×
Сертификат алу үшін



Ашық сабақ ҚМЖ "Арифметикалық квадрат түбірінің қасиеттеріне есептер шығару" 8сынып
Автор:
Бағыты: Алгебра Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 8 сынып
Жарияланған уақыты: 2017-12-18





Материал туралы қысқаша түсінік

ҚМЖ жазу үлгісі мұғалімдерге көмек үшін


Қысқа мерзімді с

абақ жоспары


Тақырыбы: Арифметикалық квадрат түбірінің қасиеттеріне есептер шығаруМектеп: «Абай атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ
Мерзімі: 16.10.2017 сағат: 12:50Мұғалімнің Т.А.Ә: Дүкенбай Жандос Дүкенбайұлы
Сынып: 8Қатысушылар саны: Қатыспағандар:
Оқу мақсаттары
  • Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін еске түсіру, мысал келтіру;
  • Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін пайдаланып сәйкестендіру және есептеп шығару;
  • Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін пайдаланып есептеу және тапсырмаларды алмастыру, бағалау.
  • Оқу мақсаттары/Күтілетін нәтиже Барлығы (А (жоғары), В (жақсы), (С орташа): Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін біледі.Көпшілігі (А, В): Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін пайдаланып сәйкестендіреді.Кейбіреуі (А): Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін пайдаланып, есептей алады.
    Тілдік мақсаттар (тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым):- Квадрат түбірге байланысты ақпараттарды есту.- Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін және ережелерін оқу.- Арифметикалық квадрат түбірге есептер шығарып, дәптерге жазу.- Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерінің анықтамасын айту
    Алдыңғы оқу Математикалық терминдер: Арифметика, минус, плюс, түбір, радикал, т.б.

    Жоспар

    Жоспарланған уақыт(минутпен)Жоспарланған іс-әрекеттерБағалау Ресурстар


    Мұғалім іс-әрекетіОқушы іс-әрекеті



    Сабақтың басы. Ұйымдастыру кезеңі7 минут Оқушыларды психологиялық ахуал. «Танысу шеңбері» арқылы бір-біріне, жылы лебіздер айту. Тақырыпты ашу және тақырыпты қайталау мақсатында «Сандар сыры» әдіс тәсілі арқылы топқа бөлу. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушыларды ортаға шақырып, шеңбер жасатады. Оқушылар жылы лебіздерін, өздерінің есімдеріне сай сын есім тауып айтқаннан кейін оларды топқа арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қайталату арқылы бөледі. Сабақтың тақырыбын және мақсатын жаздыру. Оқушылар мұғаліммен бірге сабақтың мақсатына жетудегі бағалау критерийлерін анықтауға түрткі болады. Оқушылар сәлемдеседі, өзара мұғаліммен көңіл-күйімен бөліседі, танысады сөйлеседі, жылы бір-біріне лебіздер айтады.Топқа «Сандар сыры» әдісі арқылы есептерді ойша шығару арқылы бөлінеді және сол арқылы арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін еске түсіреді. Тақырыпты өздері ашады, сабақтың мақсатын айқындап, сабаққа дайындалады. Мұғаліммен бірге сабақтың мақсатына жетудегі бағалау критерийлерін анықтайды. «Ауызша мадақтау»«Жарайсың!»«Керемет!»«Жақсы!»

    «Жетістік критерийлері» 1. Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін білу;2. Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін пайдалану арқылы есептерді сәйкестендіре алу;3. Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін пайдаланып, есептер шығарып, бағалай алу.
    АКТ, интербелсенді тақта, таратпа материалдар, конверт, карточкалар, қағаз парақшалар

    Сабақтың ортасы. (20+5 мин) «Тарсия ойыны» әдісі «ТЖ» Мақсаты: Идеяларды құрастырып, белсенді тыңдап, бар ойын талқылауға, шоғырландыруға мүмкіндік беру.











    «Тарсия» ойынының шартымен таныстырады. Оқушыларға әр түрлі фигурадағы қағаз қиындыларын конверт арқылы беріп, арифметикалық квадрат түбірге есептер ұсынады, 3 топқа әр түрлі тапсырма береді, түрткі сұрақтарды қояды. 1. Қалай?2. Неліктен?3. Сіз қалай ойлайсыз?4. Досыңызды сендіре аласыз ба?



    Оқушылар берілген тапсырманы орындау арқылы бір фигураны құрастырады, есептерді дәптерге жазады, салыстырады, бір-бірін тексереді, критерий арқылы бағалайды, топтар өзара жапондық бағалау арқылы бағалайды.«Жапондық»«Смайликтер»«Критерий арқылы» бағалау баллдық жүйемен, толық 5 балл қояды 1. Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін білу; 2. Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін пайдалану арқылы есептерді сәйкестендіре алу;3. Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін пайдаланып, есептер шығарып, бағалай алуАКТ, таратпа материалдар, желім, плакаттар,
    Сабақтың соңыҚорытындыРефлексия (8 мин)«Ойландырған үш сұрақ»мақсаты: Сабақтың қиын тұстары,нені білгені жағын анықтау Оқушыларды жауаптарына қарай қорытындылауСабақ қиын болды ма? Сабақтан сіздің күткеніңіз расталды ма?Сіз бүгінгі сабақтан не алдыңыз?Оқушылар «Ойландырған үш сұрақ» әдісі бойынша өз ойларын айтады және жазады.«Ойландырған үш сұрақ»«Ауызша мадақтау»«Жарайсың!»«Керемет!»«Жақсы!»«Тамаша»Стикер
    Үйге тапсырма:






    Қосымша ақпараттар
    Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? (Осы сабақ барысында А, В, С оқушыларыңызға жеке, жұпта, топта қандай көмек көрсетесіз...) Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? (жалпылама ақпарат/бағалау идеясы)Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс (Мектеп, оқушы, мұғалім мәдениетіне негізделеді)






    РефлексияСабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.




    Қорытынды бағалауҚандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

    Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


    Материалды сайттан тегін жүктеу
    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!



    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.