғатқа риясыз қызмет ету үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?

  6. Айнала қоршаған ортаны қорғап, сақтап қалуда қандай жалпыадамзаттық құндылықтар көрініс береді?




Оқушылар жетекші сұрақтарға жауап беріп отырады.


3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) әңгіме


Адамның табиғатсыз күні жоқ,

Оны айтарға табиғаттың тілі жоқ.

Қадыр Мырза Әли

Сұрақтар:

  1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

  2. Қандай ой түйдіңдер?

Дәптерге жазады.Ұл-

дар айтады.

Қыздар қай-

талайды.Барлығы қосылып айтады. Өз ойларымен бөліседі

4. Оқиға айту (әңгіме)



Аңыз

Жер ана

Ертеде Жер кіршіксіз таза болған. Ол шексіз мейірімді, әрі жайдары болатын. Ол жануарлар әлеміне пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған ұқыпты қарады.

Күндердің бір күнінде адам пайда болды. Ол құдіретті, әрі сымбатты болды. Ол күлгенде, онымен бірге күн де күлетін, ол қамыққанда онымен бірге ай да мұңға бататын, ол ән айтқанда оған аспан мен жел қосылып, ән шырқайтын, сондықтан Жер оған ғашық болды. Ол да Жерге ғашық болды, оның ұлылығы мен кеңдігіне, мейірімділігі мен көркемдігіне, асқақтығы мен тазалығына ғашық болды.

Жер - Ана мен Табиғат адам бір-бірінен жарастық тауып олардан адам-ұрпақ өмірге келді. Бірақ әрбір ұрпақ- адам оларға өмір сыйлаған Ұлы сүйіспеншіліктен алыстай берді.

Жер - Ана олар үшін өмір сүрудің, байлықтың қайнар көзіне айналды, олар оның кім екенін де ұмытты, ал адам олар үшін бірі сеніп, бірі сенбейтін аңызға айналды.

Олар өздерінің қажеттіліктері үшін жер жыртып, тырмалап, егін егіп, оны жинап, арттарынан шіріп, Жердің бастапқы тазалығын құртатын көп мөлшердегі қалдықтар тастады. Тамақ іздеп, олар Жердің мәпелеп өсірген жануарларын аяусыз жайратты. Содан соң, алтын және басқа да қазба байлықтарды іздеп Жер - Ананың денесін ойып, үлкен шұңқырлар қазып, шөл мен шөлейттерді қалдырды. Бірақ бұл да аз болды, олар жарылыстар жасап, өздері сияқтылардың көздерін құрту үшін қуатты қаруларды сынақтан өткізіп, ол қаруларды бір-бірімен соғыстарда қолданды.

Ал Жер - Ана осының бәріне шыдады, ол адамдар естерін жияр, олар Ұлы сүйіспеншіліктің перзенттері екенін түсінер деп сенді. Осыдан кейін, ол өзін адамдардың естеріне саламын деп, табиғи апаттарын жасап, өз күшін көрсетті. Сонда да адамдар қорқатын емес, олардың құлақтары алтынның сыңғырынан керең болған, көздері сараңдықтан көрмей қалған, адамдықтың шырқау биігінен төмендеп, әрі қарай өмір сүруде.Егер адамзат Жерге қайырымды болып, нағыз сүйіспеншілігін көрсете алмаса, ал адамға деген шынайы сенімін қайтара алмаса, Жер - Ана мен адамның махаббат дастаны, адамзат өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу тарихы осылайша өкінішті аяқталуы мүмкін.

Сұрақтар:

1.Жер- Ананың бастапқы қалпы қандай болған?

2. Жер - Ана неге адамдарға ашуланды? Ол неден үміттенді?

3.Жерді неліктен күллі тіршіліктің анасына теңейміз?

4. Қоршаған әлем табиғатқа риясыз қызмет ету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек? Жауабыңды нақты мысалдармен дәлелде

5.Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай құндылықты ашады деп ойлайсыңдар?

6. Табиғатқа жасалған залал қиянатқа жата ма?

Түйін: Бізді қоршаған әлем үнемі өзгеріп отырады. Қазір мұхиттар тұңғиығы, ғаламшар қойнаулары , заңғар таулар мен Күн жүйесіндегі ғарыш кеңістігіне және т.б. қол жеткізу соншалықты қиын емес. Бәрі де өзгереді. Тек адам баласы ғана осыдан талай ғасыр, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, қазір де сол қалпында өзгеріссіз өмір сүруде: бұрын қалай сүйсе, бүгінде тап солай сүйеді, өз болмысының сырын солай іздеп табады, өзін-өзі, өзгелерді және айнала қоршаған әлемді де сол бұрынғыдай танып біледі. Адам қоршаған әлеммен үйлесімділікті түйсіне бастағанда ғана әлеммен «үндестікте» болады. Осындай үндесу, үйлесімге ие болған жан Отанға, Атамекенге деген құрметті сезініп, оның ата-анаға, жақындарына деген сүйіспеншілігі оянып, адамдармен және қоршаған ортамен қарым-қатынасында үлкен қуанышты басынан кешеді.«Жер -ана», « табиғат –ана», «туған жер» ұғымдарын бір-бірінен ажырата алмаймыз. Қоршаған әлем мен адам тығыз байланыста болу керектігін ұғындық. Табиғат ананы аялай білейік.



Оқушылар сұраққа жауап береді.

Өз ойларымен бөліседі






5. Шығар- машылық жұмыс





1 тапсырма

  1. Табиғат құбылыстарындағы өзгерістердің себебін түсіндіріп беріңдер

  2. Табиғатты қоғаудың қандай тиімді жолдарын білесіңдер?

2 тапсырма

«Табиғат –тал бесік» шағын көрініс дайындау

Мәтінді оқиды. Сұрақтарға жауап береді



Шағын

көрініс қояды

Топпен ән айту

















Табиғат

Әні : Ербол Бекболатов

Сөзі: Алтыншаш Қалкаманова

1 Ұйқыдан мен оянып,шығамын далаға,

Қарасам жан-жағыма жап-жасыл айнала.

Бұлбұл құстар шырылдайды əсем үнімен,

Күн шуағын шашып тұрған біздің ғаламға.

Қ-сы:

О табиғат,қандай ғажап,

Тауларын да,бауларын да сұлу табиғат.

Желі самал,жазғы алаб,

Өзен-көлі,ормандары мəңгі табиғат.

2 Табиғатты сүйейік те біз аялайық,

Жақсылықты жасаған одан аямайық.

Асыл анадай табиғаттың аясында,

Жадырап жас балаша дем алайық.

Қ-сы:

О табиғат, таза далам,

Нұр шуағы,гүлді бағы көркем табиғат.

Барлық адам,ғашық саған,

Жануары,су бұлағы мөлдір табиғат.

Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды

Үй тапсырмасы





Келесі сабаққа Серік Үсенұлы . Есею әңгімесін оқып Келесі сабаққа 88-89-беттегі Серік Үсенұлы. Есею. Әңгімені оқып келу.

Шығармашылық жұмыстың 2 тапсырмасы

«Қоршаған әлем және адамзат баласы» тақырыбында сауалнама жүргізіп, қорытындысын жазып келу

Оқушылар үй тапсырма сын күнделікке жазады.

Үй тапсыр- масы экран

да жазылып тұрады

Сабақтың қорытынды сәті

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Оқушылар еске түсіріп айтады

Баяу музыка қойылады



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!