Материалдар / ашық сабақ.Күз,ересек топ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ашық сабақ.Күз,ересек топ

Материал туралы қысқаша түсінік
орыс тілінің оқытушысына. "Күз" тақырыбында ашық оқу қызметін жобалауда
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2021
351
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Түрлі –түсті күз» жобасы негізінде алынған кіріктірілген ашық оқу қызметінің жоспары /аудандық семинар/



Білім беру саласы : «Коммуникация», «Таным»,Шығармашылық.

Білім көздері: «Қазақ тілі».

Тақырыбы: «Түрлі – түсті күз»

Өтпелі тақырып: «Алтын күз»

Мақсаты: Күз туралы балалардың түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

  • Балалардың қазақ тілін үйренуге қызығушылықтарын оятып,сөздік қорын байыту. сөйлей білу мәдениетін белсендіру ;

  • Жобаны бірлесіп жасау үрдісінде балалардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыра отырып, дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.

  • Күзгі табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру.Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.оны қорғауға деген ниет, тілектерін ояту.

Қолданылатын көрнекі құралдар : Интер белсенді тақтаны қолдану,бейне және аудио таспаларды тамашалау.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндірме,сұрақ-жауап, дидақтикалық ойындар.

Билингвалдық компанент:Признаки осени-күз белгілері,жапырақ сарғайды-листья пожелтели, идет дождь-жаңбыр жауады, жылы киінеді-тепло одеваются,түрлі-түсті-разноцветная.

Алдын ала жүргізілген жұмыстар: Серуен барасында ағаштарды бақылау,тақырыптық суреттер мен иллюстрацияларды қарастыру. «Күз» тақырыбында үш тілде өлең,тақпақ, мақал-мәтелдерді жаттату.

Оқу қызметінің өту жоспары:
1. Кіріспе: Балалармен әңгімелесу.
2. Күз туралы бейне роликті тамашалау.Сұхбат.Күз белгілерін бекіту.
3. Абай ақынның «Күз» өлеңімен танысу.Үш тілде күз туралы тақпақтар айту
4. Боралдай саябағына шолу.
5. Күз тапсырмаларын орындау
6. Сергіту сәті
7. Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жапырағы?»

8.Қойылым: «Қолшатыр астында»

9.Тосын сәт; «Күздің келуі»

10.Ән: «Күз тамаша»

11. Қорытындылау.

Оқу қызметінің барысы:

Балалар үш тілде амандасып,жылулық шеңберін құрады:

Оқытушы: Балалар маған бүгін мынандай хат келді.Тыңдандар

Лес, точно терем расписной,
Лиловый, золотой, багряный.
Весёлой пёстрою стеной
Стоит над светлою поляной.
- Балалар, қай мезгіл туралы айтылған?/ Балалардың жауаптары/

Дұрыс,күз туралы.Күз айларын үш тілде айтайықшы./Балалар үш тілде жауап береді/

-Күз ханшайымы сендердің күз туралы білімдерінді кеңейтіп,тапсырмасын орындау арқылы бекітуге шақырады . Қане, бейне роликті тамашалайық./ «Күз белгілері» ролигін қарастыру/.Слайд бойынша оны қазақ тілінде айтып,таныстыру.

-Балалар,күз туралы көптеген ақын,жазушылар көптеген өлең,тақпақтар жазған.Соның бірі ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңімен танысайық./Бейне роликтен тындату/

-Ал, сендер күз туралы қандай тақпақтарды білесіндер? /./Балалар үш тілде тақпақ айтып береді/

-Жарайсындар! Қарандаршы,бұл қай жер?/Балалардың жауаптары

-Дұрыс, Боралдай Құрмет саябағы.Біз осы жұмада оған экскурцияға барып,оның күзгі бейнесін тамашалаймыз..Слайдта күз бейнесі шығып,балаларға тапсырмасын орындауға шақырады./Балалар интер белсенді тақтаға шығып, күздің «Сиқырлы ағаш» тапсырмасын ашады. Жапырақтың түсін атайды/

1-тапсырма: Үш тілде күз туралы мақал-мәтелдер айту./Балалар үш тілде мақал айтады/

-Керемет,балалар.Алда әлі тапсырмалар бар сияқты, бір сергіп алайық. / сергіту сәті«Жапырақтар» /Балалар сергіту сәтін орындайды.

2- тапсырма.Дидактикалық ойын : «Қай ағаштың жапырағы?» / балалар ойында әр ағаштың жапырағын жинап,қазақ тілінде атайды./

3-тапсырма. Күз туралы жұмбақтарды шешу./балалар жұмбақтарды шешеді./

-Ой балалар, жаңбыр жауып кетті. Жаңбырда біз не ұстаймыз? /балалардың жауабы/

-Дұрыс қолшатыр-зонт,ағылшынша umbrella. Ендеше «Қолшатырдың астында» атты қойылымды тамашалайық./балалар қойылым қояды/

-Керемет, балалар күздің өзі бізге риза болар.Оның тапсырмасында орындадық.Қане, өзі де келе жатқан сияқты./ортаға күз кіреді жеміс-жидек сыйымен/

Күз:

-Сәлеметсіндер ме балалар? Қалдарың қалай?/ балалар амандасады/

-Сендерге риза болдым.Барлық тапсырмаларымды орындадындар.Сендерге алғасымды айтайын деп келдім.Мынандай сендерге дайындаған сыйым бар.

-Сендермен «Күз қандай?» ойының ойнап, білімдеріңді бекіткім келеді. Ойнайық.

/балалар слайдта шыққан күз суреттерін суреттейді.алтын,суық,жомарт,жаңбырлы күз/

-Жарайсындар,балалар! Күз,балалар бүгін өте тамаша жауап берді.Оларға,олардың ата-аналарына ризамын.Рахмет сендерге балалар.Біздің жобамыздың басы сәтті өтті,әлі де білеріміз көп.

Күз:

-Керемет, мынау сендерге берер сыйлығым. Қабыл алындар./балалар алғысын айтады/

-Ендеше балалар, Күз ханшайымына «Күз тамаша» әнің тарту етейік./балалар ән айтады/

-Ал балалар, келген қонақтарымызбен қоштасып, алғысымызды айтайық /балалар қоштасып,әуеннің ырғағына залдан шығып кетеді/


Күтілетін нәтиже:


Білу керек: Күз мезгілі туралы түсініктері кеңейіп,күз белгілерін білді.


Болуы керек: Дыбысты ,сөзді дұрыс айту дағдысы қалыптасты.


Үйрену керек: Күз мезгілін қазақша суреттей білуге үйренді





















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!