Материалдар / Ашық сабақ Қазақстандағы ұжымдастыру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Қазақстандағы ұжымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 9 сыныр Қазақстан тарихы сабағынан
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2019
353
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Құқық негіздері» пәнінен
тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы
10-сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Нұр-Сұлтан, 2019 жыл

МАЗМҰНЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты.................................................................. 3
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар ................................... 3
3. «Құқық негіздері» пәнінен күтілетін нәтижелер .................................................................. 3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі ............................................................................................... 4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
5
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі ...................................................................................... 5
7. Модерация және балл қою ..................................................................................................... 5
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ......................... 6
IІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ...................... 12
IIІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ .................... 18
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ................... 24

2

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты оқу бағдарламасы мен оқу
жоспарының мазмұнына сәйкес, білім алушылардың пән бойынша әрбір тоқсанда алған
білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау жұмысы күтілетін нәтиже және тоқсанға жоспарланған
оқу мақсатына жету деңгейін көрсетеді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11сыныптарына арналған «Құқық негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу
бағдарламасы
3. «Құқық негіздері» пәнінен күтілетін нәтижелер
Білу:
- конституциялық құқық көздерін, нормаларын, жүйелерін;
- конституциялық саяси құқықтарын;
- әкімшілік құқық жүйесі, нормасын, субъектілерін;
- еңбек құқығы, оның мәнін, әкімшілік еңбек тәртібін ұйымдастырудағы міндеттер,
еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауаптылық;
- азаматтық құқық көздерін, қатынастарын, меншік құқығы формаларын, тұтынушы
құқығының қолданылу аясын;
- отбасылық қатынастар, ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерін;
- қылмыстық құқық ұғымы, белгілерін, қылмыстық жауаптылық, оның түрлерін,
азаматтардың құқықтарын қорғауды, сонымен қатар оны жүзеге асыру қажеттілігі
мен мүмкіндіктерін.
Түсіну:
- қоғамның мәдени элементі және маңызды әлеуметтік реттеушісі ретінде құқықтың
мәні мен рөлін;
- қазақстандық қоғамдағы негізгі құқықтық ұстанымдарды;
- құқық жүйесі мен құрылымын, құқықтық қатынастар, құқық бұзушылық пен
заңдық жауаптылық, әлеуметтік-экономикалық саланы құқықтық реттеу, құқықты
жүзеге асыру түрі ретіндегі заңдық қызметті.
Қолдану:
- нормативтік актілерді қолдана отырып нақты құқықтық жағдайларда жеке
ұстанымдарының дәлелдемелерін;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларына нақты құқықтық нормалардың
сәйкестігін бағалау үшін құқықтық білімін;
- күнделікті өмірде, өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелер бойынша
пікірталастарға қатысу кезінде құқық ережелерін, құқықтық ақпараттарды өз
бетімен іздену дағдыларын.
Талдау:
- құқықтық нормаларды, заңнаманың барлық салаларында құқықтық қатынас
процесінде пайда болған даулы мәселелер тууы аясында берілген ақпараттарды;
- түрлі деректерден алынған, құқық салаларына қатысты ақпараттарды.

3

Жинақтау:
- адамгершілік және құқықтық нормаларымен қабылданған өз мінез-құлықтары мен
басқалардың әрекеттерін байланыстыру үшін алынған ақпаратты;
- жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға қарсы келмейтін шешім
қабылдау, өз қарым-қатынасын білдіру, жағдаяттарды бағалау үшін, берілген
контекстегі ақпараттарды жинақтау және талдау үшін білім, білік дағдыларды.
Бағалау:
- Қазақстан Республикасының заңнамаларын нақты мәселелерді шешу барысында
қолдану ерекшеліктерін.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау
дағдыларын
ың деңгейі
Білу және
түсіну

