Материалдар / Ашық сабаққа презентация Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабаққа презентация Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған презентация
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2018
892
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым-желтоқсан»
Сабақтың мақсаты:
а) 1986 жылғы Алматы оқиғасының себептерін, сипатын, қозғаушы күштері мен тарихи
маңызын білдіру.
б) Ұлттық қатынастағы жылдар бойы қордаланған шиеленіс пен жүйенің ұлт саясатын
өзгертуге қабілетсіздігін тану.
в) Ұлтшылдық байлықтың тоналуы, ұлттық сөздерінің мән-мағынасын ашу.
Тәрбиелік мақсаты:
1. 1986 жылғы Алматы оқиғасының алты құрлықты аралап кеткен ұлы оқиға екенін;
2. Жеңіп алған демократиясымен салыстырғанда құрбандығы жүз есе қымбатқа
түскендігін;
3. Ар-намыстың, ұлттық қасиеттің тәуелсіздік туының желбіреуіне жеткізген ұлы рух
болғанын;
4. Қоғамды дағдарысқа алып келген тоталитаризм мен әкімшілік жүйе ғана емес, ең
бастысы ұлттық проблемалардың шешелмеу екендігіне көз жеткізе отырып оқушы
бойына патриоттық тәрбие мен саяси көзқарасты қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, отан сүйгіштік қабілетін
қалыптастыру.
Тақырыптық байланыс: Өткен сыныптардағы білімде еске түсіру.
1. Сырым, Кеңесары, Исатай, Махамбет бастаған көтеріліспен байланыстыру.
2. Жаңаөзен, Қарағандыдағы оқиға, Теміртау, Орал қаласындағы жастардың
қозғалысы туралы шолу жасау.
Күнделікті өмірмен байланыс:
1. Тәуелсіздік шежіресі
2. Заңдар, қаулы-қарарлар
3. Әлемдік қауымдастыққа танылу жағдайларымен таныстыруда баспасөз
құжаттарын басшылыққа алу
Пәнаралық байланыс:
Қазақ әдебиеті. Ақын Мұхтар Шаханов «Төрт жыл кешіккен шындық» (Өлеңінің
соңғы шумақтарынан үзінді).
Және не деген нүктесі көп, бүкпесі көп өмір ең...
Төрт жыл өтті шындық күліп шыққанынша көгінен
Оқ бой озып тұрыпсың-ау сол аумалы кезеңде-ақ
Пышаққа сап бола алмайтын әкімдердің көбінен.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, Лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқешанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Сабаққа қажетті көрнекі құралдар:
1. Оқушылар шығарған газеттер:
А) Желтоқсан желі.
Ә) Иесі-қазақ, киесі ғажап.
Б) Желтоқсан құрбандары.
2. Техникалық құралдар. Магнитафон
Үнтаспалар:
1. Қазақстан Республикасының Әнұраны.
2. Б.Тілеуханов «Елім менің» әні.
3. «Нұр-Мұқасан» тобының орындауындағы «Бір ғасыр» әні.
Сабақтың түрі: Зерттеу сабағы.
Сабақтың әдісі: Оқушылардың өздігінен ізденіп ойларын ортаға салуға негізделіп
құрылған.

Сабақта негізгі ой толғаушылар:
1. Тарихшы оқушы
2. Саясаткер оқушы
3. 2-саясаткер оқушы
4. Сарапшы оқушы
Әр ой-толғауға бірнеше оқушы қатысады. Сұрақ-жауаптар болып, пікірталас
туындайды.Зерттеу жұмысын мұғалім оқушыларға алдын ала береді. Тарих пәні
кабинетінде қосымша әдебиеттер, газет-журналдар мен дидактикалық материалдың
молынан болуы мен мектеп кітапханасының материалдық жағдайының жақсы болуы
мұғалім мен оқушылар үшін тиімді болар еді.
Сабақтың мазмұны мен барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып төрайымының сабаққа қатысушы оқушылар жайлы мәліметі тыңдалады.
ІІ. Сабаққа кіріспе.
