Материалдар / Ашық сабақ "Қазақстан бақытты"вокал үйірмесі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Қазақстан бақытты"вокал үйірмесі

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардағы музыка пәні мамандарына керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2019
2308
45 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өткізген: «Вокал» үйірмесінің мұғалімі  Калилаева Гулмира 

Тақырыбы: «Қазақстан бақытты» әні
Сабақтың мақсаты:

1. Қазақстан туралы мағлұмат беру. Әнді үйрету.

2.Оқушылардың сөйлеу,ойлау,музыканы түсіне білу дағдысын дамыту.

3.Оқушыларды өнерді және патриоттық музыка өнерінің қадір қасиетін түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, компьютер,суреттер, плакат, стикер. 
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, танымдық сұрақтар. 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. 
Пән аралық байланыс: тарих, бейнелеу 
Сабақтың құрылымы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару. Дауыс жаттығуы. Жаңа ән үйрену. 
Күтілетін нәтиже:

1. Білім негізін қалау;

2. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа тақырып жайлы білімнің басталғанын сезіндіру;

3. Оқуға бағыттап отыру
І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

Сәлеметсіздерме, балалар! Здраствуете ! Good moning!

ІІ. Қызығушылықты ояту. 
Миға шабуыл. «Қазақстан қыран далам» әнінің қайырмасын орындап беру. Әннің көңіл күйі, мағынасы, арасындағы сөздерден бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбын анықтап алайық.

Қазақстан қыран далам,

Жұлдыз бақыт жанған далам.

Алатаудан ата берер,

Бақыт сыйлап таңдар саған!

Олай болса бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы:

«Қазақстан бақытты» әні

ІІІ. Жаңа сабақ:

Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз? – Қазақстан.

Мемлекетіміздің астанасы қалай аталады? – Нұр-сұлтан.

Жарайсыңдар балалар. Ендеше мен сендерге Республикамыз Қазақстан жайлы аздап мағлұмат беріп өтейін.

Ата бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуды армандады. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды. Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Әрине мемлекет құрылған кезде тіл де, рәміздеріде қалыптасады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі. Туымыз, Елтаңбамыз, Гимніміз бар. Бұл да біздің үлкен мақтанышымыз. 28 жыл ішінде Қазақстан Республикасы басқа елдерге қарағанда экономикасыда, ел де тез дамып келді. Қазақстанның ең басты мақтанышы ол өз астанасы. Елордамыз кешегі күнге дейін Астана деп аталып келді. Биыл 2019 жыл 20 наурыз күні Астана атауы Нұр – сұлтан болып өзгертілді. Нұр – сұлтан қаласында парламен үйі, Ақ орда. Мемелекетіміздің символына айналған Бәйтерек, ЭСПО қалашығы және де басқа көптеген ерекше ғимараттар орналасқан. Қазақстанның бұдан басқа Алматы, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал, Ақтау, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалары мен обылыс, аудан, ауылдары бар. Біз қазір тұрып жатқан обылыс Маңғыстау, ауданымыз Мұнайлы, ауылымыз Қызылтөбе. Қазақстан азаматтары да өз елін мақтан тұтады. Бақытты қазақстан жастарымыз. Бүгінгі біздің үйренетін әніміз де осы кең жазира Қазақстанға арналады.

Қане балалар сендер туған жер туралы мақал – мәтелдер білесіңдер ме? – иә.

Олай болса мен сендермен ойын ойнағым келіп отыр.

Ойын «Кім тапқыр» деп аталады. Экранға назар аударайық мына жерде мақал – мәтелдер берілген, бірақ бұл мақал – мәтелдердің арасында сөздер түсіп қалған, сол сөздерді тауып соны үш тілде айтып көрейік.
1. Туған
жердей (жер, земля, land) болмас

Туған елдей ел болмас.

2. Туған жер (алтын, золото, gold) бесік.

3. Аққу көлін аңсайды,

(Адам, человек, people) туған жерін аңсайды.

4. (Қыз, девочка, girl) өссе елдің көркі,

Гүл өссе жердің көркі.


ІV. Жаңа ән үйрену: «Қазақстан бақытты» әні мен сөзін жазған жас ақын композитор Ринат Мамытов.

Ән - поэзиялық шығарма мен музыкалық әуеннен туған вокалды музыкалық шығарманың сазы.

Пе́сня, или пе́снь, — наиболее простая, но распространённая форма вокальной музыки, объединяющая поэтический текст с мелодией.

A song is a single (and often standalone) work of music that is typically intended Through semantic widening, a broader sense of the word "song" may refer to instrumentals

Ән Пе́сня – Song

Ән мазмұнына қарай (азаматтық, революциялық, лирикалық, еңбек, патриоттық, әзіл т.б.), шығу тегіне байланысты (халықтық, авторлық, қалалық, әскери, балаларға арналған, діни т.б.) және орындалуы мен құрылымына байланысты (жеке дауысты, көп дауысты) болып бөлінеді.

Бүгінгі біз үйренетін ән патриоттық ән.


V. Дауыс жаттығулары:

ДО. РЕ, МИ, ФА, СОЛЬ, ЛЯ, СИ, ДО.

ДО, СИ, ЛЯ, СОЛЬ, ФА, МИ, РЕ, ДО.

ДО, МИ, СОЛЬ, ДО.

ДО, СОЛЬ, МИ, СОЛЬ, ДО. 

Әнді ережелерді сақтай отырып орындайды

1.Әнді оқушыларға тыңдату.

2.Өлшемі 4/4, орташа, марш екпінді.

3.Дикциямен жұмыс.

4.Динамикамен жұмыс.

5.Әнді толықтай айтқызу.


Кең көсілген жерім бар. 
Айдын шалқар көлім бар. 
Адамдары ақ-пейіл, 
Қазақ деген елім бар. 
«Қазақ» асыл тегім бар, 
Батырым мен бегім бар. 
Біз-Тәуелсіз, ұлы елміз, 
Болашақтан сенім бар. 
 
Қайырмасы : 
Қазақстан-Қазақстан 
Тәуелсіз ел бақытты. 
Қазақстан-Қазақстан 
Тәуелсіз жер бақытты.

Ән ұранбоп әніміз 
Оңнан атып таңымыз
Қазақ болып туылған 
Саят атты жанымыз 
Алдан шығып бағымыз 
Жеке болды таңымыз 
Ел таңба мен көк туды 
Қастерл
ейік бәріміз 
VІ. Қорытындылау: Әнді айтқанда көз алдымызға не елестеді соны қағаз бетіне түсіріп әңгімелеп сабағымызды аяқтайық.

VІІ. Бағалау. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді ноталарға жазып,
VIІІ. Үйге тапсырма беру: «Қазақстан бақытты» жаңа әнді жаттау 

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!