Қолдану

Жоғары
деңгей
дағдылары

Сипаттама
Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының
функциялары мен құқықтық мәртебесін анықтау;
Конституциялық құқық институттарын құқықтық
норма жүйесі ретінде түсіндіру; азаматтық құқық
субъектілерін анықтау; Қазақстан Республикасы
тұтынушылар құқығы туралы заңына сәйкес
құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен
міндеттерін анықтау; кәмелетке толмағандардың
азаматтық процеске қатысу ерекшеліктерін анықтау;
қазіргі халықаралық құқықтағы адам құқықтарын
қорғауды жүзеге асыратын органдар мен ұйымдарды
анықтау.
Әлемдік тәжірибедегі құқықтық мемлекеттің мәні
мен функционалдық маңызы туралы білімін көрсету;
адам
және
азаматтың
құқықтары
мен
бостандықтарын
жіктеу
(саяси,
азаматтық,
әлеуметтік, экономикалық және мәдени); нақты
жағдаяттарды талдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес туралы заңның негізгі ережелерін
пайдалану; нақты мысал негізінде жеке мүліктік емес
құқықтардың ерекшеліктерін анықтау; әртүрлі
өмірлік жағдайларда балалар құқықтарының жүзеге
асырылуын зерттеу.
Құқық жүйесі және оның негізгі элементтерін
түсіндіру (құқық нормалары, сала, ішкі сала,
құқықтық институт); нақты мысалдар арқылы
қылмыстық теріс қылық пен қылмысты қоғамдық
қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттау; жеңілдететін
және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып,
қылмыстық құқық бұзушылықты бағалау; құқықтық
жағдаятты (казусты) талдай отырып, меншік құқығын
қорғау жолдарын түсіндіру; азаматтық процестің
негізгі міндеттері мен принциптерін талдау;
әкімшілік процесс ұғымын, оның міндеттері мен
принциптерін түсіндіру.
4

Тапсырмалар
түрлері
КТБ - Көп
таңдауы бар
тапсырмалар
ҚЖ - Қысқа
жауапты қажет
ететін
тапсырмалар

ҚЖ - Қысқа
жауапты қажет
ететін
тапсырмалар
ТЖ - Толық
жауапты қажет
ететін
тапсырмалар

ҚЖ - Қысқа
жауапты қажет
ететін
тапсырмалар
ТЖ - Толық
жауапты қажет
ететін
тапсырмалар

5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды
бөлу
Тоқсан

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей
дағдылары

I

25%

75%

0

II

0

25%

75%

III

0

60%

40%

IV

0

75%

25%

Барлығы

6%

59%

35%

6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған
нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім
алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық
бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген
білімалушыларға көмек беруге негізделген кез-келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп
айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отырыңыз.Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білімалушылардан
жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

5

I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
I тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны – 20 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін 4
тапсырмадан тұрады. Көп таңдауы бар тапсырамаларда берілген жауап нұсқаларының
ішінен дұрыс бір немесе бірнеше жауапты таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін
сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет
ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық қабілеттерін
көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.

6

I тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім

Тексерілетін мақсат

Мемлекет және
құқық

10.1.4.2 Қазақстан
Республикасы құқық қорғау
органдарының функциялары
мен құқықтық мәртебесін
анықтау
10.1.2.2 Әлемдік
тәжірибедегі құқықтық
мемлекеттің мәні мен
функционалдық маңызы
туралы білімін көрсету
10.1.3.2 Адам және
азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын жіктеу
(саяси, азаматтық,
әлеуметтік, экономикалық
және мәдени)
10.1.1.3 Құқық жүйесі және
оның негізгі элементтерін
түсіндіру (құқық нормалары,
сала, ішкі сала, құқықтық
институт)

