Материалдар / Ашық сабақ: Үйсіндердің тарихы. 5 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ: Үйсіндердің тарихы. 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 5-сынып оқышыларына сабақ беретін жаңартылған бағдарлама бойынша дайындалған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Сәуір 2019
769
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:

Үйсіндер туралы жазба деректер

Мұғалімнің аты-жөні:Даненова М

Сынып: 5 «В»


Қатысқан оқушылар саны: 26


Қатыспаған оқушылар саны: 1

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

5.3.1.2 – ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру ;

5.1.2.2 – әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру;

5.3.2.2 – Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау


Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Үйсіндер туралы жазба деректер


Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

География, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Сақтардың Александр Македонский әскеріне қарсы күресі


Сабақтың жоспары

Жоспарлан

ған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

























Үй тапсырмасы

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға біріктіру

1-топ Сақ

2-топ Үйсін

3-топ Қаңлы

4-топ Ғұн

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!





Сұрақтар мен тапсырмалар

Оқушылар 4-топқа бірігеді











Оқушылар сұраққа жауап береді

Жұлдызшамен бағаланады

Жаңа білім







Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Үйсіндердің орналасқан жері

Жетісу аймағында орналасты. Шекарасы батысында Шу,Талас өзендеріне, шығысында Тянь Шанның шығыс атырауларына, солтүстігінде Балқаш көлінен Ыстықкөлдіңоңтүстік жағалауына дейін созылған. Үйсін бірлестігі жайыңдағы алғашқы мәліметтер б.з.б. 1 ғасырдағы қытай жылнамаларында кездеседі (Үйсін). 630 мың халқы болған. 189 мың адамдай жасақ құрған. Бірлестіктің бекіністі астанасы — Шығу қ. Батыс пен Шығыс елдері аралығындағы "Ұлы Жібек жолы" торабына орналасқан. Мұның өзі бірлестіктің көрші елдермен (кытаймен, ғүн, қаңлы, алан, ұйғыр, қырғыз тайпаларымен) саяси, экономиялық және мәдени байланысты дамытуына мүмкіндік жасады. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты.

Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.д.д. 2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) «уйсін мемлекеті» деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 мың әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Мықты ел болған. Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Үйсіндер иеліктерінің шекарасыбатысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен.Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Үйсіндер иеліктерінің орталығы — Іле аңғары, дегенмен олардың ордасы — «Қызыл Аңғар қаласы» Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты.

Қоғамық құрылысы шаруашылығы

Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Үйсін бірлестігінде малға жеке меншік болды. Ру-тайпаларының жайылымдары иелікке бөлініп, байлық тайпа көсемдерінің қолы на жинақталды; тайпааралық қарым-қатынас өсті. Жеке меншіктің болғанын кыш ыдыстарға, сүйектен, металдан жасалған әр түрлі заттарға түсірілген таңбалардан байқаймыз.. Билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға ауысып отырған. Оған "бек" аталған ру, тайпа көсемдері бағынған. Үйсін бірлестігінде басқарудың ондық жүйесі қолданылды. Билеуші өзіне қарайтын жұртын балаларына бөліп, әрқайсысына он мыңнаң жасақ, көші-кон жерін еншілеген. Үйсін бірлестігінде мемлекетке тән белгілер болды. Бектер өздерінің жайылымдық жерлерін өзгелерден қарулы күшпен қорғағаны жайында деректер бар. Мұның өзі әлеуметтік топтардың қалыптаса бастағанын аңғартады

ШаруашылығыҮйсін бірлестігінің халқы жартылай көшпелі еболған. Мал бағып, жер өңдеуді кәсіп еткен. Археологиялық қазбалардан табылған материалдарға қарағанда, сол кездің өзінде-ақ жер өндейтін тас тырма, тастан қашап жасалған қол диірменніңтабылуысол замандағы тұрғындардың егіншілікпен айналысып, оның өнімдерін өндей білгендігінің бір дәлелі. Іле, Шу, Талас алабынан суландыру жүйесінің іздері табылды. Ежелгі үйсіндер б.з.б. 1 ғасырда, әсіресе б.з. 3-5 ғасырда егіншілікпен, бау-бақшажеміс-жидек өсірумен шұғылданып, отырықшылыққа үйрене бастаған

Үйсіндер туралы жазба деректер

«Үйсін» терминінің мағынасы осы кезге дейін анықталмай отыр. Ол қытайдың иероглифтік жазбаларынан ғана мәлім, оның қазіргі айтылуы қазақ этнонимдерінің бірі — ұлы жүз қазақтарының басты этникалық компоненті болып табылатын тайпаның өзін атайтынындай «үйсін» сөзіне сәйкес келеді. Бірқатар зерттеушілер бұл транскрипцияны Орта Азия тарихынан мәлім асиан этнонимі деп білуге бейім. Үйсін терминінің транскрипциясын түсіндірудің тағы бір нұсқасы бар. Қазір үйсіен деп айтылатын екі иероглиф ертедегі қытай тілінде асман, яғни асман, «аспан» делініп айтылған деп жорамалданады. Бұл айтылғандарды үйсінн гуньмосына күйеуге берілген қытай ханшасының хатындағы: «Менің үйім мені... Аспан Еліне... күйеуге берді» деген сездер растауы мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда, «көк тіреген таулар» дегенді білдіретін тянь-шань деген сөздің өзі де жергілікті атаудың аудармасы сияқты екенін атап өту маңызды.

