Материалдар / Ашық сабақ. Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы 7 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ. Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ. 7сынып алгебра пәнінен сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2020
407
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

7.2А Функция. Функцияның графигі.

Мектеп: СҚО, Айыртау ауданы, Лобанов орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Искахов П.С

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Сынып:

Сабақтың тақырыбы

Cызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы

Сабақтың түрі

Білімді бекіту

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.5.1.8 сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуы олардың қоэффициенттеріне тәуелді болатынын негіздеу;

7.5.1.9 графигі берілген функцияның графигіне параллель немесе қиятын сызықтық функцияның формуласын табу;

Сабақтың мақсаттары

графиктері параллель, қиылысатын және беттесетінін, сызықтық функциялардың формулаларын құрастыру

Бағалау критерийі

Білім алушы:

Білу және түсіну

k мен b-ға байланысты сызықтық функциялардың графиктері қалай орналасатынын біледі (параллель, қиылысады, қиылыспайды)

Қолдану

Cызықтық функциялардың өзара орналасуына (параллель, қиылысады) қатысты формулаларды құрастырады.



Тілдік мақсаттар


Тілдік оқыту мақсаттары:

Оқушылар:

сызықтық функциялардың графиктерін салу алгоритмін сипаттайды;

сызықтық функциялардың коэффициенттердің арасындағы тәуелділікке және олардың графиктерінің өзара орналасуының ерекшеліктеріне түсінік береді;

Пәндік лексика және терминология:

функция графигі;

сызықтық функция;

сызықтық функцияның бұрыштық коэффициенті;

түзулер параллель;

түзулер қиылысады

түзулер қиылыспайды.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

функцияның графигі... (координаталар басы нүктесі және т.б) арқылы өтеді;

функциялар графиктерінің қиылысу нүктесі(лері);

график абсциссалар осін ... нүктесінде қияды;

график ординаталар осін... нүктесінде қияды;

график абсциссалар осіне параллель, себебі ...;

график ординаталар осіне параллель, себебі ...;

Құндылықтарды дарыту


Оқуға ептілігін, өзбетінше ақпаратты жинау дағдыларын арттыру, жағдайды талдау және жаңа ситуацияға бейімделу, мәселелерді қою және шешім қабылдау, өз және топтың жұмысының сапасына жауапты болу, өз уақытын тиімді ұйымдастыру, сабақтарда көпмәдениеттілікті және басқалардың пікірін сыйлау білу.

Құндылықтарды дарыту сабақта барлық жоспарлаған іс- әрекеттердің кезеңдері арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Физика

АКТ қолдану дағдылары

АКТ тиімді қолдану үшін оқуға қажет пайдаланушылардың дағдылары.

Бастапқы білім

Шамалар арасындағы тәуелділіктерді білу; тура және кері пропорционалдық ұғымдарын білу; тура пропорционалдық тәуелділіктің графигін сала алу. Айнымалылары бар өрнектерді түрлендірулерді орындай алу. Формулалармен жұмыс істей алу.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин


Сабақтың басында мұғалім ерекше көңіл аударады:

- оқушылардың зейін қоюына

- оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын анықтайды

- оқушылардың «жақын даму аймағын» анықтайды - деңгейлер бойынша (А, В және С) өзіндік және үй жұмысын орындау

- сабақтың аяғындағы күтілетін нәтижелер


Сабақтың ортасы

40 мин


Сабақта оқушылар білетін ұғымдар қолданылады және жаңа ұғымдар енгізіледі. Сондықтан материалмен танысу барысында сөздікке жаңа терминдер енгізіледі.

Әртүрлі іс-әрекеттер жасау барысында оқушылар бағалау парағын толтырады. Сабақтың соңында қорытынды жасалады және мұғалімнің жұрналында белгіленеді, бұл оқушылардың нәтижелерінің және сабақтың арасындағы кезеңдердің қорытындыларының диагностикасын жасауға көмектеседі.

Үй жұмысын тексеру – 5 мин

Оқушылар үй жұмысы шешімінің үлгісі және мұғалім ұсынған критерийлер бойынша өзінің жұмысын бағалайды және сабақтың бірінші кезеңіне шыққан пайызды анықтайды.