БАРЛЫҒЫ:
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

Ойлау
дағдылары
ның деңгейі

Тапсырм
а саны*

Тапсыр
ма№

Тапсырман
ың түрі

Орындал
у
уақыты,
мин

Балл
*

Білу және
түсіну

1

1

КТБ

10

4

Қолдану

1

2

ҚЖ

10

5

Бөлімге
берілеті
н балл
саны

20
Қолдану

1

3

ҚЖ

10

5

Қолдану

1

4

ТЖ

10

6

-

4

-

-

40

20

7

20

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Құқық негіздері» пәнінен I тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1.Тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1.1.Төменде берілген органның қайсысы Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау
органдарына жатады:
А. ҚР Парламенті
В. ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау органы
С. ҚР Ішкі істер органдары
D. ҚР Сыртқы істер органдары
1.2.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын-алу, анықтау, жолын кесу, ашу және
тергеу міндетін жүзеге асыратын құқық қорғау органын белгілеңіз.
А. Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі
В. Мемлекеттік кіріс департаменті жанындағы Экономикалық тергеу қызметі
С. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро
D. Қаржылық бақылау инспекциясы
1.3.Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, қылмысқа қарсы күресті жүзеге асыру қызметін
жүзеге асыратын органды анықтаңыз.
А. ҚР Прокуратура
В. ҚР ҰҚК
С. ҚР Ішкі істер органдары
D. ҚР Сот органдары
1.4. ҚР Прокуратура қызметінің құқықтық негіздеріне не жататындығын көрсетіңіз.
А. ҚР Конституциясы мен заңы
В. ҚР Конституциялық заңы мен кодекс
С. ҚР Нормативтік-құқықтық актілері
D. ҚР Жарлықтары мен бұйрықтары
[4]
2. Құқықтық мемлекеттің белгілерімен танысып, төменде берілген Конституциялардағы
нормалардың мазмұнынан құқықтық мемлекеттің белгілерін анықтап, кестенің екінші
бағанасына жазыңыз.
Құқықтық мемлекеттің төрт негізгі белгісі бар:
A. қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың басымдылық ролге ие болуы;
B. адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының шынайылығы мен кепілдігі;
C. мемлекет пен жеке тұлға арасындағы өзара жауапкершілік;
D. билікті бөлу қағидаты.
Конституциялардан үзінді

8

Құқықтық
мемлекеттің
белгілері (мыс. АD)

1

2

3

4

5

ҚР Конституциясы (30.08.1995)
3-бап
4. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция
мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот
тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік
жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне
сәйкес жүзеге асырылады.
4-бап
Қазақстан
Республикасында
қолданылатын
құқық
Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік
құқықтық
актілердің,
халықаралық
шарттары
мен
Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ
Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты
нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.
АҚШ Конституциясы (1787 ж.)
1-бап
Заң
шығару жөніндегі барлық
өкілеттілік
Құрама
штаттарындағы Конгресіне тиесілі
2-бап
Атқарушы билік Құрама Штаттардың Президентіне беріледі.
5-бап (4-түзетілім)
Халықтың меншігі, құнды қағаздары, баспанасы мен жеке
тұлғаның өміріне қол сұқпаушылық құқығына кепілдік беріледі.
Сонымен қатар толық негіздер болмаған жағдайда тінту немесе
қамауға алуға тыйым салынады.
ГФР Конституциясы
20-бап.
Конституциялық құрылыс негізінде заңнамалық билікті жүзеге
асыру, заң мен құқыққа сүйене отырып атқарушы және сот
билігін қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілікті мемлекет
болашақ ұрпақтар алдында өз мойнына алады...

1.

2.

3.

4.

5.

[5]
3.

1

2

3

Кестеде берілген адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ҚР
Конституциясының нормаларымен сәйкестендіріңіз.
Құқықтар мен Жауап ҚР Конституциясынан алынған нормалар
бостандықтар
Азаматтық
А. Әркімнің тынығу құқығы бар.
Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің
қорғауында болады. Азаматтардың мемлекеттік оқу
орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі.
Орта білім алу міндетті.
Саяси
В. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде
алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай
алады. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен
кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз
еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда
немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
Әлеуметтік
С. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот
арқылы қорғалуына құқығы бар. Әркімнің өмір сүруге

9

4

Экономикалық

5

Мәдени

құқығы бар. Адамның қадір-қасиетіне қол
сұғылмайды.
D. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік
беріледі. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез
келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға
құқығы бар. Қазақстан Республикасы азаматтарының
бірлесу бостандығына құқығы бар.
E. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға,
қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін
еркін таңдап алуға құқығы бар.
[5]

