Материалдар / Ашық сабақ:Организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ:Организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ:Организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі.Организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі, токсиндік заттардың әсері туралы түсінік қалыптастыру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Шілде 2021
320
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Бекітемін:



Пәні: :

Биология

Мектеп:


163


Мұғалімнің аты-жөні:

Бектибаева Дина

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы:

Организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.3.2.3 организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі, токсиндік заттардың әсері туралы түсінік қалыптастыру;


Сабақ мақсаттары

Оқушылар : мұғалімнің көмегімен бақылаудың басты белгілерін мақсат, нысан, жоспар, мерзім, нәтиже);

анықтайды

Тілдік мақсаттар


Білімділік: организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі, токсиндік заттардың әсері туралы түсінік қалыптастыру;

Дамытушылық: сабақтың мазмұнын ашып, түсінуге жағдай жасау:сөйлеу дағдыларын, сөздік қорын, ақыл ойын және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.


Бағалау критерийлері:




тақырыпты түсіндіре отырып түйінді мәселе қою

Құндылықтарды дарыту

Топпен жұмыс барысында өзгенің көзқарасын құрметпен қарау

Пәнаралық байланыстар



химия, салауаттану, экология,медицина

АКТ қолдану дағдылары


Интерактивті тақта

Бастапқы білім




Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

І Ұйымдастыру. Амандасу, кезекші есебін тыңдау.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық тренинг

Мен қандаймын?

(Түстерді таңдау арқылы өздерінің мінездерін білу)

Алқызыл — нәзік жанды ұяң жандардың түсі. Осындай адамдар туралы жұрт өмірдің тек жақсы, жарқын жақтарын ғана елеп ескеріп, қараңғы тұстарын ескергісі келмейді. Аузын ашса жүрегі көрінетін, кіршіксіз, табиғи болмысты биязы және әдемі заттармен жайлылықты сүйетін адам. Оған сезімталдық, нық сенімділік қасиеттері де тән.

Сары - жылу мен жарықтың түсі. Бұл адамдар көпшіл, достыкқа берік, еркіндікке талпынғыш. Ол бәрінен де өз еркіңдігін биік қойып, әр түрлі шектеулерді жек көреді. Көңіл күйі тез өзгергіш, оптимист адам.

Жасыл — өзге біреудің сіздің үстіңізден билік жүргізгенін қаламайсыз. Өмірге деген құштарлығыңыз да зор.Жақындарыңыздың қолдауын сезген кезде тау-тасты қопаратындай алапат күшке ие боласыз мақсатыңызға ұмтыла түсесіз.Жаныңызда сүйеу болар адам болса еш қиындыққа мойымайсыз.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: “ Миға шабуыл”.
1-топ

  1. Онтогенез қандай кезеңдерден тұрады?

  2. Эмбриология дегеніміз қандай ғылым?

  3. Түрленіп даму дегеніміз не?

  4. Биогенетикалық заң туралы қазіргі көзқарастар?

  5. Сперматогенез дегеніміз не?

2 – топ.

  1. Гаметогенез дегеніміз не?

  2. Жынысты көбею?

  3. Ұрықтану дегеніміз не?

  4. Гаструла дегеніміз не?

  5. Тура даму дегеніміз не?

3 – топ.

  1. Постэмбриондық даму дегеніміз не?

  2. Нейрула дегеніміз не?

  3. Овогенез дегеніміз не?

  4. Қосарлы ұрықтану дегеніміз не?

  5. Биогенетикалық заңды қандай ғалымдар тұжырымдады?

Сабақтағы жоспарланған әс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы





Видеоролік Сіздерге 10 минут уақыт алдарыңызда тұрған топ атауларын постер жасау арқылы қорғап бересіздер. бас саусақ арқылы топ мүшелері бағалайды.

Жаңа тақырып: Организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі.

Кітаппен жұмыс: Біз ойлаймыз, үйренеміз, үйретеміз әдісі бойынша.

Қоршаған орта жағдайларының ұрыққа әсері.

Пайда болған әр эмбрион қоршаған ортаның жағымсыз әсерлеріне өте сезімтал келеді

Қоршаған орта факторлары

Биотикалық

Абиотикалық

Вирус, бактерия, саңырауқұлақ, жануар, өсімдік

Ылғал, температура,

қысым, радиация, химиялық заттар.

Семей ядролық сынақ полигоны.

Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосферағагидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды.

Радиация әсері

Айналамызда болып жатқан табиғат құбылыстарына мән берелік








Сабақтың ортасы




Талдау

1-топ

1) Адам организмінің әсіресе эмбриондық, балалық пен жасөспірім шақта дамуына .......... мен ....... зиянды әсер етеді.

2) Организмге ......... ұзақ уақыт түсіп отырғанда, ең алдымен, ......... және ........ жолдары зақымдалады.

3) .......... заттарды пайдалану да организмге зор зиян келтіреді.

4) Ұрықтану соңынан бірінен соң келесілері жүретін жедел митоздар үдерісі ...  

4) Факторларды организмнің қалыпты дамуы үшін ......және ........ деп бөлуге болады.

5)Биогенетикалық заңның авторы ...

1- алкоголь мен никотин, 2 – никотин, өкпе және тыныс жолдары, 3 – есірткілік, 4 – бөлшектену, 5 – қажет және зиянды, 6 – Мюллер мен Геккель

2-топ

  1. Басқаларынан кешірек түзілетін ортаңғы ұрық жапырағы ...

  2. Өкпе ... ұрық жапырағынан түзіледі.

  3. Жүрек ... ұрық жапырағынан түзіледі.

  4. Ұрықтанған жұмыртқа жасуша ...

  5. Хромосомалар жиынтығы өзгермейтін кездегі жасушалардың бөліну типі ...

  6. 1 – аналық жасушадан 4 еншілес түзіліп, ондағы хромосомалар жиынтығы 2 есе кемігендегі жасушалардың бөліну типі ...

1. Мезодерма 2. Энтодерма 3. Мезодерма 6. Мейоз 5. Митоз 4. Зигота



3-топ.

  1. Екі гаметалардың қосылуы …

  2. Жыныс жасушалардың хромосомалар жиынтығы …

  3. Зиготаның хромосомалар жиынтығы…

  4. Организм ұрығының дамуы …

  5. Организмнің жұмыртқа қабықшасын жарып шыққаннан кейін---

  6. Организмның тарихи дамуы…

Жауаптары:

    1. ұрықтану

    2. гаплоидты

    3. диплоидты

    4. эмбриогенез

    5. постэмбриондық даму

    6. филогенез


Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

Топтық жұмысқа арналған ресурстар

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті. Табиғат адамзатқа аманат

Оқушылар би билеп сергіп қалады.


Сабақтың соңы




IV.Жаңа материалды бекіту:


1.Бірі қонақта қалғаны үйде әдісі



Кластер жасау


Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ағашқа жабыстырады







Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық ,жұптық жеке жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

Оқушылардың сұрақтар қою дағдысын бақылау арқылы бағалау

Топтық жұмыс бағдаршам арқылы бағалау.

Жұптық жұмыс смайликтермен бағалау Жеке жұмыс бармақпен бағалау.


Бағдаршаммен бағалау

қызыл-өте жақсы

жасыл-жақсы

сары- орташа

Сергіту сәті

Оқу құралдарын ұқыпты пайдалану

Тазалық сақтау


Сабақ бойынша рефлексия














Қорытынды бағамдау

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!