Мұғалімнің алғашқы сөзі. Сабақ жоспарында көрсетілген тақырып бойынша қаралатын
білімдік, танымдық,тәрбиелік мәселелерге сипаттама жасайды. Бұл тақырыпты зерттеуге
уақыт берілгендігі, онымен тарихшы, саясаткер, заңгер, сарапшы оқушылар
айналысқанына тоқталып өтеді. Алғашқы сөз кезегі тарихшы оқушыға беріледі.
«Қазақстан Республикасының Әнұраны» айтылады.
1. Тарихшы оқушы –
Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген.
Арғымақ мінген жаратып,Ақсауыт киген темірден.
Алатаудай бабалар
Аруағыңмен жебей гөр!
(Қ. Рысқұлбеков)
Ғасыр айрығына жақындаған кезде бұрынғы өткен ата-баба рухы көтерілген
тәрізді. Азаттық жолында адал қызмет еткен хандар батырлар есімі тарих бетінде алтын
әріппен жазылып қалады. Енді солардың қатарына Қайрат пен Ләззат сияқты мыңдаған
Отансүйгіш ұлдар мен қыздардың есімі тіркелді. Олар ғасыр айрығында халықының
азаттығы жолында құрбан болды.
Әміршіл-әкімшіл жүйенің қабырғасы қақырайтын уақыт келіп жетті. Бұл жүйенің
қабырғасын қақыратып, күлін көкке ұшырған 1986 жылы Алматыдағы Желтоқсандағы
оқиғаның алты құрылықты аралып кетті. Бұл оқиғаға себеп 1986 жылы Желтоқсанның 16
күні таңертеңгілікте Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 5 Пленумы болды.
Пленумды КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Г.П.Разумовский жүргізді. Пленум бар
болғаны 17 минутқа созылды.Республиканы ширек ғасырға жуық басқарған саяси
қайраткерді ауыстыру сияқты аса маңызды мәселе осыншалықты қысқа мерзімде шешілді.
Д.А.Қонаевтың орнына Г.П.Разумовскийдің ұсынысы бойынша бұған дейін КОКП-нің
Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып істеген, республикаға мүлдем
бейтаныс Г.В.Колбин тағайындалды.
Мұндай волюнтаризммен Қазақстан бірінші рет кездесіп отырған жоқ еді.
Желтоқсанның 17-сі күні таңертің Алматыда жаппай толқу басталды. Ол республиканың
басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды, онда басқа халықтарға
қарсы атой салушылық, мемлекеттік құрылысты жоюға деген үндеулер болмады.
Әміршілікке дағдыланған республика басшылары жастардың талап-тілектерін
тыңдағысы келмеді. Саяси наразылықты үкімет билігіне төнген қатар деп бағалады.
Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, сан жағынан демонстранттардан
көп күштермен орталық алаңды қоршап алды. Демонстранттарды тарату кезінде партия
комитеттері мен үкімет тарапынан бақылаусыздыққа жол берілді. Үкімет орындарының
жағдайды болжай алмауы қасіретті салдарларға соқты. Демонстранттар мен тәртіп
сақшылары жағынан адамдардың қазаға ұшырауына жол берілді. 1986 жылғы желтоқсан

оқиғасының қозғаушы күші студент жастар болып, кейінгі күндері әр түрлі мамандық
иелері мен оқу орындарының, мекемелердің басшылары болды.
1986 желтоқсан оқиғасының тарихы мен маңызы өте зор.
1. 17 желтоқсан жаңару, жаңғыруды тарих бетіне алып келді.
2. Тәуелсіздікке жол ашты.
3. Қоғам ағзасында асқынып кеткен тоталитаризмнің жүрегін жаншып, миын
шашты.
4. Әкімшіл-әміршіл жүйенің ауыр зардабынанбелін көтере алмай тұрған
демократияның басын көтеріп, қолына таяқ ұстатып, тәй-тәй бастырған қазақ жастары
бүгінде халқының мақтанышы.
5. Қазақ халқының әлемдік қауымдастыққа танылуына, әлеуметтік-экономикалық,
саяси-идеологиялық жағынан еркін дамуына кедергі болған отаршылдықтың қамытын
жұлып лақтырған желтоқсанның жұлдыздары еді.
