Материалдар / Ашық сабақ Қазақ әдеби тілінің белгілері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Қазақ әдеби тілінің белгілері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдеби тiлi - қоғамдық өмiрдiң әр алуан саласында қолданылатын, стильдiк тармақтары сараланған, мәдени жұртшылықтың бәрiне ортақ нормасы бар, ауызша және жазбаша түрде қызмет ететiн тiл. Қазақ әдеби тiлi қоғамдық өмiрдiң бiлiм мен ғылым саласында, құқықтық қатынас саласында, бұқаралық ақпарат саласында, әдебиет пен өнер саласында, тұрмыстық қарым-қатынас саласында қызмет етiп, тiлдiк ұжымның қарым-қатынас қажетiн өтейдi. Осымен байланысты қазақ әдеби тiлiнiң бес түрлi стильдiк тармақтары қалыптасып сараланған: бiлiм мен ғылым саласында - ғылыми стиль, құқықтық салада - ресми iс қағаздары стилi, қысқаша айтқанда, ресми стиль, әдебиет пен өнерде - көркем әдебиет стилi, бұқаралық ақпарат саласында - публицистикалық стиль, тұрмыстық қарым-қатынаста сөйлеу тiлi стилi. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Әдеби тілдің белгілері». Мақсаты: әдеби тіл туралы түсінікті игеріп, ауызша және жазбаша тілдің айырмашылығын ұғыну.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2019
925
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ПЦК _______________________


_ Сабақтың оқу- әдістемелік жоспары

Учебно- методический план занятий № ____


топ/группа


күні/дата



Тақырыбы/Тема:   Қазақ әдеби тілінің белгілері

Cабақтың түрі/Вид урока: аралас сабақ

Сабақтың мақсаты/Цель урока

Оқытушылық/Обучающийся: студенттерге әдеби тіл туралы түсінік беру, ауызша және жазбаша тілдің айырмашылығын ұғындыру.

Дамытушылық/Развивающая: студенттерді адамгершілікке, ізгілікке баулу. Табиғатты, отанды сүюге тәрбиелеу.

Тәрбиелік/Воспитательная: студенттердің әдеби тіл туралы түсініктерін кеңейте отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту.

Пәнаралық байланыс/Межпредметные связи:қазақстан тарихы

Көрнекі құралдар, жабдықтар, үлестірме қағаздар/Наглядные пособия, оборудования, раздаточный материал: тақта, бор ,ТСО,үлестірмелер


Сабақ барысы/Ход урока


1.Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, түгендеу, сабақтың міндеті мен мақсаттарын қою)/

Организационная часть (приветствие, перекличка, постановка цели и задачи урока).Сәлемдесу

Мақсаты: қарым-қатынас дағдысын жақсартудың жолдарын ойластыру.

1.1. Оқытушы журналды толтырып, студенттерді түгендейді. Студенттердің сыртқы көрінісіне, аудиторияның тазалығына, студенттердің сабаққа дайындығына көңіл аударады.

1.2. Топқа бөліну үшін мақал-мәтелдер жазылған парақтарды алады. Мақал-мәтелдер арқылы 3 топқа бөлінеді. Саны бар мақал түскен студент бірден топ басшысы болып сайланады.

.Үй тапсырмасын парақшада берілген сұрақтар арқылы тексеру. 10 сұрақ беріледі, жауап беріп болған соң, сағат тілі арқылы студенттер оқытушы берген дұрыс жауап арқылы бір-бірін тексереді. Бағалау парақшасында бір-бірін бағалайды.

Тірек білімдерін тексеру

СӨЙЛЕСІМ 1-Тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіз.

Сұрақтар:

1) Қазақ тілінің әлемдік деңгейдегі өркениетте эстетикалық, дүниетанымдық, әлеуметтік қуаты, деңгейі қандай?

2)Жалпыхалықтық қазақ тілі даму, қалыптасу, қолданылуына қарай қандай үш түрге бөлінеді?

3)Қазақ әдеби тілінің қандай қызметтік (функционалдық), стильдік тармақтары бар?

4)Қазақ әдеби тілін жасаушы кім және оның қалыптасып, байып, сапалық дамуына үлес қосып, әсер ететін кімдер?

5) «Қоғам тілді дамытады, тіл қоғамдық сананың дамуына ықпал етеді » дегенді қалай түсінесіз?