4. Берілген мәтінмен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Құқық жүйесі - бұл құқықтың ішкі құрылымы (құрылысы, ұйымдастырылуы). Заң
нормаларының сараланып өзара бөлінуі. Құқық жүйесінің бірнеше құрылымдық элементтері
бар ол: құқық нормасы; құқық салалары, құқық институттары және құқықтың ішкі салалары.
- Құқықтық норма ол қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекет тарапынан кепілдік
берілген, нормативтік-құқықтық актілерде көрініс тапқан жалпыға міндетті тәртіп
ережесі. Құқықтық норма бірнеше элементтен тұрады, ол: міндет, құқық(гипотеза),
тыйым салу/рұқсат беру(диспозиция) мен санкцияны белгілейтін құқық жүйесінің
элементі.
- Құқық салалары бұл белгілі бір әдістер арқылы қоғамдық қатынастардың бір саласын
сапалы түрде реттейтін құқық нормаларының жиынтығы (мысалы, конституциялық
құқық, азаматтық құқық, әкімшілік құқық және т.б.).
- Құқық институттары бұл құқықтық сала ішінде немесе ішкі саладағы белгілі бір
қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдық нормалардың топтық жиынтығы (мысалы,
меншік құқығы, мұрагерлік құқық- азаматтық құқық институттары)
- Құқықтың ішкі салалары құқық саласымен салыстырғанда құқық нормаларының
төменгі топтарын біріктіреді. Қоғамдық және туыстық қарым-қатынастарды реттейді
(мысалы, тұрғын-үй, мұрагерлік, келісім шарт салалары азаматтық құқық саласына
кіреді)
Қандай жағдайда құқықтық норма элементтері қоғамдық қатынастарды реттеуде
пайдаланылады? Үш мысал келтіріңіз.
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Құқық саласы мен құқықтық институттың айырмашылығын жазыңыз? Үш мысал келтіріңіз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[6]

10

Балл қою кестесі

Жауаптары
тапсырма
1
1. C
2.C
3.C
4. A
1. (A) қоғамдық өмірдің барлық салаларында
құқықтың басымдылық ролге ие болуы;
2. (D) билікті бөлу қағидаты.
3. (D) билікті бөлу қағидаты;
2
4. (B) адам және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарының шынайылығы мен кепілдігі;

3

4

Балл
1
1
1
1
1
1
1
1

5. (C) мемлекет пен жеке тұлға арасындағы өзара
жауапкершілік; билікті бөлу қағидаты
1. С
2. D
3. A
4. B
5. E
Білім алушылар нормативтік-құқықтық актілерден
мысал келтіреді.
Мысалы: ҚР Конституциясына сәйкес Қазақстанды
қорғау әрбір азаматтың міндеті.
Білім алушылар нормативтік-құқықтық актілерден
мысал келтіреді.
Мысалы: ҚР Конституциясына сәйкес әркімнің
кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген
заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға
құқығы бар.
Білім алушылар нормативтік-құқықтық актілерден
мысал келтіреді.
Мысалы: ҚР Конституциясына сәйкес, Қазақстан
Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына
құқығы бар. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне
кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады.
Құқық саласының айырмашылығы біртекті қоғамдық
қатынастарды сапалы реттейтін құқықтық нормалар
жиынтығы.
Құқық институттарының айырмашылығын қоғамдық
қатынастардың белгілі бір түрін(тобын) реттейтін заң
нормаларының жиынтығы
Құқық институттары саланың құрамдас бөлігі,
бөлімі.

Барлығы

1
1
1
1
1
1
1

1

1

1

1
1
20

11

Қосымша
ақпарат

Ұқсас
жауаптар
қабылданады.

IІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
IІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны – 20 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін 4
тапсырма берілген. Тест тапсырамаларынан берілген жауап нұсқаларының ішінен дұрыс бір
жауапты таңдайды.Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер
түрінде
жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар
орындаушылық және шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.

