Материалдар / Ашық сабақ Ыбырай Алтынсарин
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Ыбырай Алтынсарин

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2020
242
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Калбоева Умида Камалкизи
Туркистан облысы Ордабасы ауданы М. Исламкулов Жалпы орта
мектебі
Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы
болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез-келген арнаулы
мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан,
оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі
жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері,
оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие
мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен
ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар
кезі. Бастауыш білім берудің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның
алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту,
іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын
оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Балалардың бойында оқуға деген
қызығушылықты қалыптастыру міндеттерінің терең тарихы бар. Бастауыш
білім беру көптеген жылдар бойы білім алудың негізгі және жалғыз сатысы
болды. Сондықтан ол оқуға, жазуға үйрету мен қарапайым арифметика
элементтерін білу мақсатын көздеді. Міндетті жеті жылдық оқуға, кейінірек
толық орта білімге көшуге байланысты психология мен педагогикада кіші
мектеп жасындағы балаларды оқытудың дамытушы міндеттеріне мән беріле
бастады. Осыған байланысты олардың өз бетімен білім алу білікдағдыларын қалыптастыру қолға алынды. Бастауыш білім беру қызметі
алдымен орталау, кейін орта білім берудің бір сатысы болып өзгерді. Жаңа
жағдайларда 6-11 жастағы балалардың оқу мүмкіндіктерін зерттеу
қорытындысына байланысты бастауыш білімнің мақсаттары айқындалды.
Осындай мақсаттағы зерттеулер нәтижесінде оқу қызметінің әртүрлі
теориясы жасалды. ХХ ғ. соңындағы білім беру жүйесіндегі демократиялық
жағдайда мұғалімдердің педагогикалық ғылыми-зерттеулер нәтижесіне деген
қызығушылығы артты.
Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Мұғалім.
Мұғалім – бүгінгі оқушы – ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге
дайындау- шы. Мұғалім мамандығының құндылығы да осында деп
түсінгеніміз дұрыс. Біліктілікті арттыру курстары арқылы мұғалімдерді
оқытуда оқытушы жетекшілік, бағыт берушілік, ұйымдастырушылық,
түзетушілік әрекеттерді атқаруы керек. Оқытушының осындай әрекетіне
білім алушы мұғалімнің өзі де бойындағы бар білімін көрсете байланыс
жасағанда ғана сапалы нәтижеге жетуге болады деп ойлаймыз.
Мұғалімдердің өз білімдерін жүйелі көтеріп отырулары – олардың
шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі фактор. Еліміздің
білім беру саясатындағы көкейтесті мәселелердің бірі де осы мұғалімдердің
біліктіліктерін жүйелі арттыру болып табылады. Халқымыз әрқашан да, ұстаз
мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен
жалықпас , Үйретуден балаға», «Адамның адамшылдылығы жақсы ұстаздан

болады» деп айтқан ұлы Абай. Ал, Чехтің педагогы Я. А. Коменский:
«Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне
ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар
қауымын жоғары бағалаған.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек,
оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы.
Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай,
оларды халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы
бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік
қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен
байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.
Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдістәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы
дамуын қамтамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін
білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш
сынып мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс.
Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді
әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру –
мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің
шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады. Кіші мектеп
оқушылары үшін мұғалім олар еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Олар
ұстазының бүкіл іс-қимылына, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен
қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да, жауапкершілігі мол, адал да
мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі әсер ете алады.
Сабақ түрлері және оның құрылымы:
Түсіндіру сабақтары: жаңа, біріккен, панорамалық, зерттеу т. б.
Пысықтау сабақтары: бекіту, саяхат, семинар, қайталау, жарыс,
конференция, талқылау т. б. Сынау сабақтары: сынақ, диспут, ойын,
сахналау, жұмбақ т. б.
Жаңа сабақ – жаңа білім беру мақсатында.
Біріккен сабақ – жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы
байланысты көрсету мақсатында.
Зерттеу сабағы – іздендіру мақсатында.
Панорамалық сабақ – сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру
мақсатында.
Бекіту сабағы – білімді меңгеру деңгейін байқау.
Саяхат сабақ – танымдық қабілетін дамыту.
Семинар сабақ – оқушының білімін тереңдету.
Қайталау сабағы – пәндерден алған білімді толық қалыптастыру.
Жарыс сабақ – оқушылар ойларының жетіктігін байқау.
Конференциялық сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін
қалыптастыру.
Диспут сабақ – білімі мен дағдысын қалыптастыру.
Ойын, жұмбақ – оқушылар зейінін дамыту.
Сахналау сабағы – оқушылар шығармашылығын дамыту.