6) Қазақ тілінің кемелденген тіл екенінің негізгі белгілері қандай?

7) Түркі тілдер тобына қандай тілдер жатады? Олардың қайсысы қазақ тіліне өте жақын болып келеді?

8) Түркі тілдерінің көбіне ортақ болып келетін аса маңызды тарихи жазба мұраларды қандай қандай дәуірлерге жүйелеп бөлуге болады? Ондағы негізгі шығармаларды атаңыз?

9) Араб жазуы қай кезеңде қолданылып, тілдік жүйемізге қалыптаса бастады? Тілімізге оның өзіндік әсері қандай болды?

10) Қазақтың ескі жазба тілі қай кезеңде қызмет етті?
















Жауаптары:

1)Қазақ тілі-дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, стильдік тармақтары сараланған, жалпыхалықтық тілден ұлттық деңгейге көтерілген тіл.

2)Жалпыхалықтық қазақ тiлiнiң әдеби тiл‚ қарапайым сөйлеу тiлi‚ жергiлiктi сөйлеу тiлi (диалект) тәрiздi түрлерi бар. Жалпыхалықтық тiлдiң жергiлiктi сөйлеу тiлi‚ қарапайым сөйлеу тiлi тәрiздi түрлерiне қарағанда‚ әдеби тiл өзiнiң қырналып‚ екшелiп‚ сымбатталғанымен‚ тiл тұтынушылардың бәрiне ортақ нормаларының қалыптасқанымен‚ функционалдық стильдiк тармақтарының саралана түскенiмен ерекшеленедi. Жалпыхалықтық тiлдiң ең жоғары формасы болып табылатын қазақ әдеби тiлi қазақ халқының қоғамдық өмiрiнiң барлық саласында дерлiк қызмет етедi. Оның қоғамдық өмiрдiң бұқаралық ақпарат; көркем әдебиет; ғылым-бiлiм; ресми‚ құқық‚ саясат салаларында және тұрмыста қолданылатын стильдiк тармақтары бар.

3)Тіл мемлекетте жүргізілетін іс қағаздарының, әдебиеттің, оқу-ағарту, тәрбие жұмыстарының, саясаттың, өнер-білімнің, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық салаларында қызмет атқарады. Осыған орай тілдің түрлі стильдік тармақтары пайда болады. Қазіргі қазақ әдеби тілінің мынадай стильдік тармақтары бар:

1) ресми іс қағаздарының стилі;

2) публицистикалық стиль;

3) ғылыми-көпшілік әдебиет стилі;

4) көркем әдебиет стилі;

5) ауызекі сөйлеу тілінің стилі.

4)Қазақ әдеби тiлiн жасаушы – халықтың өзi. Әдеби тiлдiң қалыптасуы мен дамуына аса көрнектi сөз зергерлерi‚ мәдениет‚ ағарту‚ бiлiм мен ғылым‚ қоғам қайраткерлерi ерекше еңбек сiңiрiп‚ үлес қосты. Әдеби тiлдегi көркем сөз‚ даналық сөз‚ танымдық‚ тәрбиелiк сөз үлгiлерiн ұрпақтан ұрпаққа жеткiзiп отырды. Тiлдiк құралдарды саралап‚ талғап қолданудың үлгiсiн көрсете отырып‚ тiлдiң iшкi мүмкiндiктерiне сүйене келiп‚ өздерiнiң тыңнан жасаған бедерлi сөз өрнектерiмен әрдайым әдеби тiлдiң байып‚ сапалық дамуына әсер еттi. Сөйтiп, әдеби тiлдiң дәлдiк, өткiрлiк, байлық, икемдiлiк, серпiндiлiк тәрiздi iшкi қуатын шыңдай түстi.

5) Қоғамдық сананың айрықша саласы- өнер, өнердің жалпы адамзат мәдениетінен алатын орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқаратын қызметі орасан. Өнердің бірнешеу құралы- бояу, әншінің құралы- үн, бишінің құралы- қимыл болса, әдебиетшінің құралы- тіл. Демек, әдебиет- сөз өнері.

6) Грамматика жүйесіндегі сан, сапа, себеп-салдарлық, қатыстық, қимылдың өту сипаты т.б. мағыналардың болуы грамматикалық құрылымының дамығандығын көрсететін негізгі белгілер болып табылады.