12

IІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім

Тексерілетін мақсат

Жария құқық

10.2.1.1
Конституциялық
құқық
институттарын
құқықтық норма жүйесі
ретінде түсіндіру
10.2.4.3 Нақты мысалдар
арқылы қылмыстық теріс
қылық
пен
қылмысты
қоғамдық
қауіптілік
дәрежесіне сәйкес сипаттау
10.2.4.5 Жеңілдететін және
ауырлататын мән-жайларды
ескере отырып, қылмыстық
құқық бұзушылықты бағалау
10.2.5.2 Нақты жағдаяттарды
талдау кезінде сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес
туралы
заңның
негізгі
ережелерін пайдалану

БАРЛЫҒЫ:
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

Ойлау
дағдылары
ның деңгейі

Тапсырм
а саны*

Тапсы
рма №

Тапсырман
ың түрі

Орындалу
уақыты,
мин

Балл
*

Қолдану

1

1

ҚЖ

8

4

Жоғары
деңгей
дағдылары

1

2

ТЖ

10

5

Бөлімге
берілетін
балл саны

20
Жоғары
деңгей
дағдылары

1

3

ҚЖ

10

5

Жоғары
деңгей
дағдылары

1

4

ТЖ

12

6

-

4

-

-

40

20

13

20

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Құқық негіздері» пәнінен IІ тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Берілген анықтамамен танысып, кестедегі институттардың арасынан конституциялық
құқық институттарын анықтап, кестені толтырыңыз.
Құқық институты дегеніміз – біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін, тұрақты құқық
нормаларының жүйеленген тобы.
1. Мұрагерлік институт 2. Президенттік
3. Қылмыс
4. Азаматтылық
институт
институты
(азаматтық) институты
5. Сайлау
құқығы 6. Мемлекеттік
7. Парламенттік 8. Интеллектуалдық
институты
қызмет институты
институты
меншік
Институттар
Конституциялық құқық
институттары
[4]
Төменде берілген жағдаяттармен танысып, жасалған әрекеттің қылмыс немесе
қылмыстық теріс қылық екендігін анықтап, қоғамға қауіптілік деңгейі бойынша
орналатсырыңыз. Қауіптілігі жоғарыдан бастап төменге қарай.
a)
Азамат
А.
ірі
IT b)
Ерлі-зайыптылар
c) Түнгі уақытта азамат
компанияда
қызмет
етеді. неке қияды. Екі жылдан
К. букмекерлік кеңсеге
Қызмет ететін компания 3 кейін,
жол
көлік
басып кіріп, суық
миллион
тұтынушылардың оқиғасының нәтижесінде
қаруды
қолдану
жеке
мәліметтерін
өз жұбайы еңбекке қабілетсіз
арқылы
қорқытып,
серверлерінде сақтайды. Бір болып қалады. Зайыбы
кеңсе
әкімшісінен
күні
азамат
А.
қателік қамтамасыз ету жөніндегі
кассадағы
ақшаны
жасауының
нәтижесінде 3 міндеттемеден
бас
тонайды.
миллион тұтынушының жеке тартады.
өміріне
қатысты
ақпарат
ғаламторға таралып кетеді.
Әрекет түрі______________
Әрекет түрі____________
Әрекет түрі____________

2.

d) Көлік жүргізіп келе жатқан
азамат
Г.
жол
жүру
жылдамдығын рұқсат етілген
жылдамдықтан асырып қарсы
жолға шыға берісте қарсы келе
жатқан
көлікпен
үлкен
жылдамдықта
соқтығысады.
Нәтижесінде көлік жүргізуші
қайтыс болады. Қарсы келе
жатқан көліктің жүргізушісі мен
жолаушысы
ауыр
дене
жарақатын алды.
Әрекет түрі______________

5. Жоғарыда берілген қылмыс/қылмыстық теріс
қылыққа байланысты берілген жағдаяттарды қоғамға
қауіптілігі деңгейі бойынша орналастырыңыз.
1.
2.
3.
4.

[5]

