Материалдар / Ашық сабақ "Құқық-әділет пен парасат жолы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Құқық-әділет пен парасат жолы"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге қосымша көмек құралы ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2018
2749
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Құқық - әділет пен парасат жолы».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу.

Тәрбиелік: Конституция, т.б. құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың тыңдау, ойлау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.

Сабақ түріТанымдық сайыс

Сабақ әдіс-тәсілдеріСұрақ-жауап, жағдаят шешу, көрініс

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, кітаптар, буклет, заңдар жинағы, арнайы үлестірмелер, плакаттар.

Сөздік жұмыс: Сот - cот билігін атқарушы, Заңгер - пайда болған қиындықты шешуші. Тергеуші - қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асырушы. Адвокат - қорғаушы. Үкім - сот шешімі.

Қанатты сөздер: 1) Тәрбиелі - тәртіптің құлы, Тәртіпті елдің ұлы. 
Б. Момышұлы. 
2) Әділ адамның адамгершілік қасиеттері заңды жоқтатпайды. 
Менандр. 

Сайыс барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе сөзді мұғалім бастайды.

Қайырлы күн,оқушылар!Сабағымыздың қонақтары!Бүгінгі «Құқық-әділет пен парасат жолы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

«Тілек үйі» тренингін ұйымдастыра отырып, сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.Сыныпты топқа бөлу(топ басшысын сайлау,бағалау парағын тарату).

«Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен,бұзақылықпен,мәдениетсіздікпен ымыраға келуіміз керек,өйткені осының өзі қоғам тыныштығын бұзады,өмірдің сапасына селкеу түсіреді.Тәртіпсіздік пен өз бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады.Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы-қоғамдық тәртіпті нығайтуға,қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам».

Н.Ә.Назарбаев

II.Негізгі бөлім

Сайыс барысы төмендегідей кезеңдерден тұрады:

1. Таныстыру

2. «Ойды талқы» (видиоролик)

3. «Заң терминдерін білу»

4. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» – мақал – мәтел сайысы

5. «Заңсыз арал»

6. «Суреттер әлемінде»

III. Қорытынды бөлім

IV.Бағалау

1. «Таныстыру» кезеңі

Топтың атын, ұранын айту.

2. «Ойды талқы кезеңі» (Берілген сұраққа әр топ өз тұжырымын білдіру керек). 

Әділет

Жастарды қылмысқа итермелейтін не?

Парасат

Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

3. «Заң терминдерін білу»

1. Кемтар адамды, оның құқығы мен мүддесін қорғауды мемлекеттік ұйымдастыру мен жүзеге асыру.

Қамқорлық


2. Айыбын өтеу орнынан немесе алдын алу шараларынан өз бетімен кетіп қалу.

Қашу


3. Қылмыстық істі сотта қарау нәтижесінде сотталушының айыпты немесе айыпсыздығын анықтап, айыптыға жаза шарасын белгілейтін сот шешімі.

Үкім


4. Біреуді айыптайтын, қорлайтын ойдан шығарылған өтірік әңгіме тарату.

Жала жабу


5. Мемлекеттің құрлықпен, сумен, әуе кеңістігімен өтетін ішкі сызығы

Шекара


6. Мемлект белгілеген жалпыға міндетті ережелер, тұтас нормативті құқық актілері.

Заң


7. Жеке жауапталудағы көрсетулердің қарама – қайшылығы бар екі адамды кездестіріп жауап алу.

Беттестіру


8. Біреудің дүние – мүлкін құпия түрде алу.

Ұрлау


9. Сот билігін атқарушы

Сот

10.Пайда болған қиындықты шешуші

Заңгер

11. Қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асырушы

Тергеуші

12. Қорғаушы

Адвокат

13. Сот шешімі

Үкім

4. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» – мақал – мәтел сайысы

Бұл кезеңде балалар мақал – мәтелдің жалғасын табу беріледі және сол табылған жалғастың ішіндегі сөздің екі тілде аудармасын айтады.

