Материалдар / Ашық сабақ: Тоқыма мозайка техникасымен жасалған тігін бұйымдарының дизайны (құрақ, пэчворк, квилт) 6 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ: Тоқыма мозайка техникасымен жасалған тігін бұйымдарының дизайны (құрақ, пэчворк, квилт) 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: Тоқыма мозайка техникасымен жасалған тігін бұйымдарының дизайны (құрақ, пэчворк, квилт) 6 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2021
646
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға

арналған арнайы мектеп-интернатының

технология пәні мұғалімі

Шнкайрова Назерке Бактыгалиевна



Сынып: 6 «Д» сыныбы

Сабақтың тақырыбы: Токыма мозайка техникасымен жасалған

тігін бұйымдарының дизайны (құрақ,
пэчворк, квилт)

Сабақтың мақсаттары:

Tүзeтe-бiлiмдiлiгi: Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау

үдерісінде қазақтың ұлттык мәдениет элементтерін
пайдалану
.

Түзете-дамытушылығы: ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын

молайту.

Түзете-тәрбиелігі: әдемілікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, қолөнер бұйымдарының фотосуреттері, қолөнер
б
ұйымдары, сызба, нұсқаулық карта.


Сөздік: құрақ құрау, жастық , дизайн, көрпе, кілем

Құралдар мен материалдар: мата қиындылары, жіп, ине, қайшы.

Сабақтың түpi: аралас сабақ.

Сабақтық барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сәлеметсіздер ме?

  • Мұқият тыңдаймыз, анық сөйлейміз.

  • Кезекші дыбыстар қандай?

  • Кезекші дыбыстар «Ж», «Ш».

  • Кезекші дыбыстар бар сөздер айтамыз (желім, қайшы, жіп, сызғыш)


П. Tiл жаттығулары.

  • Өткен сабақта не жасадық?

  • Алжапқыш.

  • Алжапқыш деген не?

  • Алжапқыш - киімнің алдын ластаудан қорғайды.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Құрақ құрау - Қазақстанның сәндік-
қолданбалы өнерінің бipi. Оның үш мың,
жылдан астам уа
қытты қамтитын тарихы бар.
Құрақтан көрпе, жастық, әр түрлі
дизайндағы киімдер құрап, тігуге болады.

Құрақ құрауда табиғи маталармен жұмыс істеген ыңғайлы: олар жақсы жуылады, әрі тез үтіктеледі. Оған сиса, сәтен, зығыр маталары жатады. Құрақты тұмарша, ромб тәрізді геометриялық фигура үлгілерінде жасауға болаы.

Сонымен қатар, балалар, құрақ өнері тек қазақ халқына ғана емес, әлемнің басқа ұлт халықтарында да құрақ өнері дамыған. Қазіргі кезде мата қалдықтарынан тігілген бұйымдар әр ұлттың тұрмысында кеңінен қолданылып жүр.

Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанебас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Оның қымбат құндылығының бір айғағы құрақтан жасалған заттардың ұзатылатын қыз жасауына еніп, бұл дүние мүліктің ажарын арайландырып жіберетіні, үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтататыны. Құрақ төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб тәрізді өрнектерден құралған көрпені құрақ немесе құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған «қасиетті орын» санаған. Ерте кезде баласы өліп, тоқтамаған үй «тіл-көден аман болсын» деген ырыммен қырық құрақ құрап, баласын соған ораған. Құрақ көрпені арасына мақта немесе қойдың, түйенің жүнін салып, сырып тігеді.

Бүгінгі сабағымызда таныс болған жаңа сөздер; көрпе, құрақ құрау, жастық, дизайн, кілем. (Барлығымыз бірге айтайықшы).

Балалар, енді сарамандық жұмысымызды бастайық, бүгін біз шағын құрақ көрпе тігіп үйреніп, бастаймыз.

Алдымен жұмыс барысында ескеретін қауіпсіздік ережелерімен таныс болайық. (Тақтадан ережелерді оқиды)

  1. Инені киімге қыстыруға болмайды.

  2. Тігіс кезінде ине жібін тіспен үзуге болмайды.

  3. Инені үнемі арнаулы қобдишада сақтау керек.


Сарамандық жұмыс.

Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жұмысымызды бастайық. Алдарыңызға ұсынылған нұсқаулық карта арқылы жұмыс жасаймыз.

Жұмыстың орындалу барысы.

  1. Қатты қағаздан екі үшбұрыш жасап, қиып аламызда, мата бетіне түсіреміз.

  2. Матаға түсірілген үшбұрышты қиып аламыз.

  3. Қиылған екі түсті маталарды бір-біріне қосамыз. Көрпені көктеу қол тігісімен тігеміз.

  4. Барлық қиындыларды осылай қосамыз.

  • Әйгерім, сен барлығын тігіп болдың ба?

  • Шұғыла, Елнарадан сұрашы ол не тігіп отыр?

  • Мен көрпе тігіп отырмын.

  1. Барлық үшбұрыш қиындыларын қосып болсақ, пайда болған төртбұрыштарды қосамыз.

  2. Пайда болған төртбұрышты астыңғы бөлігіне қосамыз. Оның үш жағын тігіп аламыз. Кейін оң жағына айналдырып, ішіне мақта салып, ауызын бекітіп тігеміз.

  3. Жұмысты аяқтаймыз.

  1. Жасалынған жұмыстарды бағалау.

  • Балалар бүгін біз не үйрендік? Бүгін біз көрпе тігуді үйрендік.

  • Қандай көрпе? Құрақ көрпесі.

  1. Бекіту сұрақтары.

  1. Құрақ құрау дегеніміз не?

  2. Одан қандай бұйымдар жасауға болады?

  1. Қорытынды.

  1. Жаңа сөздерді қайталайық. «Құрақ құрау, жастық, көрпе, дизайн, кілем».

  2. Бүгінгі сабақ ұнадыма? Ендеше көңіл күйлерімізді көрсетіп тақтадан бағдаршам шамдарының түстеріне қарай білдірейік.

Қызыл - орташа
Сары- жақсы
Жасыл- өте жақсы


  1. Сау болыңыздар.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!