Материалдар / Ашық сабақ. Ы.алтынсарин атындағы ЖББОМ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ. Ы.алтынсарин атындағы ЖББОМ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ барысындағы білім алушының мұғаліммен кері байланысын жаңғырту,ашық ойын айту.өзіндік бақылау жұмысын жүргізу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2021
273
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бекітемін:



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4.Қазақ ұлттық ойындары

Мектеп: Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Талғат.Қ.Т

Сынып: Баситауыш сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Ұлттық ойындар

Оқу мақсаттары

4.2.6.1 белгілі бір қозғалыс ойындары мен ұлттық ойындардағы бірқатар идеяларды анықтау және құрау

Сабақ мақсаттары

Барлығы:Білім алушылар әр түрлі жағдайларда қиындықты жеңе алады...Кез-келген ойынды ойнайды.

Көбі:Білім алушылар әр түрлі жағдайларда қиындықтармен кемшіліктерді айта алады.Кез-келген ойынды ереже сай ойнайды.

Кейбірі:Білім алушылар әр түрлі жағдайларда идеяларды айтады,көрсетеді және эксперемент жасайды.Кез-келген ойынды өзінің қабілеттерін көрсетіп, адал ойнайды

Жетістік критерийлері

Өзінің және өзгелердің шығармашылық тапсырмалары туралы ойын айтады.

Қажеттілігіне қарай сындарлы ұсыныс жасайды.

Тілдік мақсаттар


  • «Бес асық»,«Асық ату» (асық,сақа);

  • «Тоғызқұмалақ» (құмалақ, тұздық, отау, атсырау);

  • «Аударыспақ»

  • Қауіпсіздік ережесі

  • команда, қарсылас, шабуыл,қорғаныс;

ереже; баға, әділ ойын.

Құндылықтарды дарыту

Білім алушылар бір - біріне деген адал қатынас, бөтен пікірді қабылдау және өзінің көзқарасын білдіруге тәрбилеу.

Пәнаралық байланыстар

АӘД,қазақ тілі мен әдебиеті,бейнелеу өнері, музыка

АКТ қолдану дағдылары


Бастапқы білім


Қазақтың ұлттық,зияткерлік,қозғалмалы ойындарын ойнайды

Сабақ барысы

Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке,

Тәж -оқушы тәжірибесі,К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау.


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар




Сабақтың басы

6мин


Жалпы сапқа тұру. Оқушыларды сабаққа дайындығын тексеру. Жаңа сабақты хабарлау және сабақ мақсатын анықтау.




Психологиялық ахуал «Қара жорға» биі

Ысқырық




Музыкалық аппарат,















Сабақтың ортасы

29 мин

Қазақтың ұлттық ойындары туралы қысқаша ақпарат беру.


1. Бес асық


2.Асық ату


3. Тоғызқұмалақ


4. Аударыспақ




  1. «Бес асық».

Ұлттық ойындар көбінесе әр халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен қой асығымен көп ойналады. Сондықтан асық ойындары ұлттық ойындардың ішінде әріден келе жатқан көнелердің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке тәрбиелейді. Асық ойыны баланың қимылына тигізер әсері мол. Ойын барысында – жүгіру, жүру, иілу, секіру, сақа иіру т.б. жатады. Атауына сай бес асықтан тұрады және осы асықтарды қолдың ептілігімен ұтып алады,бір түсті бір асық және төрт бірдей түсті асық болуы қажет.

Бес асық ойынының 12 түрі бар:

1) бірлік; 7) төрт бұрыш;

2) екілік; 8) арттан тастау;

3) үштік; 9) үндемес;

4) төрттік; 10) сарт-сұрт;

5) жалақ; 11) қаршу;

6) алақан; 12) нәби.





  1. « Асық ату».

Асық — төрт түлік мал мен қоңыр, аңның санының орта тұсында орналасқан асық жіліктен алынады. Оның түрлері көп. Атап айтқанда: Сақа — асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық жеткен еркек қойдан (серкеден) немесе қошқар-текеден алынады. Кеней — көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар. Шүкейт — жас малдың асығы. Қойлық — қойдың асығы. Ешкімек — ешкінің асығы. Құлжа — құлжаның асығы. Көктабан — қорғасын құйылған салмақты сақа асық. Топай — сиырдың асығы. Жабай — ірі асықты айтады. Қолқар — арқардың асығы Асықтың атаулары: Алшы — асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы. Тәйке — асықтың алшыға қарама-қарсы жағы. Бүге — асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі. Шіге — асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі. Омпы — асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы. Шоңқай — асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі. Асық ойыны барысында қолданылатын құралдар мен әдістер Көн киіз — асықтың «тақта» ойыны барысында қолданатын жұқа әрі икемді асық атуға, қаржуға қолайлы құрал. Бұл асық ойынының түрлеріне байланысты 50×50, 80×80, 100×100 см көлемінде болады. Көн киіздің дөңгелек шеңбер түрінде қолдануға болады. Ондай жағдайда көн киіздің диаметрі 50, 80, 100 см. Көн киіздің жиегін жіңішке ұлттық нақышты оюлармен көмкерген дұрыс.