7) Кейбір ғалымдардың пікірінше қазақ тілі 3 диалектіге бөлінеді: нағыз қазақ, ноғай, қарақалпақ. Қазақ тілі көне түрік тілдеріне жақын болып келеді.

8) алтай дәуірі; ғұн дәуірі; көне түркі дәуірі (5 – 6 ғ-лар);орта түркі дәуірі немесе негізгі түркі тайпаларының қалыптасу кезеңі;жаңа түркі дәуірі немесе түркі халықтарының қалыптасуы мен даму дәуірі (16 – 19 ғ-лар);ең жаңа дәуір (20 ғ.) немесе түркі тілдерінің Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі даму дәуірі.Aтақты тюрколог С.Е. Малов түркі тілдерінің жазба ескерткіштерін зерттеп, олардың тарихын, бір-бірімен қарым-қатынасын, фонетикалық өзгерістерін салыстыра отырып түркі тілдерінің классификациясын жасаған. С.Е. Малов көбіне дыбыстардың өзгешелігін есепке ала отырып 4 топқа жіктейді: ең көне түркі тілдері, көне түркі тілдері , жаңа түркі тілдері, ең жаңа түркі тілдер .

9)Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиін кезінде А.Байтұрсынов реттеп, тіл ерекшеліктеріне сай жетілдірді, ол 30-жылдарға дейін “төте жазу” деген атпен қолданылып келді. Бұл жазудың емлесі морфол. дәстүрлі шарттарға негізделген.

10)Қазақ әдеби тіл тарихын зерт­теу­шілер оны 3 кезеңге бөліп қарастырады. Оның алғашқы кезеңі – ХV ғасырдан ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейінгі аралықты қамтиды.ІІ кезең ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейін мерзімді қамтыды.


2.Жаңа тақырыпты зерделеу/Изучение нового материала:

Флипчартта дайындалған тапсырма арқылы сабақтың тақырыбына шығу.

Оқытушы бүгінгі өтілетін тақырыпты айтып, тақырыптың маңыздылығын түсіндіреді.

   

 Қазақ әдеби тiлi - қоғамдық өмiрдiң әр алуан саласында қолданылатын, стильдiк тармақтары сараланған, мәдени жұртшылықтың бәрiне ортақ нормасы бар, ауызша және жазбаша түрде қызмет ететiн тiл. Қазақ әдеби тiлi қоғамдық өмiрдiң бiлiм мен ғылым саласында, құқықтық қатынас саласында, бұқаралық ақпарат саласында, әдебиет пен өнер саласында, тұрмыстық қарым-қатынас саласында қызмет етiп, тiлдiк ұжымның қарым-қатынас қажетiн өтейдi. Осымен байланысты қазақ әдеби тiлiнiң бес түрлi стильдiк тармақтары қалыптасып сараланған: бiлiм мен ғылым саласында - ғылыми стиль, құқықтық салада - ресми iс қағаздары стилi, қысқаша айтқанда, ресми стиль, әдебиет пен өнерде - көркем әдебиет стилi, бұқаралық ақпарат саласында - публицистикалық стиль, тұрмыстық қарым-қатынаста сөйлеу тiлi стилi.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Әдеби тілдің белгілері».

Мақсаты: әдеби тіл туралы түсінікті игеріп, ауызша және жазбаша тілдің айырмашылығын ұғыну.












    





Сөйлеу тiлiнiң лексикалық ерекшелiктерi.

Сөйлеу тiлiнде күнделiктi тұрмыста қолданылатын қарапайым бейресми сөздер жиi ұшырасады, бейтарап сөздермен қатар диалектi сөздер, кейде тұрпайылау сөздер де кездесiп отырады. Оларды көркем әдебиетте жазушылар кейiпкердiң сөйлеу ерекшелiгi мен мiнезiн таныту, ашу үшiн т.б. стильдiк мақсатта әдейi пайдаланады. Сөйлеу тiлiнiң фонетикалық-морфологиялық ерекшелiктерi. Дыбыстарды түсiрiп айту сөйлеу тiлiне тән фонетикалық белгiлерге жатады: басың қағыр (басың қалғыр), кеп отыр - келiп отыр, боп па - болып па т.б. тiркестерде дыбыстарды түсiрiп айту  сөйлеу тiлiне тән құбылыс.





















Сөйлеу тiлiнiң фонетикалық-морфологиялық ерекшелiктерi.