14

3. «Қазіргі таңда кейбір азаматтар саналы түрде бірнеше рет ауыр қылмысқа барып, сот үкімін
шығару барысында өздерінің жүкті әйелі, кәмелетке толмаған балаларының бар екендігін
айтып, олардың артында тығылып (жасырынып), судьяны жазасын жеңілдетуін сұрайды» Осы
тақырыпқа қатысты өз ойыңызды жазыңыз.
Сіздің жауабыңызда (сұрақтарға жауап) болуы тиіс(критерийлер):
a) Жазаны жеңілдету немесе ауырлату қажет пе?
b) Жеңілдететін мән-жайларға тоқталу;
c) Ауырлататын мән-жайларға тоқталу;
d) Қылмыстық құқықбұзушылыққа барған адамның әрекетіне баға беру;
e) Осыған ұқсас, өмірде кездескен жағдаяттардан мысал/дәлел келтіру.
___________________________________________________________________________
[5]
4. Нақты жағдаятпен танысып талдау жасаңыз.
Азамат Е. Э. мемлекеттік(ұлттық) компаниясының басшысы кезінде аса ірі көлемде сеніп
тапсырылған мүлікті иемденіп, пара алған болатын.
a) Жасалған қылмыс санаты қандай?
b) Қылмыстық кодекске сәйкес аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемденгені
үшін қандай жаза тағайындалады?
c) Қылмыстық кодекске сәйкес пара алғаны үшін қандай жазаға тартылады?
d) Қолданылатын жазаны ауырлататын мән жайлар бар ма? Болса қандай?
e) Қолданылатын жазаны жеңілдететін мән жайлар бар ма? Болса қандай?
f) Жоғарыда келтірілген жағдаят Қылмыстық кодекстің қай бабында көрініс тапқан?
[6]

15

Балл қою кестесі

тапсырма
1

2

3

Жауаптары

Балл

Президенттік институт (2)
Азаматтылық(азаматтық) институты (4)
Сайлау құқығы институты (5)
Парламенттік институты (7)
a) Қылмыстық теріс қылық;
b) Қылмыстық теріс қылық;
c) Қылмыс
d) Қылмыс
1-с
2-d
3-b
4-a
Жауап үлгісі:
Қазіргі таңда қылмыстық құқықбұзушылық
жасаған соң жауапкершілік пен жазадан босау
үшін түрлі әдіс-тәсілдер жиі қолданылуда.
Қылмыскер
(айыпталушы,
сотталушы)
қылмыстық заңның мазмұнымен терең танысып
өз жазасын барынша жеңілдетуге тырысады.
Жазаны жеңілдету үшін ҚР Қылмыстық
кодексіне сәйкес 1) мән-жайлардың кездейсоқ
тоғысуы салдарынан алғаш рет қылмыстық теріс
қылық не алғаш рет онша ауыр емес немесе
ауырлығы орташа қылмыс жасау; 2) кінәлі
адамның кәмелетке толмауы; 3) жүктілік; 4)
кінәлі адамның жас балаларының болуы және т.б.
реттерде ғана судья жазаны жеңілдетеді. Ал егер
ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес сотталушы 1)
қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше
рет жасалуы, қылмыстардың қайталануы,
қылмыстардың
қауіпті
қайталануы;
2)
қылмыстық құқық бұзушылық арқылы ауыр
зардаптар келтiру; 3) қылмыстық құқық
бұзушылықты адамдар тобының, алдын ала сөз
байласу арқылы адамдар тобының жасауы,
қылмыстық топ құрамында жасау; 4) қылмыстық
құқық бұзушылық жасағанда айрықша белсендi
рөл атқару секілді әрекет жасаса онда
жауапкершілік пен жаза ауырлайды. Мұндай
әрекеттер арқылы сотталушы (қылмыскер) өзінің
ниетінің теріс және қоғамға жат екендігін
көрсетеді. БАҚ мұндай жағдаяттар сирек
кездеседі. Оған мысал Алматы қ. Әйнек
шығаратын зауыттың басшысы бірнеше жылдан
бері бопсалаумен, кісі өлтірумен және ұымдасқан
қылмыстық топ мүшелігінде болып түрлі
қылмыстар жасауы.

16

Қосымша
ақпарат

1
1
1
1
1
1
1
1
1

Дұрыс
орналастырғаны
үшін 1 балл
Ұқсас
немесе
осымен
байланысты
жауаптар
қабылдануы
мүмкін.

5

4

А) Аса ауыр қылмыс
B) мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды
атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу
құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе
онсыз, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге
бас бостандығынан айыруға жазаланады.
C) мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды
атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның
жиырма еселенгеннен елу еселенгенге дейінгі
сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
D) қылмыстық құқық бұзушылықты адамдар
тобының, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар
тобының жасауы, қылмыстық топ құрамында
жасау;
Е) Жеңілдететін мән жайлар жоқ
F) ҚР ҚК 189 2 тармақ 4 тармақша, 366 бап 4
тармақ

Барлығы

1

1

1

1
1
1
20

17

IIІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
IІI тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны – 20 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін 6
тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер
түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушылар орындаушылық
және шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.