2. Саясаткер оқушы:
Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның
желтоқсаны туралы шындық, мерзімді баспасөз беттерінде аз жазылған жоқ. Қылышынан
қан тамған колбинизм заманының өзінде*ақ «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп,
баспасөз бетінен алаңдағы оқиғаның ақиқатын батыл айта білген қазақ ақынжазушылардың есімін бүгінде бүкіл әлем таниды.
Ақын Мұхтар Шаханов былайша жыр толғады.
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын, алтын әнім, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындық.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!
Егемендікке жетіп, еркін өмір сүру еліміз үшін қымбатқа түсті.
Қайрат пен Ләззат сияқты қызғалдақтардың өмірі қиылды.
Ұлттық қатынатағы жылдар бойы қордаланған шиеленіс, әкімшіл-әміршіл жүйенің
ұлт саясатын өзгертуге қабілетсіздігі мен оған құлықсыздығы 80-жылдардың ортасында
басталған қоғамға реформа жасау жағдайында 1986 жылдың желтоқсанында әлі буыны
бекімеген жас демократияның әкімшіл-әміршіл жүйемен ашық қақтығысын алып келді.
Желтоқсанда Алматыда болған
оқиғалардың негізінде тұтас тарихи, әлеуметтікэкономикалық және саяси факторлар жатыр. Мұның тарихи тамыры патша үкіметінің
отаршылыдық саясатында жатыр, большевиктер оны индустрияландыру, ұжымдастыру,
тың және тыңайған жерлерді игеру барысында одан әрі жалғастырды.
Маңызды саяси шешемдер Мәскеуде қабылданып, ұлттық республикаларға
директива ретінде жіберіп отырды. Қандай болмасын жоғарғы жақпен келіспеушілік
немесе қарсылық «партиялық тәртіпті бұзу» деп бағаланып, ілі-шала қатаң жазаланды.
Теміртау оқиғасы, Ақмоладағы жаппай толқу жасырын, жабық күйде қалдырылды. 70-80
жылдары ұлттық салт-санадан гөрі Кеңестік салт-сана көбірек дәріптелді. Ұлт
республикаларында, қоғамдық саяси өмірде европоцентризм басым болды. КСРО
халықтар мен ұлттарының дамуындағы орыс мәдениетінің асыра бағалау процесі жүрді,
мұның өзі социалистік республикалардың ұлттық мәдениеттік, мемлекеттік егемендік
және территориялық тұтастығын мойындамауға алып келді.Біздің тарихымыздың бөліп
алмауға болмайтын бөлігі болып табылатын көшпелілік цвилизациясы мен шығыс
мәдениетінің бүкіл қабаты жуып тасталды, адамдардың тарихи санасын жою процесі
жүрді. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгінің бәрін ұмытуға табандылықпен мәжбүр
етеді. Ұлттық проблеманың бәрін тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы ғана
шешуге болады деп пайымдады.
Бұл бағыттағы тәрбие нақты өмірден алшақ жүргізілді, интернационализм
идеяларын насихаттаумен шектелді. Одақтас республикалардың құқықтары шектеліп,
нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. Ұлттардың өзін-өзі билеуі іс жүзінде

болмады. Интернационализмді дұрыс түсінбеу Қазақстанда тіл саясатында тек ұлт аралық
қатынас тілін ғана қолдап, ал ұлт тілі туралы үндемей қалуға әкеліп соқтырды. Орыс тілін
республикада 60 %-і , қазақ тілін орыстардың 1%-і меңгерді. Кітаптың 95%і орыс тілінде
басылып, теледидар хабарларының 70 %- і эфирге орыс тілінде шықты. Қазақ тілінің аясы
тарылып, елдің тозуына, Семей полигонындағы жарылыстан жер тозуға айналды. 1986
жылғы желтоқсаншы жастардың жан жарасының түйіні осында жатты.
