Балабақшаға баланың
үйренуі.
Баланың
балабақшада болуы қажет пе
? Ия
әрине
негізінде
әлеуметтенуі бірінші отбасында және балабақша келгенде
басталады. Балабақшаға үйрену әр балада
әр түрлі болада.Көбінесе балабақшаға үйрену ерте жас 1.5-2 жаста
өте жақсы өтеді.Ал баланы ең алғашқы рет 3-4 жаста әкелсе онда
жағдай қиындау болады.Баланың балабақшаға бейімделуі әрине әр
балада әр-түрлі өтеді.Балалармен танысады , мінез-құлық ережелері мен
нормаларын менгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Бала тамақ
ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен араласудан
бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы
төмендейді , ойншықтарды ойынға қатыстырмайды. Баланың балабақшаға
қиын бейімделу себептері: басқа адамға бұрын қалып көрмегендіктен,
дәретке өзі отырып үйренбегендіктен.Балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2
сағатқа қалу керек .. Әр отбасында балабақшада
бейімделудің үш түрі бар,
жеңіл түрі-баланың мінез-құлығы 10-15 күнде қалпына келеді . Орташа
ауырлық бейімделу – 1 айдың ішінде , ауыр бейімделу – 2 айдан 6
айға дейін өтеді.
Ертенгілік
қоштасуды жеңілдету тәсілдері:
-
Балабақшаға баланы әкелгенде онымен тез қоштасу қажет,оған
сіздің қобалжығаныңызды көрсетпеңіз ,балаға қиын
болады
- Балаңыз
сізге сенсін десеңіз,балабақшаға әкеліп көрінбей қашып
кетпеңіз
Өйткені бала сізге сосын
сенбейді.
-
Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және оны қатал
ұстаңыз.
Балаға анық түсінік беру
керек. Бір рет
болсын баланың дегенін істесеңіз әрі қарай баланы көндіру өте
қиынға түседі. 2 – 3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу
күрделі құбылыс.Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдай көп
өзгеріске түседі.Сондықтан кеңес береміз.
- Үйдегі
жағдайда балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп
ұйымдастыруға жұмыстаныңыз
-
Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі
тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін
қосыңыз.
- Баланың
«социалдық көк жиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас
балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде
қонуға қалсын т.с.с.Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары
мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын
болады.
- Баламен
жағымды эмоцияналдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана
жағынан болуы қажет, балабақша туралы, оның өзіне керектігін
түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді
көрсетіңіз.Есіңізде болсын – сіз көбірек осындай жылылық
білдірсеңіз сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың
көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан
аулақ болыңыз.
Баланың
балабақшаға барлық бейімделу уақытында психологпен балабақшаның
медика – педагогикалық қызметі бақылауға
алады.