Материалдар / Ашық сабақ "Құстар біздің досымыз"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Құстар біздің досымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Құстар біздің досымыз" конспектіде барлық керек хабарлармар бар мектеп жасына дейінгі балаларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2022
178
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлім: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»

Мақсаты: Қыстап қалатын құстар мен үй құстары туралы білімдерін кеңейту , шағын тақпақтар мен жұмбақтарды жатқа айтуға үйрету.

БМ: Құстарды салыстыру, топтастыру арқылы ортақ ерекшеліктерін анықтай білуге және айтуға үйрету.

ДМ: Құстарға тән ерекшеліктерді ажырата білу қабілетін дамыту.

ТМ: Құстарға қамқорлық көрсетуге, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Құстардың суреті, ағаш, құстың іздері.

Қостілділік компонент: Құстар – птицы, қарға - ворона, торғай - воробей, сауысқан - сорока, шымшық – синица, суықторғай – снегирь, тоқылдық – дятел.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Ғажайып сәт

Үнтаспадан құстың дауысын тыңдатамын.

- Суықторғай ұшып келеді

- Балалар қараңдаршы бізге қандай қонақ келді?

- Дұрыс айтасыңдар балалар! Бізге қонаққа суықторғай ұшып келді! (алдын - ала жұмыс жасалады)

- Келген қонағымызбен амандасайықшы!

- Сәлеметсізбе суықторғай!

- Сәлеметсіңдерме балалар!

- Балалар мен адасып қалып едім, маған орманға ұшу керек, бірақ қалай баратын білмей тұрмын, сендерден көмек сұрау үшін келіп тұрмын.

- Балалар суықторғай көмектесеміз бе!

(Балалар келіседі)

- Суықторғай саған біз көмектесеміз!

Ұйымдастырушылық- ізденістік


-Балалар суықторғайды орманға апаратын басқа құстардың іздері жатыр екен!

-Осы іздермен жүріп көрейік!

-Балалар қарандаршы бізді орманға апартын жолды ағаштар жауып тастапты, жолды ашу үшін бізге тапсырма орындау керекпіз.

-Тапсырманы орындап болған соң ағаштар бізге жол ашылады.

-Тапсырманы орындаймыз ба?

Онда балалар 1-ші тапсырмада не берілгенің көрейін!

-Балалар бірінші тапсырмада суықторғайдың достарын ата дейді?

-Қане, балалар орындыққа отырып тақтадағы суреттерге қарайықшы!

(құстардың суреттерін көрсетемін «сауысқан, шымшық, торғай, қарға, тоқылдақ»)

Қостілділік компенент: қарға- ворона, суықторғай - снегирь , тоқылдақ - дятел, сауысқан - сорока, шымшық - синица,

-Бәрекелді балалар барлық құстардың атауын дұрыс айтып шықтыңдар!

-Енді осы құстардың (торғай, тоқылдақ) дене құрылысын құрастырайық.

-Балалар қараңдар ағаштар ашылды.

-Балалар қараңдар тағы ағаштар тұр жолды жауып алған!

-Бізге тағы бір тапсырма орындау керек!

2-ші тапсырмада кім құстар туралы тақпақ және жұмбақтар біледі деп тұр!

Қәне, балалар кім бізде құстар туралы тақпақ біледі!

Заңғар

Құс ұясын бұзбаңдар,

Балапанын алмаңдар.

Құстар біздің досымыз,

Обалына қалмаңдар

Нұрали

Таспен атып торғайды

Ұя бұзған оңбайды

Құс өкпелеп кетеді

Бақшамызға қонбайды

Аделя

Үйге кірші торғайым

Мен аяздан қорғайын,

Жем шашып берейің

Үйшік жасап берейің

-Бәрекелді балалар қандай жақсы құстар туралы тақпақтар мен жұмбақтар білесіңдер!

-Балалар ағаштарға сендердің айтқан тақпақтармен жұмбақтарын ұнатып сондықтан бізге жол беріп жатыр!

-Балалар тапсырмаларды жақсы орындап жатсыңдар, енді кішкене денемізді сергітіп алайық , ортаға шығып шеңбер жасап сергіту сәтін жасайық

Сергіту сәті


-Жарайсыңдар балалар! денемізді сергітіп алдық, енді ары қарай тапсырмаларды орындайық:

-Тағы бір қақпа ашылды.

3-ші тапсырмада балалар сурет бойынша әңгіме құрастыру керек?

Үйшіктің ішінде құстардың суреті болады, қасында кнопкасы болады кнопканы басқанда суреттегі құстың дауыстары шығады. Балалар қандай құс екенің атап, фонетикалық жаттығу жасау арқылы дауыстарын салады! (тоқылдақ, торғай, қарға, әтеш, тауық, қаз дауыстарын салады)

Суықторғай:

-Балалар рахмет сендерге, сендердің көмегімен өзімнің достарымды таптым!

-Балалар менің достарымның қарны ашып қалыпты, тамақтандыруға көмектесіңдерме!

-Сендер маған көмектескен үшін менің және менің достарымның сендерге арналған сыйлығамыз бар.


Рефлексиялық-

түзетушілік

Мнемокестесі арқылы қортынды жасау!

  1. Суықторғайдың келуі

  2. Бірінші тапсырма орындаулары (достарымен танысамыз суықторғайдың)

  3. Екінші тапсырма тақпақ, жұмбақтар айттық

  4. Үшінші тапсырма сурет арқылы әңгіме құрастырады және дауысын салады


Балаларды мадақтау, сыйлықтарын табыстау!




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!