1986 жылы желтоқсан оқиғасы үшін жауапқа тартылғандар өздерінің «Желтоқсан»
партиясын құрды. Республика Жоғарғы Кеңесінің төралқасы 1986 жылы 16-17
желтоқсанда Алмаьыда болған оқиғаға байланысты жағдайларға түпкілікті баға беру
жөнінде арнаулы комиссия құрды.
Оқиғаға тарихи әділ саяси баға берілуін талап ету үшін 1989 жылы мамыр айында
Алматыда «Желтоқсан» қоғамдық ұйымы құрылды. Сонау жиырмасыншы жылдардың бас
кезінде «Алашорда» партиясы таратылғаннан кейін Қазақстанда құрылған алғашқы
ұлттық саяси ұйым осы «Желтоқсан» болды.
1989 жылы Алматы медецина институтында өткен жиында 1986 жылғы оқиға
кезінде өздерінің озбыр заң бұзар әрекеттерін ақтауға тырысқан сот, прокуратура
өкілсымақтарына «Желтоқсандықтар» мықты тойтарыс берді. Содан кейін «Желтоқсан»
оқиғасының үш жылдығы ҚазҰУ-да, Қыздар педогогикалық, Халық шаруашылығы және
Театр-көркемсурет институтында үлкен басқосулар арқылы атап өтілді.
Осы жиыннан кейін 1989 жылғы 14 қаращада негізсіз жабылған М.Шаханов
басқарған «Желтоқсан» тексеру комиссиясы өз жұмысын қайтадан жалғастыру керектігі
туралы үкімет басшыларының алдына талап қойылды. Үкімет орындары бұл талапты
атүсті тыңдағандықтан 1990 жылы 15 мамырда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің үйі
жананда «Желтоқсандықтар» аштық жариялауға мәжбүр болды.
Қазақстан тарихында тұңғыш рет саяси аштық жариялаушы «Желтоқсандық»
азаматтар Ә.Мүлікбаев, Қ.Халмұратов, М.Көбенов, Қ.Тәшеновтердің жанкешті
батылдығының жанашыры бола білген астана халқы ауызбірлігінің нәтижесінде 14 жылға
сотталған К.Күзембаев, 15 жылға сотталған Ж.Тайжұмаев түрмеден босатылды.
Қазақстанның
мемлекеттік
Тәуелсіздігін
қалпына
келтіруде,
қоғамды
демократияландыруға
бағытталған мәселелерді көтеріп, 1990 жылы бірнеше рет
мыңдаған адам қатысқан саяси митингілер өткізді. Сол жылы 20 мамырда «Желтоқсан»
Қазақстанның ұлттық демократиялық партиясы болып жарияланды.
Ақиқат үшін, ел намысы үшін қандықол жазушыларға әділ жаза талап ету тек
«Желтоқсандықтардың» ғана емес, демократияшыл барлық адамдардың азаматтық
парызы деп білу керек.
ІІ. Тармақ 1-тарау.
Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндықылықарының басымдығы.
1. Тән саулығын сақтау және нығайту;
2. Адамгершілік және рухани даму;
3. Қазақстандық патриотизмді қалыптасыру;
4. Жастардың құқықтары мен босатындықтарын қорғау;
5. Азаматшылықты қалыптастыру.
2. – саясаткер оқушы.
ХХ ғасырдың 80 жылдары іс жүзінде КСРО-дағы барлық республикаларда аса ауыр
әлеуметтік-экономикалық жағдайлар қалыптасты.
Қоғамдық саяси ұйымдасуы, экономиклық қатынастардың күні өткен жүйесі КСРОны күрделі дағдарысқа әкеліп тіреді. Дағдарысқа тіреген жағдай бұрынғы басшылықтың
толғағы жеткен өзгерістерді жүзеге асыруға
дәрменсіздігінен ғана емес, оның
қажеттілігін түсінуге қабілетсіздігінен, барлық жақтарының тіпті азаматтардың жеке
өмірінің бір орталықтан басқарылуынан; партиялық және мемлекеттік функциялардың
қосылып кетіп, оның төрешілденуінен; заңдылықты бұзуынан; қоғамдық саяси өмірдің аса
маңызды мәселелері бойынша жариялылықтың болмауынан айқын көрінді. Қоғамдық

өмірдегі оның негізгі белгілері: тұрмыстық деңгейдің төмендеуі, материалдық игіліктерді
бөлуде теңгермешіліктің етек алуы; әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылып отыруы;
күнделікті тіршіліктің бұрмалануы; ұлтаралық қатынастарындағы шиеленістер,
адамгершіліктің азуы асқындады.