1. Бір қазаға екі ………….. жоқ (жаза)

2. Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі ……… табар (куә)

3. Би екеу болса, ………. төртеу (дауа)

4. Әр елдің  ………… басқа , иттері қара қасқа (заңы)

5. Елшіге ………. өлім жоқ (өлім)

6. Тақыр жерге су төксең жеруге тайғақ болар,

Жаманға сырығды айтсаң …………… , болар (айғақ)

  1. Ата – ананың қадірін балалы болғанда білерсің,

Анық достың қадірін, ………….. болғанда білерсің (жалалы)

  1. ……………. істің – арты игі (әділ)

  2. Жолға шықсаң сайлан, бес ……………. байлан (қару)

  3. У ішкен бір өлім, ……………….. ішкен мың өледі (ант)

«Қызыл, сары, көк ауыл» деп аталатын жаттығу.

Мұғалім: әр топтың ортасына әр түрлі лента қояды.
Мұғалім: Жер енді ғана жаратылғанда адамдар бір - бірімен дос, бауыр болыпты, бір - бірінен ешнәрсе аямапты. Бір күні аспаннан әр түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі көгін, бірі қызылын, бірі сарысын алыпты.
Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандар көк болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек - бөлек қорған тұрғызыпты (Осы кезде мұғалім: ленталарыңызбен өздеріңізді қоршап алыңыздар дейді.) Біраз уақыттан соң адамдар достықты ұмытады. Көк ауылда су бар азық жоқ, қызыл ауылда азық бар су жоқ, сары ауылда азық та, су да бар, от жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіздер? ( Оқушылар жауабы тыңдалады.)

Әр түрлі ой айтқан олар қорғанның келегі жоқ, біз дос болуымыз керек деген ойға тоқталады. Бұл әңгіменің астарында бір жұмбақ жатыр, сол жұмбақты кім шешеді деген сұрақ тасталады.
Жауап: Адамдардың ауыл - ауыл көше - көше болып бөлінетіндігін, сол бөліну кезінде құқықтары бұзылатындары айтылады.


5. «Заңсыз арал»

Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді?
Оқушылар пікірі тыңдалады. Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды, ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тіршілігіміз үшін қажет.»Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Б. Момышұлының сөзін естен шығармайық.
6. «Суреттер әлемінде»

Берілген суреттер бойынша тақырыпқа сай мағлұмат беру, мазмұнын ашу.
1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Адамның тұрғын үйіне сұғылмайды.
(Тұрғын үй)
2. Конвенцияда «Баланың білім алуға құқығы бар деп көрсетілген». Балалардың оқуына барлық мүмкіншіліктер жасалуы қажет. (Мектеп)
3. БҰҰ - ның алдына қойған басты мақсаты – дүниежүзілік бейбітшілікті сақтау. (Бейбітшілік)
4. Әрбір адам өмір сүруге, денсаулығын сақтауға құқылы. (Денсаулық)
5. Адамның, азаматтың ар - намысы мен қадір - қасиетіне қол сұғуға болмайды, ешкімнің де өмірін қиюға болмайды. (Қылмыс)
6. Кез - келген бала дем алуға, қыдыруға құқылы, бірақ олар адамның қалауынша болуы тиіс.
(Демалу)
7. Кез - келген бала бос уақытын тиімді пайдаланып, денсаулығын нығайтуға, көңіл - күйін көтеруге, қабілетін дамытуға құқылы. (Спорт)


III. Қорытынды бөлім

«Сот отырысы» көрініс. Оқушылар алдын-ала берілген тапсырма бойынша сахналық қойылымдарын көрсетеді.

IV.Бағалау

Жан-жағым толған мақсат, толған таңдау.

Алайын анасын ба, мынасын ба, - деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, «Тәуелсіз Қазақстан» атты құқықтық мемлекеттің болашақ құрылысшылары, Сіздер Ата заңды құрметтеп, Отанға адал қызмет етер азамат болыңыздар.

Осымен «Құқық - әділет пен парасат жолы» сайысын аяқтаймыз



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!