Материалдар / Ашық сабақ: Қуыршаққа арналған сыйлық
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ: Қуыршаққа арналған сыйлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Таным саласы,сенсорика бөлімі түстер туралы кіші топқа арналған ашық оқу қызметі. Дамытушы орта фетр,бессаусақ,пампон,тәжірбие Топты үш топқа бөлу арқылы топтастыру әдісінше жұмыс жүргізу. Уақыты 10минут
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2022
283
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім саласы: Таным

Білім беру саласы: Сенсорика

Тақырыбы:Қуыршаққа арналған сыйлық

Мақсаты: Қызыл,сары,көк,жасыл түстерді таныстыру,сөздік қорын молайту,саусақ жаттығуларын дамыту,топпен және жеке жұмыс жасауға үйрету.

Көрнекіліктері: Түстер туралы А3 көрнекіліктер, түрлі ойыншықтар,фетрдан жасалған ойындар,пампончиктер,резинкалар.

Заттық дамытушы орта: Түсіндіру,сұрақ-жауап,эксперимент,дидактикалық ойын, тапсырмалар.

Билингвалды кампонент: Түс-цвет,қызыл-красный, сары-желтый, көк-синий.


Оқу қызметтері кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекетері

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық -қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Балалар, сары түсті алтын күнімізге шуақтарын құрастырайықшы

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде.

Қуанайық достарым

Жарқыраған күнге

Жарайсыңдар балалар!

Енді балалар тіл ұстарту жаттығуларын жасайықшы

Үс-үс-үс

Алуан,алуан түс.

Ыл-ыл-ыл

Қып-қызыл гүл.

Ры-ры-ры

Күн сары.

Ыл-ыл-ыл

Шөп жасыл

Өк-өк-өк

Аспан көк.

Балалар,біз бүгін Таным саласы сенсорика бөлімінен түстер әлеміне саяхат жасаймыз.

Шеңберге тұрып күн шуақтарын қыстырып хормен шаттық шеңберін айтады.















Тіл ұстарту жаттығуларын қайталайды.










Ұйымдастырушылық-ізденімпаздық

Бізді қоршаған әлемде сан алуан түс бар.Аспан көк, гүлдер қызыл,сары, шөп жасыл.Ойыншықтарымызда әртүрлі түсте болады.Жемістер мен көкөністердің өз түстері болады.

«Тосын сәт»

Балалар бізге қонақ келген сияқты.Иә,бізге қуыршақ Айгул қонаққа келді.Айгулдің көйлегіне қарайық.Қандай түсті?Әдемі ме?

Қуыршақ Айгул сіздерге тапсырма әкеліпті.Бірге орындап көрейік.

Бірінші топ «Орнын тап» ойыны түстерді орнына қойып шығады.



Екінші топ «Бес саусақ» ойыны резинкаларды түсте бойынша салады.

Үшінші топ «Көңілді шарлар» пампончиктерді түстерге ажыратады.

Тамаша балалар,енді бір сергіту сәтін жасап алсақ.

«Көңіл күй» аудио сергіту сәті.



Балалар, дидактикалық ойын «Қуыршаққа арналған сыйлық» ойнайық.Қуыршаққа арнап сыйлықтарды түстерге бөлейік.

Түстерді қайталайды.

Өздері білетін түстерді атайды.





Қуыршақ Айгулмен сәлемдеседі.





Бірінші топ балалары берілген тапсырманы орнына қояды.







Бес саусаққа резинка кигізеді.



Ұсақ пампончиктерді ыдысқа бөліп салады.



Сергіту сәтін жасайды.



Түстеріне қарай қорапшаға сыйлықтарды салады.












Ревлексиялық-түзетушілік

Балалар мен сендерге кемпірқосақ көрсеткім келеді.кемпірқосақта қандадай түстер бар?

Бүгін қандай түстермен таныстық.

Жарайсыңдар жауаптарын тамаша екен.

Ендеше көңілді ойын ойнайық.шеңберге тұрып түсті доптарды жинайық.

«Түрлі түсті доптар»

Экспериментті қарайды.

Шыққан түстерді атайды.





Күтілетін нәтижелер:

Нені біледі: түстердің атауын

Нені игереді: түстерді ажыратуды.

Нені меңгерді:тапсырманы орындай алуды,сұраққа жауап беруді.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!