Материалдар / Ашық сабақ "Табиғат құбылыстары" 4 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Табиғат құбылыстары" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мұғалімдерге пайдасы болса деймін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2018
3807
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Табиғат құбылыстарыМақсаты: 1) Табиғаттағы өзгерістердің барлығын табиғат құбылыстары екенін түсінеді;2) Оқушыларды қоршаған ортадағы дүниелер мен құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсінуге, зерттеуге бақылау жасау;3) Жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарын көреді және түсінеді.

Әдіс: Сұрақ жауап, түсіндіру ойын, талдау, ой қорыту.

Түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Көрнекілік: Дидактикалық үлестірме материалдар, тест жұмысы , мақал - мәтел жазылған плакат "Жыл мезгілдері" суреттер.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі.

І. Ұйымдастыру. Сабақ тақырыбын, түрін, мақсатын, өту барысын хабарлау

Психологиялық дайындық:Амансың ба Алтын күн!Амансың ба Көк аспан,Амансың ба достарым!Сендерді көрсем қуанам.Айналаға алақанменЖылулықты шашайық.Сәттілік тілеп күлімсіреп,Біз сабақты бастайық

II.Үй тапсырмасын тексеру. 2- 3 оқушыдан ауызша сабақ сұрау.4 топқа бөліп, үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қою .1.Уақыттың өлшем бірліктерін ата?(1 жылда 12 ай,1 айда 30-31 тәулік, 1 тәулікте 24 сағат, 1 сағатта-60 минут,1 минутта- 60 секунд, 1 аптада- 7 тәулік,1 ғасырда- 100 жыл)2.Ұзындық өлшемдері?3.Салмақты өлшеу құралы? Және оны қандай заттар үшін пайдаланады.1.Температураны өлшеу үшін арнаулы құрал?2.Салмақты өлшеу үшін өлшем бірліктерді ата.(грамм,кг,центнер,тонна.1 т-1000 кг, 1 кг- 1000 г, 1 ц-100 кг)3. Температура қай уақытта өзгереді.1.Термометрлерде болатын сұйықтық.( Сынап,Сынап өте улы,ол термометрдің ішінде болады.Термометр сынса оны қолмен ұстауға болмайды. 2. Адамдардың уақыттарын,күндерін анықтауға көмектесетін зат.( Сағат және күнтізбе.)3. Қандай сағатты ойлап тапты? Су, құм, күн, гүл сағаттар( әр сұраққа жауап ауызша алынады ).



Табиғат аясына серуенге шығайық.Барлығымыз серуенде жүргендей елестетейік. Кенет аспан бұлттанып, жайлап жаңбыр жауа бастады.Жел соқты (Балалар желдің дыбысы қандай?) Жаңбыр күшейе түсті.Найзағай ойнады. Жаңбыр жай жауа бастады. Күн ашылды. Көп рахмет, Жарайсыңдар. Сендерге ұнадыма? Балалардан қандай құбылысты байқағаның сұрау. Ендеше бүгінгі тақырыбымыз Табиғат құбылыстары.

III. Жаңа сабақ. Ой қозғау.Ертеңілік күн шығып, жарық болады, кешке күн батады, қараңғылық болады. Аспанды бұлт торлайды, жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күн күркірейді. Жел соғады, қар ериді, су тасиды.Табиғаттағы өзгерістердің барлығы табиғат құбылыстары деп аталады.Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы жел деп аталады.Жер бетінен ауа жоғары көтеріліп, салқындап, мұз түйіршіктеріне айналып, олар шоғырланып бұлт құрайды.Бұлтты құрайтын ұсақ тамшылар бірігіп жерге жаңбыр болып жауады. Қыста биіктегі су тамшылары қатып, мұз түйіршігін түзеді. Олар жабысып қарға айналады.

Табиғат құбылыстары туралы бейнеролик. Балалар, сендер бейнероликтен не тамашаладыңыздар?IV. Дәптермен жұмыс. Сабақ тақырыбын жазу.Жел, бұлт, жаңбыр, қар, найзағай сөздерін дәптеріңе жазу.



I – Күз тобыII – Қыс тобыIII – Көктем тобыIV – Жаз тобыӘр топ өз жыл мезгілдеріне байланысты табиғатта болатын өзгерістерді атау.

Оқулықпен жұмыс.1.Әр бөлімді топтап отырып оқиды, түсіндіріп отырады. 2.М.Дулатовтың «Күз» мәтінін оқып, оның ішіндегі табиғат құбылыстарын айтып береді.

Шығармашылық жұмыс.Сергіту сәті. «Кел, билейік!» Оқушылар бейнероликтегі би қимылдарын музыка ырғағымен жасайды

I – Күз тобы: Табиғат жайында мақал - мәтелдер жазуII – Қыс тобы: Табиғат құбылысына сурет салуIII – Көктем тобы: Жұмбақтар жасыруIV – Жаз тобы: Сурет қиындыларын құрастыру

- Балалар, бұрын ауа - райын бақылау орталығы болмаған. Ауа - райын қалай бақылаған деп ойлайсыңдар? Табиғат құбылыстарына байланысты ата - бабаларымыз халықтық болжамдар жасаған, соның бірі жұлдыз жиі болса,қыста суық,жазда ашық ауа-райы болады деп болжаған.

1.Қарлығаштар аспанда самғап, биіктеп ұшса, жаңбыр жауып, жел болады.2.Құстар ертелете жем іздеуге шықса, күн жауын-жашын болады.3.Далада көкектің “көкек-көкек” деген дауысы жиі естілсе, алдағы күндер ашық болады.4.Шағалалар өзен, теңіз бетінде ұшып жүрсе,күн ашық болады.Егер жиекте жүрсе,күннің бұзылғанының белгісі.5.Балықтар су бетінде шорши ойнай бастаса, жауынның белгісі.6.Ай шалқайып туса, өзіне жайлы, шаруаға жайсыз.

Қорытынды: Топтастыру стратегиясы: табиғат құбылыстарыСұрақ-жауап 1.Табиғи құбылыстар дегеніміз не? 2 Қыс мезгілінде қандай құбылыстар болады? 3. Күз мезгілінде қандай құбылыстар болады? 4. Жаз мезгілінде қандай құбылыстар болады? 5. Көктем мезгілінде қандай құбылыстар болады? 6. Жылдың неше мезгілі бар? 7. Жауын - шашын қай мезгілде көп болады?

















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!