3. « Тоғызқұмалақ».

Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.

Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.

Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.

Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.

Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №7 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.

Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды. Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.









  1. «Аударыспақ»

Аударыспақ — спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі (екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады).

Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатынаса алады. Ал дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз спортшылар үшін бұл өте қиын. Сондықтан қазіргі тәртіп бойынша сайысқа 18 жасқа толғандар ғана қатынастырылады. Сайысқа қатынасушылар үш салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспақ салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспаққа салмақтың категорияны енгізудің мақсаты — қатынасушыларға неғұрлым теңдік жағдай туғызу. Оны спорттың сайыстың бір түріне айналдыру үшін бір-біріне тең келетін салмақтық категорияны көбейту дүрыс. Бұл категорияға бөлу соңғы кезде қалыптасты. Ертеде кез келген тілек білдіруші өз еркімен қатынаса беретін болған. Амал қанша, спорттық жарыстарда сол үш категорияның өзі де көбіне әлі де сақтала бермейді. Спорттың бұл түрінің дамуымен бірге, сөз жоқ оның салмақтық категориясы да көбейе, кеңейе беретіні күмәнсіз.

Ойында аты белді, жарамды, өзі мықты, атқа отырысы мығым, білікті жігіттер жеңіп шығады. Сайып келгенде, аударыспақта негізгі рольді ат пен ойыншы жігіттер атқарады. Оспадарлық, жұла қашу, салып қалу, қол қайыру сияқты айла-амалдарды қолдануға болмайды. Аударысу ат пен жігіттің үндескен қимыл-бірлестігіне сүйене отырып, күш-жігердің басымдығын көрсететін қалыпты, байсалды шеберлікке үласып жатуы шарт.

Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған. Аударыспақ кәзіргі кезде де шопандар тойында, мерекелерде спорт ойынның бір түрі ретінде көрсетіліп жүр.

Ережесі: Ойын аға төрешінің ысқырығымен басталады және тоқтатылады. Тартыс бес минутқа созылады. Егер осы уақыт ішінде олар бір-бірін жеңе алмаса ұпай санына қарап бәйге беріледі. Спортшы жарақаттанған немесе киімі қолайсыздық туғызған жағдайда ғана жекпе-жек әр спортшы үшін бес минутқа тоқтатылады. Егер бес минуттан асып кетсе немесе жалғастыра алмаса ол спортшыға жеңіліс жарияланады. Спортшы ойынды қайта-қайта тоқтата берсе оның тоқтатқан уақыты қосылып есептеледі, ол бес минуттан аспауы тиіс.







Слайд,көрнекілік,










Асық



















































Асық



















































































Тоғызқұмалақ

Сағат



























































Маты,белдік






Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Рефлексия «Бағдаршам» әдісі

Бағдаршам – оқушылардың өздерінің қаншалықты түсінгенін көрсетудің жылдам тәсілі. Оқушыларға қызыл, сары және жасыл түсті карточкалар беріледі. Оқушылар:

  • Толықтай түсінсе, сенімді болса ЖАСЫЛ АСЫҚ

  • Түсінуге жақын болса, аздап білсе САРЫ АСЫҚ

  • Түсінбесе, сенімді болмаса ҚЫЗЫЛ АСЫҚ көрсетеді

Мұғалім «бағдаршамды» сабақтын басында тақырып туралы бастапқы білімдерін анықтау, сабақ барысында жаттығуды орындау жолдарын түсінгендігін анықтау, сабақтың соңында алған білімінің деңгейін анықтау үшін қолдана алады.


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Оқушыларды мадақтау,мақтау, уәжін ашу, кейбіріне арнайы тапсырмалар беру,

Корсеткиштері төмен оқушыларға арнайы тапсырмалар беру.


Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Ойындар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Жaлпыбaғa

Caбaқтың жaқcы өткeн eкi acпeктici (oқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa oйлaныңыз)?

1:


2:

Caбaқты жaқcapтуғa нe ықпaл eтe aлaды (oқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa oйлaныңыз)?

1:


2:

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapытуpaлынeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

1:


2:







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!