1986 жылдың 16 желтоқсаны күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
кезектен тыс пленумын шақыртып, 17 минутта еліне деген орасан зор еңбегі бар ұлы
тұлға – Д.А.Қонаевты кетіру, тіпті Отанының ыстық-суығына отыз жылдай күйіп-піскен,
жүрегі, жаны ауырған әзиз адамға бір ауыз алғыс сөз айтылмауы, демократия, гуманизм,
адам құқығына еш күмән келтірмейтін аңғалақтаған қазақтарды алаңнан бірақ
шығарды.Ақыры сақылдаған сары аяздан, тоталитаризмнің темір шоқпарынан
сескенбеген қазақ жастарының қып-қызыл қаны демократияның тұңғыш ізіндей болып ақ
қардың бетінде алаулап, лапылдап жатты. Қарға тамған қызыл қанның орнына көктемде
қызыл раушан гүлі пайда болды. Қасиетті «Құран Карим» кітабында «Раушан гүлі» бірігу
мен рухани ашылудың белгісі деп қаралды. Бүгін тәуелсіз Қазақстан Республикасы
рухани орталыққа айналған тәрізді.
3.Сарапшы оқушы.
Кеңес дәуірінде қазақ мектептерінде ұлт тарихы оқытылмады. Тіл мен дінді жойып,
ұлт тарихын жауып тастап, салт-дәстүр, әдеп-ғұрыпты жұрдай етіп жалаңаштап, гендік
жағынан жоюды мақсат еткен сұрқия саясат жүзеге аспай қалды. Тарихшы оқушы
Желтоқсан оқиғасының мазмұнын толық ашты.
Саясаткер оқушы қоғам ағзасындағы ауруларды дәл тауып, оның асқынбаған
жағдайларын нақтылап көрсете білді. Отаршылдық саясаттың бейнесін ашты. «Алаш»
партиясының ізін басқан «Желтоқсан» ұлттық саяси ұйымның жұмысының жеңіске толы
істерін толық баяндап өтті.
Оқиғаның барысында заңсыздықтар мен оны жүзеге асырушылардың еріс
қылықтарының зардаптары туралы заңгер оқушы баяндап өтті. Демонстранттар ауыр
жазаға ұшырағанымен, демократия ауыздықталғанымен ұлттық рух шарықтап көтерілген
сәтте ешқандай қамал кедергі бола алмайтындығын «Жастар саясаты туралы заңның»
мәнін атап көрсетті. Саясаткер өз сөзінде қоғамдық дағдарысқа жеткізген процестер мен
ситуациялық жағдайларға тоқталып ұлттық идеологияның күретамырына балта шабу
ешқандай оң нәтижеге апармайтынын мәлімдеп өтті. Авторитарлық үстемдіктің еш
уақытта абырой таппайтындығын, ерте ме-кеш пе оның күйремей қоймайтын
жағдайларын атап көрсетті.
Бақыттың бастау бұлағы-еркіндік екендігіне тоқталды. Авторитарлық тұрған жерде
еркіндік жоқ, еркіндік болмаған жерде дамудың болмайтындығына көз жеткізді.
Иә, еліміз еркіндік алды және еркіндікте дамудың, танылудың әлемдік деңгейге
көтерілудің қиындықтарын бастап кешіріп көптеген жеңістерге қол жеткізіп келеді.