18

IІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім

Тексерілетін мақсат

10.3.1.3
Азаматтық
субъектілерін анықтау

құқық

10.3.1.5 Нақты мысал негізінде
жеке
мүліктік
емес
құқықтардың
ерекшеліктерін
анықтау
10.3.1.8 Құқықтық жағдаятты
(казусты)
талдай
отырып,
меншік
құқығын
қорғау
Жеке құқық жолдарын түсіндіру
10.3.2.1
Қазақстан
Республикасы
тұтынушылар
құқығы туралы заңына сәйкес
құқықтық
қатынастар
субъектілерінің құқықтары мен
міндеттерін анықтау
10.3.3.3
Әртүрлі
өмірлік
жағдайларда
балалар
құқықтарының
жүзеге
асырылуын зерттеу
БАРЛЫҒЫ:
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

Ойлау
дағдылары
ның деңгейі

Тапсырма
саны*

Тапсы
рма№

Тапсырман
ың түрі

Орындалу
уақыты,
мин

Балл
*

Қолдану

2

1-2

ҚЖ

8

4

Қолдану

1

3

ҚЖ

6

3

Жоғары
деңгей
дағдылары

1

4

ТЖ

10

5

Қолдану

1

5

ҚЖ

8

4

Жоғары
деңгей
дағдылары

1

6

ТЖ

8

4

-

6

-

-

40

20

Бөлімге
берілетін
балл
саны

20

19

20

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Құқық негіздері» пәнінен IІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Азаматтық кодекске сәйкес, азаматтық
қатысушыларын сипаттаңыз.
Мемлекет
Азаматтар

заңдармен

реттелетін

қатынастардың

Заңды тұлғалар

[3]
2. Берілген мәтінмен танысып, бос орынды толтырыңыз.
Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол
мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес
жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және
жауапкер бола алатын ұйым … деп танылады
А) жеке тұлға
В) заңды тұлға
С) азамат
D) мемлекет
[1]
3. Төменде берілген үш жағдаятпен танысып, қайсы мүліктік емес жеке құқықтық
қатынастарға жататындығын анықтап, мүліктік қатынастардың айырмашылығы мен
ұқсастығын жазыңыз.
А) Азамат Д. техника дүкенінде тоңазытқыш сатып алады. Үйге әкеліп орнатқан соң,
шамалы уақыт өтеді. Азамат Д.-ның тоңазытқышы он төрт күн ішінде істен шығады.
Сатып алушы техника дүкеніне қайта оралып, техниканы ауыстырып беруді немесе ақша
қайтаруды талап етеді.
В) Компания басшысы осы мекемеде қызмет ететін қызметкер жұмыстан негізсіз
кешіккені үшін тәртіптік жаза қолданады. Мекеме қызметкері компания басшысының
іскерлік беделі мен жеке құпиясын көпшіліктің арлдында жария етеді.
С) Білім алушы арнайы құрылғыны ойлап табады. Осы құрылғы арқылы денсаулық
жағдайы төмен адамдар өмірлерін жеңілдете алады. Құрылғы авторы авторлық құқық
немесе патент алуға өтініш береді.
Жауап

Ұқсастығы

Айырмашылығы

Мүліктік құқықтар
Мүліктік емес жеке
құқықтары
[3]

20

4. Құқықтық жағдаятпен танысып, сұрақтарға жауап беріп, талдау жасаңыз.
Екінші деңгейлі банкке К. есімді азамат жүгінеді. Мақсаты - той өткізу. Банк менеджері
өтінішті, төлеу қабілетін және азамат немесе оның жақын туыстары атындағы меншікті
қарастырып, ақша беруге келісім береді. Қуаныштан азамат К. банктік заем алу жөніндегі
шартты оқымай қолын қойып, сұраған ақшасын кассадан алады. Шамалы уақыт өткен соң
азамат К. жұмыстан шығып қалуына байланысты төлем қабілетінен айырылады. Банк бірнеше
ай төлем жасамағаны үшін, жиналған қарыздың орнын толтыруы мақсатында азамат К. ның
ата-анасының үйіне арест қойып, сауда алаңында олардың рұқсатынсыз сатып жібереді.
Сұрақ
a) Азамат К. заем шарт жасасу барысында қандай қате жіберді?
b) Шартты қамтамасыз ету үшін банк қандай кепіл алды?
c) Төлем қабілетінен айырылған азамат К. қандай әрекеттер жасауы тиіс?
d) Ата-анасының меншік құқығын қорғау үшін не істеу қажет?
e) Сауда алаңында үй иесінің рұқсатынсыз баспананы сатып жіберуге бола ма?
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[5]
5. ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңға сәйкес субъектілердің құқықтары мен
міндеттерін кестеге толтырыңыз.
Тұтынушы