Үйсіндердің ертедегі этникалық-саяси тарихына байланысты оқиғалар жеткілікті зерттелмеген.

Үйсіндер туралы алғашқы хабарлар б. з. б. II ғасырдың аяғында пайда болады. Қытай императорының сарайындағылар ғұндарға қарсы күресте одақтас іздеп, Батыс өлкеге Чжан Цянь бастаған елшілік жіберген. Чжан Цяньды сюнну-ғұндар тұтқынға алып, олардың елінде он шақты жылдай болады. Алайда ол кейіннен қашып шығып, Жетісуға барады, үйсіндер туралы алғашқы хабарды еліне сол жақтан апарған. Оның кезінде үйсіндер арасында сэ (сақтар) «тармағы» мен юечжилер мекендеген. Юечжилер туралы хабарлар Чжанье ауданындағы сюннулерден алынғандықтан, Чжан Цянь үйсіндердің өзі де бұрын Цилянь- шань мен Дуньхуан аралығында мекендеген деген қорытынды жасаған.

Үйсіндер басқа елдермен қарым-қатынасы

Үйсіңцердің территориясы батысында Шу, Талас өзеңдері, шығысывда Тянь-Шань тауларының шығыс алкаптарына дейінгі, ал солтүстігі Балқаш келінен, ал онтүстігі Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауьша дейінгі аралықта созылып жатгы. Үйсіндер шығысында ғұндармен, оңтүстігіңце Шығыс Түркістанның отырыкшы халқымен, окгүстік-батысыңца Ферғанамен, батысында канлылар-мен кершілес болды

Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң (батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болды.Үйсіндердін билеушісі гуньмо (күнби немесе күндей биік әмірші) деп атал-ды. Үйсіндер мемлекетінде үштік жүйе болғанға ұқсайды. Олар үшке: шығыс, батыс, орталык бөліктерге бөлінген. Мемлекеттің астанасы Кызыл Аңғар (Чигу) каласы болған. Ол бекіністі кала кдзіргі Ыстыккел мен Іле езенінің оңтүстік жағалауьша салынған.
1 - топқа: Үйсіндердің орналасқан жері. (картаға орналастыру)
2 - топқа: Үйсіндер туралы жазба деректер.(вендиаграммаға жазу)
3 - топқа: Үйсіндердің қоғамдық құрылысы, шаруашылығы (тірек –сызба)

4-топқа Үйсіндердің басқа елдермен қарым –қатынасы (пирамидаға орналастыру)



Оқулық,

мәтіндер.


Жұлдызшамен бағаланады

Ортасы

















Қолдану (АКТ Слайд)

Б. з. б. 3ғ. Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Оған мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларды жатқызуға болады. Үйсіндерде жеке меншік кең қанат жайды. Үйсін атауы қытай жазбаларында б. з. б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия мен Еуропамен сауда байланысында маңызды рөл атқарады. Б. з. б. II ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған болатын. Олар « ат жақты, аққұбаша, сар шашты» болып бейнеленеді
1. Үйсіндер қай жерлерді мекендеген?
2. Қытай деректерінде үйсіндер туралы не деп жазды?
3. Үйсін қоғамындағы әлеуметтік жіктелу туралы не айтасың?

Оқулық, слайд



Жеке жұмыс


Кесте толтыру «Үйсін»


Орналас

қан жер

Астанасы

Шаруашылы

ғы

Қоғамдық құрылысы

Жазба деректер

Қарым-қатынас жасаған елдер










Бағалау критерийі


Дискриптор

Білім алушы


Балл

Үйсін мемлекетінің орналасқан жері

1

Үйсіндердің орналасқан жерін жазды


1


Үйсін мемлееттінің астанасы қай қала

2

Үйсіндердің астанасын біледі

1

Үйсін мемлекеті қандай шаруашылықпен айналысты

3

Үйсіндердің шаруашылығын біледі

1

Үйсін мемлекеттінің қоғамдық құрлысын ата

4

Үйсін мемлекеттінің қоғамдық құрлысын жазды

1


Үйсіндер қандай жазба деректерде кездеседі

5

Үйсін мемлекетінің жазба деректерін анықтады

1

Үйсін мемлекеті қандай елдермен қарым қатынас жасады

6

Үйсіндердің қарым-қатынас жасаған елдерін жазды

1

Жалпы балл



6






Кестені толтырады

























Кретерий бойынша бағаланады (бал-6)







Аяқталуы

Сабақты бекіту















Оқушылар қалпақтар бойынша тапсырмаларды бірігіп орындайды





Кері байланыс




















Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін белгілерге белгілейді






















































































































































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!