Талқылау сабағы – ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін
арнайы талдау.
Сабақ жоспарын жасаудағы талаптар:
1. Тақырыбы:
2. Мақсаты:
3. Күнделікті жоспарды жасаудағы градация – күрделендіру.
а) ұйымдастыру кезеңі
ә) тіл дамыту
б) жаңа тақырыпты енгізу, сол бойынша жұмыс
в) бекіту
г) үй тапсырмасы (үйге берілген тапсырма, өтілген сабақтың 30
пайызынан көп не аз болмауы керек)
д) балалардың жұмысын бағалау
4. Дидактикалық принциптер:
1. Жай және күрделі
2. Жүйелілігі
3. Белсенділігі
4. Білімділігі
5. Көрнекілігі
6. Даралап оқыту
7. Жеке дара оқыту
8. Коммуникативті бағдары
9. Ана тіліндегі оқытылуы
Сабақ беру кезеңіндегі талаптар:
1. Тақырыптық жоспарлау
2. Сабақ жоспары
3. Өз білімін көтеру жоспары
4. Жаңа бағдарламаның мазмұнын меңгеру жоспары
5. Сабақтың мақсатын айқындай білуі
6. Сабақ мақсатына қарай мазмұндай білу қабілеті
7. Түрлі әдіс қолдана білу қабілеті
8. Бағдарлама бойынша тәжірибе жұмыстарының өтілу барысы
9. Сабаққа қызығушылығын тудыру қабілеті
10. Пән аралық байланыс
11. Сабақ кезіндегі тәртібі
12. Мақсатына қарай бағалай білуі
13. Үлгермеушілік себебін анықтай білу қабілеті
14. Кабинет жабдықтарына қосқан үлесі
15. Көрнекілікті пайдалана білу дәрежесі
Сабаққа қойылатын негізгі талаптар:
І. Сабақ мазмұнының халықтығы.
ІІ. Оқу материалының ғылымилығы.
Сабақ барысында берілетін мәліметтерді айрықша тексеріп барып
пайдалану. Материал сенімді, дәлелді болуы керек. Негізгі айтылар ой алдын
ала саралану керек. Мұғалім материалды білуі, кеңінен, тереңінен түсінуі

қажет. Бұл оған сабақты басқаруға, материалды оқулықтағыдан
басқаша түсіндіруге, оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін
белсендетіп, өз беттерімен шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге,
тапсырманы ілгерілеу әдісімен беруге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде
сабақта қолданылған әдістемелердің нәтижелілігі туралы тұжырымдауға
мүмкіндік береді. Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы
мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей
байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін
жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек. Сабаққа
қойылатын психологиялық талаптар: Мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, дұрыс
көңіл-күйі, балалармен ұстаздық этикаға сай қатынаста болуы.
Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар: Бұл балалардың артық
шаршамауы, сергіту сәті, ойын элементтерін дұрыс қолдану. Сынып бөлмесі,
кабинеттердің, ойын алаңдарының талапқа сай болуы.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің
Моделі
- Ізденімпаз ғалым.
- Нәзік психолог.
- Жан-жақты шебер.
- Сұлулықпен сусындаған білімпаз.
- Рухани бай гуманист.
- Идеал адамның мүсіншісі.
- Терең қазыналы білімпаз.
- Кез-келген ортаның ұйытқысы.
- Адамгершілік пен патриотизмнің жаршысы.
Мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру курстарында, курсаралық
кезеңдерде жоғарыдағы сапаларға жету үшін төмендегідей міндеттерді
белгілеуге болады:
1.
Мұғалімнің шығармашылықпен еңбек етуіне қолайлы жағдай
туғызу.
2.
Заман талабы, қоғам сұранысына, қажеттігіне сәйкес әлемдегі
және отандық озық іс-тәжірибелер, жаңа технологиялар, инновациялық
әдістермен ұдайы қаруландырып отыру.
3.
Шығармашылық ізденісі мен еңбегіне толық еркіндік бере
отырып,
оқытуды
ізгілендіру мақсатындағы
талап,
тілектерінің
орындалуына, өзіндік іс-тәжірибесін таратуға мүмкіндік туғызу.
4.
Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы
үшін қажетті бағыт-бағдар беру.
5.
Кәсіптік шеберлігін арттырып отыруға бағытталған түрлі ісшаралар өткізіп тұру.
6.
Мұғалімнің қоғамдағы белсенділігінің артуы үшін кәсіптік
мәртебесі мен әлеуметтік беделіне үнемі көңіл бөлу.
«Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген,
естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың
ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер–білімге

құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі
көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» –
деп, шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби ұстаз болмысын
айқындаған екен. Олай болса, жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық
иесінің ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар
болмысымен сезінгені абзал. Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда
білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – білімді ұстаз.
Әдебиеттер:
1. Б.А.Альмухамбетов. Тенденции развития системы повышения
квалификации педагогических кадров в Казахстане. – Алматы: «Ғылым»,
2001. – 290с.
2. Выготский Л. С. Педагогическая психология. / Под ред. В. В.
Давыдова. – М.: Педагогика, 1991. – 480с.
3. Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін
біліктілікті арттыру жағдайында дамыту Алматы – 2005, 208б.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!