Сатушы

Құқықтары
Міндеттері
[4]
6. Отбасылық құқық субъектісі ретінде кәмелет жасқа толмаған балалардың қоғамдық
қатынастарға қатысуына байланысты мысалдар келтіріп жазыңыз.
Кәмелет жасқа толмаған балалардың білім алу құқығы
Мысалы:
Кәмелет жасқа толмаған балалардың еңбек ету құқығы
Мысалы:
Кәмелет жасқа толмаған балалардың отбасы мүшесі ретіндегі құқығы
Мысалы:
Кәмелет жасқа толмаған балалардың мүліктік құқықтары
Мысалы:
[4]

21

Балл қою кестесі

тапсырма

1

2

3

4

Жауаптары
Мемлекет - заң актілері арқылы өзінің билігін
жүргізу қызметін жүзеге асыратын мемлекет жария
құқығы субъектісі ретінде танылады. Мұндай
жағдайларда мемлекет өзге субъектілерді оның
қойған талаптарына бағынуы негізінде құқықтық
қатынастарға кіріседі.
Азаматтар - азаматтық кодекске сәйкес азаматтық
құқықтық қатынастардың негізгі субъектілерінің
бірі.
Заңды тұлға - меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе
жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және
сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап
беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке
құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге
асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола
алатын ұйым.
В. Заңды тұлға
Мүліктік құқық А
Мүліктік емес құқық В
Мүліктік емес құқық С
Ұқсастығы: мүліктік және мүліктік емес
қатынастар азаматтық құқықпен реттеледі.
Айырмашылығы: жеке мүліктік емес құқықтық
қатынастар тауарлық құны болмайтын рухани
немесе өзге материалдық емес игіліктер жөнінде
қалыптасатын қоғамдық қатынастар
Заем шартымен толық танысуға және шарт еркіндігі
мен теңдігі қағидатын ұстана отырып өзгерістер
мен толықтырулар енгізуге немесе бас тартуға
құқығы бар еді.
Шартты қамтамасыз ету үшін төлем қабілетіне
байланысты жылжымайтын немесе жылжитын
мүлік кепіл ретінде қарастырылуы мүмкін. Алайда
бұл жағдайда меншік иесі кепіл ретінде беруге
рұқсат беруі тиіс. Банк ол туралы хабарлап айтқан
жоқ. Бұл алаяқтық.
Төлем қабілетінен айырылған тұтынушы бұл
туралы ақпаратты банк әкімшілігіне хабарлап,
төлемді кейінге шегеру немесе өзгерту туралы
өтініш жазу қажет.
Меншікке заңсыз қол сұғудан қорғау үшін құқық
қорғау органдарына жүгіну. Сотқа мүлікті қорғау
үшін меншік иесі барып арыз шағым жазуы тиіс.
Меншікке қол сұғып, сауда алаңында сату
азаматтық заңнамаға қайшы. Яғни мүлік иесінің
рұқсатынсыз сот процедурасынсыз сатуға немесе
басқа да әрекеттерді жасауға тыйым салынады.
22

Балл

1

Қосымша
ақпарат
Басқа
да
дұрыс
жауаптар
қабылданады

1

1

1
1
1

1

1

1

1

1

1

Үшеуін
анықтаса
1
балл
Басқа
да
дұрыс
жауаптар
қабылданады
Ұқсас немесе
осымен
байланысты
жауаптар
қабылдануы
мүмкін.

5

6

Тұтынушының
құқықтары
тау
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!