Материалдар / Ашық сабақ «Құстарға қамқорлық»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ «Құстарға қамқорлық»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2018
1643
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«НұрСәт1»жекеменшік балабақшасы

«Құстарға қамқорлық»

Дайындаған: Таутанова Алтынай Ораскуловна

Алматы – 2018ж

Тақырыбы: «Құстарға қамқорлық»
Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейтуге, табиғат байлығын қорғау сезімдерін дамыту.

Біздер жақсы баламыз,

Өсті ақыл санамыз.

Қонақтармен ең алғаш,

Амандасып аламыз.

Жарқырасын күніміз,

Жайнап тұрсын гүліміз.

Жақсы ниет тілекпен,

Бастайық сабақ бүгін біз.

Балалар ең алдымен біз әдемі орманда жүргендей болайық.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі
- Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
- Қыс мезгілі үш айдан тұрады
- Өте жақсы
- Қыс айларын атаңыздаршы?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан
- Қыс мезгілінің қандай өзгерістері бар?
- Күн салқын, боран соғады, қар жауады, мұз қатады
- Өте жақсы
- Балалар біз бүгінгі сабақта құстар туралы әңгімелейміз
Құстардың түрлері өте көп. Құстар табиғатқа сән береді. Құстардың әуені табиғатты құлпыртады, адамдардың көңіл – күйін көтереді. Өзіміздің жерімізде мекендейтін құстар туралы айтамыз.
- Балалар құстар екі топқа бөлінеді екен?
- Қандай топқа бөлінеді екен?
- Қане кім айтады
- Үй құстары және дала құстары
- Дұрыс балалар
- Ал үй құстарына қандай құстар жатады?
- Әтеш, тауық, үйрек, қаз
- Өте жақсы
- Неге үй құстары деп атаймыз?
- Себебі оларға жем, су беріп үйде бағамыз
- Өте жақсы
- Үй құстарының қандай пайдасы бар?
- Үй құстары бізге жұмыртқа береді, етін жейміз
- Өте жақсы
- Ал енді балалар жыл мезгілінде өзгерістер болғанда құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Кетпей қыстап қалатын құстар бар олар: қарға, торғай, көгершін, сауысқан. Себебі олар суыққа шыдамды болады.
- Жылы жаққа ұшып кететін құстар оларды жыл құсы деп айтамыз. Себебі күн салқындағанда жылы жаққа ұшып кетеді, күн жылығанда ұшып келеді. Олар аққу, қарлығаш, тырна, тоқылдақ, қараторғай. 
- Аққу балалар 30 - 40 жыл өмір сүреді екен. Бұлар жұптасып жүреді екен. Ол киелі құс. Халық аңызына сүйенсек жылан да аққудың жұмыртқасына тимеген екен. Қазақ халқы сұлу қыздарын аққуға теңеген екен.
- Ал мынау қарлығаш. Қарлығаш адамға дос. Ол өзінің ұясын, ауланың айналасына салады. Қарлығаш адамға жақсылық тілеп жүреді және қауіп қатерден қорғайды.
- Мынау балалар тоқылдақ
- Тоқылдақ халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты құрт – құмырсқадан тазартады.
- Ал мынау қараторғай
- Қараторғайдың да пайдасы көп. Шыбын шіркейден қорғайды
. Бозторғай ән салса,күн ашық болады.Торғай шаңға аунаса,жаңбыр жауады.Сары шымшық ысқырса, шынымен күз болады.Үйрек бір аяғымен тұрып басын қанатының астына тықса,аяз болады. 

Сергіту сәті
Күн болып шығамыз
Гүл болып өсеміз
Құстар болып ұшамыз
Көбелек болып қонамыз

 Ел арасында ауа райын болжағанда ақбас тырнаның келу-қайтуына қараған .Тырналар тым төмен ұшса,ұзамай күн суытады, ал жоғары самғап бара жатса , күн ұзақ болады делінеді.Кеш қайтса ,қыс жылы болады.

- Өте жақсы балалар
Қорытынды:
- Балалар құстар нешеге бөлінеді?
- Екіге бөлінеді
- Қандай құстар болып бөлінеді?
- Ұй құстары және дала құстары
- Өте жақсы
- Балалар үй құстарының қандай пайдасы бар?
- Жұмыртқа береді, етін жейміз
- Ал дала құстарының қандай пайдасы бар?
- Табиғатты қорғайды
- Өте жақсы
- Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар
Осымен сабағымыз аяқталды.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!