Материалдар / Ашық сабақ Қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тапсырманы орындауда «Астрономия» тәсілін қолдануға болады. Оқушыларға «Жылдамдық» түсінігіне қатысты сөздерді жазу (атау) ұсынылады. Оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты: жылдамдық, уақыт, арақашықтықты табуға байланысты есептер қосады. Бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалған кезде жақындау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Мамыр 2020
5934
9 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырып: Қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептер/ Мамандықтар

Мектеп:№19 ЖББМ

Күні:18.12

Мұғалімнің аты-жөні: Бухарбаева А.У.


Сынып: 4 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты


4.5.1.9 ** бір бағыттағы (қуып жету, қалып қою) қозғалысына берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдістермен шығару

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар:

-жылдамдыққа байланысты формуланы түсінеді, бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді шығара алады.

Көптеген оқушылар:

-бір-біріне қарама-қарсы қозғалысқа берілген есептер шығара алады.

Кейбір оқушылар:

-бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы жылдамдыққа байланысты есептер құрастыра алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Жақындау жылдамдығы дегенді түсіндіру. Жақындау жылдамдығын жылдамдықтардың қосындысы ретінде түсіндіру.

Пəндік лексика жəне терминология

Кездесу қозғалысы, жақындау жылдамдығы.

Диалогке / жазуға қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау:

Денелер қай бағытта қозғалады?

Жақындау жылдамдығын қалай табамыз?

Қозғалыстағы денелердің жолын, уақытын, жақындау жылдамдығын табу үшін қандай формулаларды қолдануға болады?

Жазу: Кездесу қозғалысына берілген есептерді арифметикалық тәсілдер және өрнектер арқылы жазу.

Алдыңғы алған білім

Шамалардың өзара байланысы: жылдамдық, уақыт, арақашықтық.

Жоспар

Жоспарлан- ған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Қызығушы-лықты ояту


Ынталандыру

Көлікті басқаруға қатысы бар мамандықтарды тап.

Аталған мамандықтардың қайсысы ескірді? Өз жауабыңды тексер. (Жауабы 300). Қайсысының көлік басқаруға қатысы жоқ? (Жауабы 500). Өз жауабыңды тексер.

Ұшқыш

270 000 : 9

Мотоциклист

270 000 : 90

Ат айдаушы

270 000 : 900

Шопыр

810 000 : 9

Машинист

810 000 : 9000

Такси жүргізушісі

81 000 000 : 90000

Велосипедші

7 500 : 150

Жолсерік

75 000 : 150

Алысқа қатынайтын жүргізуші

75 000 : 15

Жолсерік көлік жүргізбейді.

Өзектендіру

Бұл тапсырманы орындауда «Астрономия» тәсілін қолдануға болады. Оқушыларға «Жылдамдық» түсінігіне қатысты сөздерді жазу (атау) ұсынылады.

Оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты: жылдамдық, уақыт, арақашықтықты табуға байланысты есептер қосады.

Бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалған кезде жақындау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең:

v1 + v2 = vжақ.

60 + 40 = 100 (км/сағ) – автокөліктің бір-біріне жақындау жылдамдығы. Автокөліктің қанша сағаттан кейін кездесетінін білу үшін бастапқы арақашықтығын жақындау жылдамдығына бөлу қажет: t = S : Vжақ 400 : 100 = 4 (сағ).

Мақсат қою

Тапсырманың жаңа түрін ұсыныңыз.

2-тапсырма. Сызбаға қара. Не бейнеленген? Қандай шамалардың мәні берілген? Не белгісіз? Екеуінің кездескен кездегі уақытын қалай табуға болады?


Оқушылар мұндай тапсырманы бұрын кездестірмеген. Біздің сабақтың мақсаты – екі қозғалыстағы дененің бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан жылдамдығын шешу.

Оқулық




Жаңаны ашу.

Қозғалыстағы денелердің (велосипедші және көлік жүргізуші) бір-біріне қарама-қарсы келе жатқанын елестетіңіз. Бастапқы арақашықтық 400 км-ге тең.

а) Екі дененің арақашықтығы сағат сайын неше километрге азайып жатыр?

ә) Кестені толтыр.

