Материалдар / Ашық сабақ:Қуат көзіне не жатады? 6-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ:Қуат көзіне не жатады? 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ:Қуат көзіне не жатады? 6-сынып Коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2022
1547
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп: «Опытное поле орта мектебі» КММ

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Қуат көзін үнемдей білесің бе?

Мұғалімнің аты-жөні: Шакенова Динара канабековна

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:15

Күні:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы

1-2 – сабақтар. Қуат көзіне не жатады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.5.1 - тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау

6.2.5.1 - коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы диалогке қатысушылардың ойын толықтырады.

Көптеген оқушы есімдіктің түрлерін ажыратады.

Кейбір оқушылар тірек сөздердің көмегімен тыңдалған мәтіндегі негізгі ойды аңықтайды.

Бағалау критерийлері

Қуат көздері туралы айтады, өндіру тәсілдерін сипаттайды, сұрақтарға жауап береді.

Тілді мақсат

Пәнге тән лексика мен терминология: қуат көзі, өндір, үнем, шығын, баламалы энергентика

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: табиғат эколгиясы, жасыл экономика, Жер-ана.

Бастапқы білім

Таулар туралы айтады, сипаттайды. Мұғалім оқушының бастапқы білімін жетекші сұрақтар қою арқылы біле алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру. Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.

Топтарға бөлу. «Ашықхат қиындылары» тәсілінің негізінде оқушыларға ашықхат таратады. Оқушылар ашықхат қиындыларын құрастырып, бүтіндей сурет құрайды, сол арқылы топтарға бөлінеді.

Қызығушылығын ояту. Оқушылардың жаңа сабақ бойынша білімін анықтау мақсатында «Сұрақтан басталып, сұрақпен аяқталатын эссе» тәсілін пайдаланып, тақырып бойынша 1 минутта бір сұрақ жазуды тапсырады.

Мәтіналды жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадағы тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады, оқиды, оқушыларға қайталатады, сөздік дәптермен жұмыс жасатады.

Суретке қарап, сұрақтарға жауап береді (1-тапсырма).

«Қызық суреттер» тәсілімен бүгінгі тақырып не туралы болатынын болжайды (2-тапсырма).

«Сұхбат құрайық» тәсілімен досы екеуі диалог құрады

(3-тапсырма).

Тілдік бағдар. Мұғалім оқушыларға есімдікті, оның түрлерін меңгертеді. Грамматикалық тақырып туралы мағлұмат береді, мысалдар келтіреді. Мәтінді оқиды, кестеге сүйеніп, қою қаріппен жазылған есімдік түрлерін ажыратады (4-тапсырма).

Тренинг жазылған парақшалар









Тұсаукесер

Оқулық

Дүниежүзінің физикалық картасы

Таныстырылым


Сабақтың ортасы

Мәтінмен жұмыс

Мәтінмен жұмыс істеу негіздерін қалыптастыру үшін оқулықтағы мәтіннің мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін талдауға арналған тапсырмаларды орындатады. Оқушылар мәтінді тыңдайды, оқиды, термин сөздерді жазады, мағынасын анықтайды, мәтін мазмұны бойынша жоспар жазады, тірек сөздерді анықтайды, ақпараттың дұрыстығын анықтайды, «Тірек сөздер» стратегиясымен қою қаріппен берілген сөздердің мағынасын анықтайды, жер, тау атауларына ассоциограмма құрады, таулар мен биіктігін белгілейді, үзінділерді оқиды, түсінгенін айтады, мәтінді тыңдайды, «Тірек сөздер» стратегиясымен не туралы айтылғанын баяндайды.

Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларды сергіту үшін орындарынан тұрғызып, жаттығу жасатады:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біз бақытты баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Оқулық, аудиотаспа, кесте



Оқулық, суреттер



Оқулық, қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі түсті маркерлер



Ғаламтор ресурсы




Сазды әуен

Сабақтың соңы


Жағдаят. Інісімен «Баламалы энергетика» туралы диалог құрады (10-тапсырма).

Қалыптастырушы бағалау. Мұғалім көңіл күй смайликтері арқылы бағалайды.



Кері байланыс. «Сұрақ ілмегі» әдісі арқылы тақырып бойынша сұрақтарын қойып, білімдерін толықтырады.

Үйге тапсырма. Үй тапсырмасы ретінде 11-тапсырма беріледі. Тапсырманың шарты, қалай орындалуы қажет екені түсіндіріледі.

Оқулық



Ғаламтор ресурсы



А4 парағы, түрлі түсті қарындаштар, маркерлер, сырлы бояу


Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізді ме? Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде? Бүгін оқушылар не біліп, не үйренді? Сыныптағы психологиялық ахуал қандай болды? Жоспардан ауытқу болды ма? Себебі неде? Жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Уақыт дұрыс пайдаланылды ма? Жоспарыма қандай түзетулер енгіздім. Не себепті?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз (Сабақ жүйелі жоспарлағандықтан, сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалады.

Оқушылар мәтін мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, сөздікпен жұмыс істейді. Сабақ жоғары деңгейде өтеді, өйткені оқу мақсаттары дұрыс таңдалды, уақыт тиімді пайдаланылып, саралау жұмыстары да орындалады).

Қорытынды бағалау:

Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) табысты болды ма? Сабақтың өзіне ұнаған 2 тұсын анықтап жазыңыз.

1: __________________________________________________________________________________

2: __________________________________________________________________________________

Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) сабақтың тиімділігін арттырады?

1: __________________________________________________________________________________

2: __________________________________________________________________________________

Сабақ барысында өзіңіздің көңіліңіз толмаған 2 әрекетті (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) атаңыз.

1: __________________________________________________________________________________

2: __________________________________________________________________________________

Сабақ барысында келесі сабағымда сыны не жекелеген оқушының сапалы білім алуы үшін нені жетілдіруге болатынын білдім.

1: __________________________________________________________________________________

2: __________________________________________________________________________________
















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!