Тұңғыш Президент сайлаудан, мемлекетік рәмізден қабылдаудан бастап ұлы
оқиғаға толы жылдарды өткізіп келеміз. Тәуілсіздік алғаннан бергі бүгінгі күнге дейін
атқарылып жатқан істер, көзі ашылған бұлақтың өзенге айналып, өзінің теңізге құйылғаны
тәрізді. Еуразиялық экономикалық САММИТ-тен, Еуропалық саяси ұйымдар мен әлемдік
даму деңгейінен көріне білу, қазақ халқының рухани күштің иесі екендігінің дәлелі .
ІІІ. Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Сарапшы оқытушының сөзін қуаттап келіп Мағжан Жұмабаевтың: «Мен жастарға
сенемін» өлеңінен бірнеше шумақтар оқиды.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!

Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін!
Мағжан ағамыздың көрегендік, әулиелік сөздерінің бүгін көк байрағымызға
бейнеленіп желбіреуі халқымыздың рухының билігі іспетті. Ұрпақ үні-ұлт мәртебесі.
Президентіміздің Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамдық идеялық
бірлігінде» деген еңбегінде аталып өткен бес дағдарыс саяси, ұлттық экономикалық,
экологиялық, имандылық дағдарыстары «Қазақстан – 2030» бағдарламасын жүзеге
асырудағы іс-шаралар нәтижесінде жойылып, әлемдік қауымдастық көшіне ілестік. ҚР-нің
Конституциясының әрбір тарауы мен баптары уақыт өткен сайын нығайып, гүлденіп
өрлеуге тиіс. «Алаштың олар құрбаны, мен жастарға сенемін!» деген Мағжан ақынның
жүрек түкпірінен сыр тартар найзағайдай оттысөздері құлағымызға ғана емес,жан
дүниемізде сан мәрте жаңғырып тұрған сәт бұл! Егемен елдің байрақты төрінен бір уақыт
айналаға зер сала қарасаң, қазақ жастарының алмас қылыштай жарқылдап, білім мен
ілімнің, өнер мен мәдениеттің, нарық пен экономиканың – барша жақсылық атаулының
аулына ат байлап, байрақ желбіретіп көз жеткіземіз. Сидней аспанында мәңгілік жарық
болып ұялап қалған Бекзаттан бастап бүгінгі өркениет өресінен көрініп жүрген жастар
шоғыры мақтаныш сезімін туғызады. Еліміздің босағасына елтаңба боп қонақтар намыс
баршамызды қамшылап та, қанаттандырып та келе жатыр. Намыс есімді ұлы күш біздің
болашақ алуан асуларымыздың да алдаспан серті, айналмас кейіпті кетілмес кепілі.
Қазақстан – қазақ үшін жалғыз Отан. Тіл туралы, жер туралы заңдар болашақта көзделген
биіктіктен көрінуі тиіс.
Қылышы мен найзасын сирақты мылтықтарын түнде басынан, күндіз қойнынан
тастамай жүріп атамекен қорғаған батар бабалардың ұрпағы тіл мен жерді, дінді сақтап
қалуда қателік жібермеуі мүмкін емес.
Мұғалім осындай ой-толғаулардан соң сабақтағы оқушылардың жетістіктеріне
қысқаша шолу жасап, еңбектерін бағалап, оларды келесі сабақтың тапсырмаларымен
таныстырады.
5. Сабақтың соңы. Б.Тілеухановтың «Елім менің» әні мен «Нұр-Мұқасан»
тобының орындауындағы «Бір ғасыр» әнін тыңдаумен аяқталады. Мұндай сабақ өткізудің
мәні мен мақсаты төмендегідей:
Оқушыларды шығармашылықпен айналысуға бейімдейді.
А) Логикалық және психологиялық терей ойлауға дағдыландырады.
Ә) Іскерлікке, пайымдауға, болжауға, анықтауға, нақтылауға, оқиғаның субъективті,
объективті жақтарын қарастыруға т.с.с. үйретеді.
Б) Қоғамдық саяси өмірдегі индивид адамдардың рөлі мен адам статусының
қалыптасып, оның дамуына қоғамның тигізетін тура және кері әсерлерін дұрыс түсініп, өз
орнын таба білетін кәсіпкерді даярлайды.
В) Елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, ар-намысты жоғары ұстайтын адал
азаматты қалыптастырады.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!