Материалдар / Ашық сабақ Серпімділік күші дегеніміз не?
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Серпімділік күші дегеніміз не?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2021
619
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: Табиғат физикасы. Күш пен қозғалыс

Мектеп: «№4 ЖББМ» КММ

Күні: 25.02.21

Мұғалімнің аты-жөні : Алипбаева А.М

Сынып: 3 «Ә»

Барлық оқушы саны:25

Қатыспағандар саны: -

Сабақ тақырыбы

Серпімділік күші дегеніміз не?

оқу мақсаттары

3.5.1.1 Cерпімділік күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру

3.1.2.4 - жүргізілген эксперимент нәтижелерін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау

сабақ мақсаттары

Серпімділік күші туралы түсінік қалыптастыру.

Тәжірибе жасау барысында қорытындылар жасауға төселдіру.

бағалау критерилері

Серпімділік күші білінетін заттарды анықтайды


тілдік мақсаттар


Күш, серпімділік күші, дене, менің ойымша .., т.б.

құндылықтарды дарыту

өмір бойы білім алу

пәнаралық байланыстар

Математика, дүниетану,қазақ тілі

алдыңғы білім


2-сыныпта «Күшті қалай өлшейміз?» тақырыбында күш туралы ұғымды біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

Сабақтың басы



(Ұ)Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн досым,

Қайырлы күн болсын!

Жеті күннің әр күні

Сәттілікке толсын!

«Сиқырлы қапшық» әдісі арқылы топқа бөлу.
Қапшыққа салынған  саны бірдей қызыл,сары, жасыл шариктер таңдап алуды ұсынамын.
Осы түстер бойынша оқушыларды 3 топқа бөлемін:

1-топ: «Мергендер» (қызыл і)
2-топ: « Ептілер » (сары )
3-топ: « Жүйріктер» (жасыл )

1 тапсырма

(Ж;МК)«Ойлан-жұптас-бөліс» тәсілі арқылы

Заттардың пішіні қандай болады?

Тапсырманың мақсаты: оқушылардың тақырыпты үйренуге қызығушылығын ояту, сыни ойлауын дамыту, болжам жасау.

Бірнеше денені көрсету,атау (ермексаз, доп, серіппе, сызғыш).

Сұрақ:

Денелерге күш әсер еткенде өзгеріске ұшырай ма?

Қайсысы пішінін өзгертеді

Қорытынды жасау үшін әңгімелесу. Пішінін өзгертетін денелер серпімсіз денелер, күш әсерінен кейін бастапқы пішініне қайта оралатын денелер серпімді денелер деп аталады. Мысал келтіру.

Дескриптор:

  • практикалық тапсырма жасау арқылы(резина, доп, серіппе, ермексаз) серпімді денелер мен серпімсіз денелерді ажырата алады;



жинақ














суреттер














Сабақ ортасы































1.Cерпімділік күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру

2. 3.Серпімділік күшінің қандай жағдайларда байқалатынын түсінеді

(Т)« Мен зерттеушімін» әдісі.

Топтарға доп, резинадан жасалған ойыншықтар таратылып беріледі. Эксперименттер жасау арқылы серпімділік күшін анықтау.

Тапсырма:

  1. допты сығымдап, қайта босат.

  2. Не байқадың?

  • Допты қатты қысып, босатқанда не болды?

  • Рәзінкеден жасалған ойыншықты алдымен қысып, одан кейін босатқанда өз қалпына келе ме?

  • Қалай ойлайсыңдар денелер неліктен өз қалпына келді?

Топ өз жауабын ортада шығып айтады.

Дескриптор:

- эксперимет жасайды;

- оның қорытындысын айтады;

(Ұ) Проблемалық сұрақ.

  • Серпімділік күші дегеніміз не? Қалай ойлайсыңдар?

Мұғалім серіппені қолмен тартып, одан кейін оны бос жібергенде, оның қайтадан бастапқы қалпына келетінін көрсетеді.


  • Не байқадық?

  • Серіппеде қандай өзгеріс болды?

  • Бірінші тәжірибемен қандай ұқсастық пен айырмашылықты байқадық?

-Ендеше, бұл күшті біз серпімділік күші дейміз.

Бейнеролик көрсету.

Анықтама:Дене пішінімен өлшемдерінің өзгеруін «деформация» дейміз (латынша деформация – өзгеру).

Күш – бір дененің екінші бір денеге әрекетін сипаттаймыз (мысалы қолдың допқа, желдің қайық желкеніне, судің жүзушіге қарсы әрекетін айтуымызға болады)

Серпімділік күші – дене пішінін бастапқы қалпына келтіруге көмектесетін күш.

Оны алғашқы рет ағылшын ғалымы Роберт Гук ашқаны туралы айтып өту.


Сергіту сәті және жаңа топ құру. «Атом, молекула» ойыны

(Т) Кубизм әдісі

Бағалау критерийі:

1.Серпімділік күшіне өмірден мысал келтіре алады

2.Бірнеше суреттер ішінен серпімділік күшіне мысал болатын суреттерді ажыратады

3.Серпімді, серпімсіз денені ажыратады


Сипатта.

Серпімділік күші деген не?. «Кластер» құрастыру түрлі суреттерден серпімділік күшіне мысал бола алатын суреттерді жапсырады


Салыстыр

Берілген суреттердегі заттарды екі топқа бөл. Салыстыр.


Ұсын

Серпімділік күшін кімдер пайдаланады? Сурет бойынша әңгімелеңіз. Тағы қандай мысал келтіре аласыз?


Дәлелде

Серпімділік күшінін қажеттілігі неде? Оны қалай пайдаланады? Суретті қарап, дәлел келтір


Ой толғау

«Ішіне – сыртына» әдісін қолдана отырып,күнделікті өмірде серпімділік күшінің білінуіне мысал келтіру. (допты тебу, батутқа секіру, домбыра тарту, допты лақтыру, шарда отырып секіру, рогатка ату, суға секіру, штанга көтеру, қап көтеру, көтергіш кран, сырғанау, арбаны сүйреу, машинаның жүруі, садақ тарту, сырықпен секіру)


Талда

Серпімді және серпімсіз денелер туралы білген және түсінгендерінді пайдаланып коллаж жаса.


Дәптермен жұмыс.








Доп, рәзінкеден жасалған ойыншық

тар

серіппе
















инт .тақта












Р. Гуктың суреті



текше
















А4 қағазы маркер


Суреттер



Суреттер






Кесте




А4 қағазы маркер






суреттер


жұмыс дәптері

Сабақтың соңы




Рефлексия

-Сен бүгін не үйрендің?

-Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге?

-Не туралы тағы да көбірек білгің келеді?



Кері байланыс


Кері байланыс «Табыс баспалдағы»

1-баспалдақ: Еш нәрсе түсінбедім, орындай алмаймын.

2-баспалдақ: Түсіндім, бірақ өзіме сенімді емеспін.

3-баспалдақ: Жаңа тақырыпты түсіндім, өзім орындай аламын.








табыс баспалдағы»







Оқушылар хормен ұстаздарға ризашылығын білдіріп гүл шоқтарын ұсынады

Уақытпен санаспай еңбек еткендеріңіз үшін,

Бізді өз балаңыздан кем көрмегендеріңіз үшін,

Аянбай маңдай тер теккөндеріңіз үшін,

Сіздерге бізден мың алғыс, мың алғыс!











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!