Материалдар / Ашық сабақ. Қазақ тілі. Сөйлеу не үшін қажет. 2 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ. Қазақ тілі. Сөйлеу не үшін қажет. 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қырқүйек 2019
3717
129 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Қазақ тілі

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: Мұғалімі:


Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сөйлеу не үшін қажет

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру

2.1.4.1 тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Мұғалімнің көмегімен мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап береді.

Көптеген: Тыңдалған мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

Кейбірі: Берілген тақырып және тірек сөздер арқылы әңгіме құрастыра алады.

Құндылықтарды дарыту

Нағыз патриоттың парызы – мемлекеттік тілді білу, құрметтеу

Бастапқы білім

Сөз, буын, сөйлем, мәтін не білетінін ажыратады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс -әрекет

Ресурстар





Сабақтың басы

2 мин



















5 мин


І.Ширату. Диолог құрастыру "Иә, жоқ" әдісі.

Мұғалім "Иә, жоқ" жауабы арқылы оқушыларды тексереді. Мысалы: "Доп"

Оқушы сұрақ қою арқылы жасырылған затты табады.

- Ол ұша ма? (жоқ)

- Ол секіре ме? (иә)

-Ол түрлі түсті бола ма? (иә)

-Ол сопақ па? (жоқ)

-Ол жеңіл ме? (иә)

- Ол дөңгелек пе? (иә)

- Ол жейтін нәрсе ме? (жоқ)

-Ол зат балаларға жақын нәрсе ме? (иә)

Оқушылар жауабы "Доп"

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру.

Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау.

-Ендеше бүгінгі сабағымыз "Сөйлеу не үшін қажет?"

Ұ. «Сөйлеу» сөзіне кластер жасау.

Диолог ойымызды жеткізу



Т іл қажет ауызша



Кластерді проектор тақтасынан толтырып, ой бөлісу.

Өзара бағалау "Бас бармақ" әдісі





















Проектордың көмегімен кластерді қолдану

Сабақтың ортасы 5 мин

























7 мин








7 мин















2 мин


7 мин



















5 мин

ІІ. Тыңдау, проблемалық сұрақтан шығу

(МК) Әңгіме-ертегіні зейін қойып тыңдау.

"Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті.

Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге:

- Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді.

- Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей.

Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды.

- Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы.

- Жоқ, бере алмаймын, - деп бұл жолы да кедей келіспейді. Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі".

(Ө) Қойылған проблемалық сұрақтың жауабын тауып, ой қорыту.

Өтіліп жатқан тақырып төңірегінде өзіндік ой-тұжырым, қорытынды шығару.

Саралау

А - Бай неліктен алтынын нанға айырбастағысы келді

В -Ертегідегі негізгі ойды анықтау

С - Жоспар құру

Бағалау "Екі жұлдыз, бір ұсыныс"

Оқулықпен жұмыс

(Ж) 2-жаттығу. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру. 5- бет.

А -Мәтін бойынша өз түсінгендеріңді жазыңдар

В -Мақал -мәтелдің жалғасын тап

Мысалы: Отан- (оттан да ыстық)

Отансыз адам - (ормансыз бұлбұл)

Отан үшін - (отқа түс күймейсің)

С -Мәтінге сұрақтар құрастыр?

-Сен қай мемлекетте тұрасың?

-Сен қандай ұлттарды білесің?

-Сыныпта қандай ұлттар бар?

-Мектепте қандай тілді үйреніп жүрсің?

"От шашу" әдісі арқылы бағалау

Сергіту сәті

Ой сергіту (видео)

Дәптермен жұмыс

3-жаттығу. Суреттерге қарап сөйлем құрастыру 6- бет

А Дайын сұраққа жауап беру (-Адамдар бір -бірімен қалай қарым -қатынас жасайды? )

В Тірек сөздер бойынша сөйлем құрастыру (Атасы, Айжанның, оқытты, кітап. Піл, Асан, ойыншыққа, анасымен, сөйледі. Қамыр, Гүлжан апай, иледі. )

С Өз бетімен сөйлем құрастырады.

Мұғалімнің бағалауы.

ҚБ арналған тапсырма

Диалогке сүйеніп, досыңызға сұрақ қойыңыз. Сұрақ арқылы

досыңыздың анасының аты кім екенін;

отбасында неше адам бар екенін;

сүйікті ойыншығы қандай екенін;

қандай ойынды ұнататынын анықтаңыз.

Сөйлесудің нәтижесі бойынша досыңызды сыныпқа таныстырыңыз

Бағалау критерийі: Білім алушы

Сұрақ бойынша диалог құрастырады

Дескриптор: Білім алушы

- сұрақ қоя алады, диалог орнатады;

- жинаған ақпараты бойынша досын таныстырады;













Таныстырылым























Оқулықпен жұмыс














<h2> Sabaq.k (сергіту сәті)

























Сабақтың соңы

5 мин


-Сөйлеудің адам өміріндегі маңызы қандай?

Рефлексия

"Жетістіктер баспалдағы"


Саралау

Бағалау


Денсаулық сақтау

технологиялары.

Саралау "Сиқырлы әріп"

А - Бай неліктен алтынын нанға айырбастағысы келді

С - Жоспар құру


Мұғалімнің мадақтамасы

"Иә, жоқ" әдісі

"Екі жұлдыз, бір ұсыныс"

"Шапалақ" әдісі арқылы бағалау



Сергіту сәті мен белсенді іс -әрекет түрі








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!