Ой қозғау – 7 мин

Сәйкестендір.

Сызықтық функцияның жалпы формуласы


қиылысады

укх+в формуласымен берілген сызықтық функциялардың графиктері х-тің коэффициенттері әртүрлі болғанда

беттеседі

Сызықтық функцияның графигі қандай болады?

укх+в

укх+в формуласымен берілген сызықтық функциялардың графиктері х-тің коэффициенттері және в саны бірдей болғанда

параллель

Тура пропорционал функцияның графигін көрсет

Түзу сызық

укх+в формуласымен берілген сызықтық функциялардың графиктері х-тің коэффициенттері бірдей болғанда

укх



Жұмысты орындағаннан кейін оқушылар дұрыс жауаптар саны бойынша өздерін бағалайды және пайыздарын бағалау парағына жазады.

Өткен тақырып бойынша жұмыс–10 мин:

Бұл кезеңде оқушыларда өмір бойы білім алуға бейімделу құндылығы дамиды. Сонымен қатар жұптасып бекітуге тапсырмаларды орындау барысында оқушыларда оқуға бейімділігі, ақпаратты өзбетінше табу, жағдайды талдау дағдылары дамиды.

Кестені толтыр

Берілген формула бойынша у-2х+1 кестені толтыр

Х

2

5



у



-5

0


Оқушылар жауаптарын өз дәптерлеріне жазады, жұмыс аяқталған соң өзін-өзі және бірін-бірі тексереді.

Бекіту – 15 мин:

Берілген материалды тереңдету және жаңа ситуацияларға бейімделу мен мәселелерді қою, шешім қабылдау құндылықтарды дарыту үшін оқушылар шығармашылық тапсырмаларды орындайды, мұнда оқушылар өз деңгейлеріне қатысты тапсырманы таңдауға құқылы.

Жұптық жұмыс:

1) функцияның графигі берілген. Осы функцияның формуласын жазыңыз.


Жұмысты орындағаннан кейін дәл осы тапсырманы орындаған екінші жұбымен жауаптарын салыстырады, Жауаптар талқыланады, дұрыс жауапты таңдау шешім қабылданады, содан соң топтарға бірігіп оқушылар қайтадан талдау жүргізеді ( бірін-бірі тексереді).

Қорытынды – 2 мин

Оқушыларда жағдайды талдау, қорытындылау, орындаған жұмыс туралы қорытындылар жасау дағдылары дамиды.

Сабақ барысындағы орындаған жұмыс бойынша оқушылардың жуаптары бағаланады және түсініктер беріледі (әрбір оқушының орта пайызы орындаған іс-әрекеттің түрлеріне қойылады ).

IV. Үй жұмысы – 1 мин. ( Оқушылардың назарын тапсырмаларға аударып, сұрақтар туындайтын болса жауап беру).

Оқушы жақсы нәтижелерге жету үшін оқушы келесі кұндылықтарды дамытады: мақсатқа жету табандылығы, еңбеккорлық, академиялық шынайлық).

Үй жұмысы:

23,9 есепті шығару

Презента

ция.




Ұсыныла

тын оқыту іс-әрекеттері (оқу жоспары, 7 сынып)











































































Самостоятельные и контрольные работы по алгебре и геометрии для 7 класса. Авторы: А.П. Ершова, В.В. Голобородько, А.С. Ершова, М: Илекса, 2005.

Cабақтың соңы

2 мин

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Не білдің, не үйрендің?

Не түсініксіз?

Немесен жұмыстану керек?


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлерге қатысты дифференциация сабақта өзіндік жұмысты орындау және жаңа тақырыпты оқу барысында жүргізілді.

Сабақтың әрбір кезеңі өткен соң жұмысты бағалау жүргізіледі (өзін-өзі бағалау, өзара бағалау немесе мұғалімнің бағалауы). Сабақтың соңында оқушылар орта процентті тауып, мұғалімге баяндайды


Физминутка

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет.



4

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!