Қозғалыстағы уақыт

1 сағ

2 сағ

3 сағ

4 сағ

Мәшинелердің арасындағы арақашықтық





Бір-біріне қарама-қарсы қозғалыс кезінде жақындау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең болады.

V1 + V2 = Vжақын.

60 + 40 = 100 (км/сағ) – автокөліктің жақындау жылдамдығы.

Автокөліктер қанша сағаттан кейін кездесетінін білу үшін, қашықтықты жақындау жылдамдығына бөлу арқылы табамыз.

t = S : Vжақын.

400 : 100 = 4 (сағ)

Алғашқы бекіту

Оқушыларға 3-тапсырманы орындау ұсынылады. Екі ауылдан велосипедшілер бір-біріне қарама-қарсы бағытта жүрді. Біреуінің жылдамдығы 14 км\сағ, ал екіншісінің жылдамдығы 12 км\сағ. Олар екі сағаттан кейін кездесті. Екі ауылдың арақашықтығы қанша километр?

Сызбаға қарап, есепті әртүрлі тәсілмен шығар. Оларды түсіндір.

1-тәсіл

2-тәсіл

1) 14 ∙ 2 = 28 (км)

2) 12 ∙ 2 = 24 (км)

3) 28 + 24 = 52 (км)

1)14 + 12 = 26 (км/сағ)

2) 26 ∙ 2 = 52 (км)


5-тапсырманы сызбаға қарап орындау. Бұл тапсырманы орындау барысында мынадай қорытындыға келеміз.

Бұл есептер бір-біріне кері есеп болып табылады, өйткені сандық мәліметтер мен жағдаят бірдей, тек есептің сұрақтары өзгереді.

5-тапсырма бойынша есеп құрастыруды ұсыныңыз.

1-тәсіл.

  1. 25 ∙ 3 = 75 (км) – кездескенге дейін 1-мотоциклшінің жүрген жолы.

  2. 30 ∙ 3 = 90 (км) – кездескенге дейін 2-мотоциклшінің жүрген жолы.

  3. 75 + 90 = 165 (км) – ауылдардың арасы

2-тәсіл.

  1. 25 + 30 = 55( км/сағ) – жақындау жылдамдығы

55 ∙ 3 = 156 (км) – мотоциклшілердің арасындағы арақашықтық.

(Ө) Дәптерде орындалатын өзіндік жұмыс

Оқушылардың жаңа қозғалыстың түрін яғни кездесу қозғалысы мен оның формуласын, қарама-қарсы және жақындау жылдамдығының формуласын қалай меңгергенін анықтау үшін, баспа дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды.

Оқушылар критерийді талқылайды.

Қарама-қарсы қозғалысқа берілген есептерді шығара алу.

Екі қарлығаш бір-біріне қарама-қарсы ұшып келе жатыр. Екеуінің жылдамдығы бірдей – 23 м/сек. Арақашықтығы – 920 м. Олар неше секундтан кейін кездеседі?

23 + 23 = 46 м/с – жақындау жылдамдығы

920 : 46 = 20 с – неше уақыттан кейін кездескенін көрсететін уақыт

Өрнек: 920 : (23 + 23) = 20 (с).

Дескриптор

Мен:

  • амалдар бойынша шешуін жазамын, шартын талдай аламын;

  • өрнекті жаза аламын;

  • шешуін есептеп табамын мен жауабын жаза аламын.

Өткенмен жұмыс.

Оқулықтағы №6 тапсырма, дәптердегі №2-тапсырма жеке немесе топпен жоғарыда көрсетілгендей зерттеушілік бағытта орындалады.

6

1) (11 242 –7 006) : 6 + 435 036 : 6

4 236 : 6 + 72 506

706 + 72 506 = 73 212


2) (18 370 + 23 679) : 7 ∙ 40 + 256 900

42 049 : 7 ∙ 40 + 256 900

6007 ∙ 40 + 256 900

240 280 + 256 900 = 497 180

7. Ойлан және жауап бер.

7 л және 12 л ыдыстардың көмегімен 1 л суды қалай өлшеп алуға болады?


Оқулық,

дәптер, презентация

Дәптер










Рефлексия



Үй тапсырмасы. № 8 113-бет




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!