Материалдар / Ашық сабақ. Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік. Құқыққа сай жүріс-тұрыс түсінігі және түрлері.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ. Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік. Құқыққа сай жүріс-тұрыс түсінігі және түрлері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік. Құқыққа сай жүріс-тұрыс түсінігі және түрлері. Пәні: Мемлекет және құқық теориясының негіздері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2022
357
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік. Құқыққа сай жүріс-тұрыс түсінігі және түрлері.

Тобы: П-20, 2-курс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерге құқық бұзушылық пен заңды жауапкершілік ұғымдарын тереңірек түсіндіріп, болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылық: Осыған дейінгі жиған білімдерін, құқықтық мәдениетін дамыта түсу.

Тәрбиелеу: Болашақ заңгер ретінде заңды сақтау, құқықтық мінез-құлықты тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақты өткізу әдісі: Топтарға бөлу, түсіндіру, сұрақ-жауап, есептер шығару.

Сабақтың көрнекілігі: презентация, бекітуге арналған есеп, видео-сабақ, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі. ( студенттерді түгендеу, 3 топқа бөлу) 2 минут.

  2. Үй тапсырмасын сұрау. 8 минут

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. (топтық жұмыс) 25 минут

  4. Сабақты қорытындылау. 5 минут

  5. Бағалау 3 минут

  6. Үй тапсырмасы 2 минут

І Ұйымдастыру бөлімі.

1-топ «Мемлекет»

2-топ «Құқық»

3-топ «Теория»

ІІІ Үй тапсырмасын сұрау (1-сурет)

Студенттер ұяшықтарда жасырылған сқрақтар арқылы, өткен тақырыпқа шолу жасайды. Оқытушы әр дұрыс жауапқа 50-100 ұпаймен бағалайды. 50-100 доллармен бағаланады.

  1. Құқықтық реттеу механизмі дегеніміз не?

  2. Құқықтық ықпал дегенміз не?

  3. Құқықтық ықпал ету тәсілдерін атаңыз.

  4. Міндеттеу дегеніміз не?

  5. Санкция дегеніміз не?

  6. Көтермелеу дегеніміз не?

(1-сурет)

ІV Жаңа тақырыпты меңгеру.

Студенттер «Мозаика» әдісі арқылы топтық жұмыстар жасайды.

Үш топқа үш түрлі тапсырма беріледі.

1-топқа «Құқық бұзушылық ұғымы және түрлері»

2-топқа «Құқық бұзушылықтың құрамы»

3-топқа «Заңды жауапкершілік түсінгі»

Топтарға А2 форматындағы қағаз бен тірек сызба құрастыру үшін кілт сөздер көрсетіледі.

1-топ «Құқық бұзушылық ұғымы және түрлері» кілт сөздері:

(әрекет, әрекетсіздік, кінә, құқыққа қарсылық, зиянды нәтиже, заңды жауапкершілік, қылмыстық құқық бұзушылық, теріс қылық, қылмыстық теріс қылық, қылмыс, азаматтық, әкімшілік, тәртіптілік.)

2-топ «Құқық бұзушылықтың құрамы» кілт сөздері: құқық бұзушылық субъектісі, әрекет қабілетті, заңды тұлға; құқық бұзушылық объектісі, құқық бұзушылық бағытталған қатынас; қоғамдық қатынас текті объект, адамның өмірі, денсаулығы, ар-намысы, мүлкі; құқық бұзушылықтың субъективті жағы, кінә, тікелей қасақана, жанама қасақана, абайсызда, немқұрайлылық, менмендік, 16 жас, 18 жас, 14 жас.

3-топ «Заңды жауапкершілік түсінгі» кілт сөздері: бас бостандығынан айыру, мүліктік (мысалы, айыппұл); ұйымдық сипаттағы (мысалы, жұмыстан шығару), процессуалдық нысан, арнаулы уәкілетті мемлекеттік органдар, құқық нормаларында белгіленген; қағидалар, қылмыстық жауаптылық, әкімшілік жауаптылық, азаматтық жауаптылық, тәртіптік жауаптылық.

Оқытушы:

  • Құрметті студенттер, алдымен прзентацияға назар аударып, жаңа тақырыпты қарастыруды бастайық. (2-сурет)


2-сурет

Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында оқытушыға Заңгербек есімді виртуалды көмекші келеді.



Сабақты қорытындылау: Кейс шешу арқылы жүзеге асырылады.

1Кейс

Қайрат бірінші параға кешігіп келді. Кешігуін ақтайтын дәлел

ретінде, кеше 58 жасқа толған әжесінің туған күнінде болғанын айт ты. Үстел басында отырғанда, әжесіне пенсияға шығу үшін құжаттар

дайындау қажет екендігі туралы сөз болды.

Қонақтар кеш тарқағандықтан, Қайрат таңертең ұйықтап қалды.

Сондықтан, университетке асығып, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп

кетті. Қайратты полиция қызметкері тоқтатып ескерту жасады.

Университет алдында Қайрат біреу жоғалтқан папканы тауып

алды. Сол себепті, ол қайта оралып, папканы полиция қызметкеріне

берді.

Ақыр аяғында Қайрат сабаққа 15 минут кешігіп келді.


Осы баяндаудан заңды факті, құқық бұзушылық және құқыққа

сай жүріс-тұрыс үлгілерін табыңыз. Өз жауабыңызды дәйектеңіз.


IV Рефлексия: Студенттерден сабақтың қалай өткендігін, ұнаған немесе ұнамағандығын көңіл-күй және эмоционалдық жағдайын көрсетеді.

V Бағалау «Өзін-өзі бағалау»

Студенттер смайликтер арқылы өздерінің бағасын береді. 5 смайлик – өте жақсы, 4 смайлик – жақсы.

VI Үй жұмысы:

Тақырыпты мазмұндау. Жағдаятты пайдалана отырып эссе жазу.

Студент Алпысовтың ойынша, құқық нормаларымен реттелетін

субъектілердің жүріс-тұрысы – құқыққа сай жүріс-тұрыс деп аталады. Студент Матаевтың пікірінше, ондай жүріс-тұрыс – құқықтық

жүріс-тұрыс деп аталады, ал студент Дарынов көзқарасы бойынша ол

қоғамдық маңызды жүріс-тұрыс болып табылады.

Қай студенттің пікірімен келісесіз?

Өз жауабыңызды дәйектеңіз.

Орындау нысаны – эссе, 250 сөз.

















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!