Дыбыстарды түсiрiп айту сөйлеу тiлiне тән фонетикалық белгiлерге жатады: басың қағыр (басың қалғыр), кеп отыр - келiп отыр, боп па - болып па т.б. тiркестерде дыбыстарды түсiрiп айту  сөйлеу тiлiне тән құбылыс.






















Синтаксистiк ерекшелiктерi. Сөйлеу тiлi стилiнiң басқа стильдерден өзгешелiгi, ең алдымен сөйлем құрылысынан байқалады. Сөйлеу тiлiнде сөйлем түрлерi аралас келедi. Сұраулы, лептi, риторикалық сұраулы сөйлемдер көп қолданылып, сөйлем диалогқа құрылады:

Баланың сөзiн сөз деп, о несi-ай маған! (Б.Майлин)












Кiтаби тiлдiң ауызша, жазбаша түрiнiң нормалары, жүйелерi ереже түрiнде грамматика оқулықтарында, оқу құралдарында түрлi сөздiктерде көрсетiледi. Сондықтан бұл нормалар "заңдастырылған" (кодификацияланған) нормалар деп танылады. Сөйлеу тiлiнде де норма, белгiлi бiр жүйе болады. Бiрақ сөйлеу тiлi нормалары "заңдастырылмаған", бiршама еркiн болады.











5.Кітаби тілдің түрлеріне шолу жасау. Әр топ өзіне берілген тапсырмаға тиесілі тақырыпты постерге салып, қорғайды. Тапсырма орындайды. (постерге – 15 минут, тапсырмаға – 5 минут)

1-топ: (Ресми іс-қағаздар стилі, 88-бет)

2-топ: (Ғылыми стиль, 92-бет)

3-топ: (Публицистикалық стиль, 96-бет)

4-топ: (Көркем әдебиет стилі, 102-бет)

5-топ: (Ауызекі сөйлеу стилі, 77-бет)

Миға шабуыл /мәтіннен үзінді беріледі, жылдам жауап беру арқылы әр топ мәтіннің қай стильге жататынын анықтайды/

Стиль түрін анықтаңыз.


Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды...




Дәннің химиялық құрамын екі топқа бөлуге болады.

1) органикалық заттар; 2) минералдық заттар.












Шынар” фирмасынық басшысы С. Әбілев мырзаға.

Стиль түрін анықтаңыз.

Барлық сілтілердің төмендегідей ортақ химиялық қасиеттері болады.

Йондар дегеніміз – зарядталған атомдар немесе атомдар тобы”.















Мағынаны ажырату(Топтасып оқу, топтасып талдау стратегиясы). Оқулық бойынша тапсырма орындайды.

1-топ: 55-тапсырма

2-топ: 58-тапсырма

3-топ: 63-тапсырма

4-топ: 70-тапсырма

5-топ: 46-тапсырма

Сергіту сәті «Мен қазақпын»


Морфологиялық талдау: (Сағаттың суреті бар қағаз үлестіріледі, әр топ ақылдаса отырып 12 студенттің атын жазады, мен атаған санда кімнің есімі тұрса, сол талдауға шығады):

«Кітабитілдің жазбаша және ауызша түрде қызмет ететін бірнеше стильдіктармақтары бар» - берілген сөйлемдегі асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.


3. Нығайту: Закрепление:

«Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында эссе жазу.

: БАҒАЛАУ-РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ КЕЗЕҢ



Мақсаты:

С туденттер смайликтерді көрсету арқылы рефлексия береді.




Бүгінгі тақырып бойынша алдымызға қойған мақсатқа жете алдық па?

Сабақ несімен ұнады? Не ой түйдіңіз?


4. Сабақты қорытындылау (білімдерін бекіту)/Подведение итогов урока (оценка знаний):___білімдерін бағалап, баға қою

Кері байланыс: стикердетілектері мен ұсыныстарын арнайы плакатқа жапсырып қалдырады

Студенттердің білімін бағалау: Топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды, сабақ соңында толық бағаларын оқытушы толықтырып журналға қояды.


  1. Үй тапсырмасы/ Домашнее задание: 42-жаттығу, 99 бет

  2. Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. А.А. Қасымбек. Қазақ тілі

    2. Темірешова А.Ж.Тіл біліміне кіріспе:-Астана, 2008








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!