Материалдар / Ашық сабақ:"Торғай мен мысық" "Балдаурен" шағын орталығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ:"Торғай мен мысық" "Балдаурен" шағын орталығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге ашық сабақ көмегі тиер деген ойдамын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2021
228
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Коммункация

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: Көркем әдебиет.

Басқа ұйымдастырылған оқу қызметімен байланыс: «Сөйлеуді дамыту"

Тақырыбы: «Торғай мен мысық» (өлең)

Сабақ түрі:Жаңа сабақ

Өтетін орыны: «Балдаурен» шағын орталығы

Қатысқан бала саны:10

Уақыты:7-10 минут

Бөлімдері:

Ұйымдастыру кезеңі-1 минут

Негізгі бөлім:7 минут

Бекіту қортынды: 2 минут


Мақсаты:

Білімділік:Ертай Ашықбаевтың «Мысық пен торғай» өлеңімен таныстыру.

Бірге қайталату арқылы жаттату.Торғай мен мысықты тани білуге,олардың дыбысын ажырата білуге,оның сыртқы белгілеріндегі ерекшелігін:жүні жұмсақ,үлпілдек

Дамытушылық: Балалардың сөздік қорларын молайту,тілдерін жетілдіру,

есте сақтау қабілеттерін дамыту.Ойын арқылы балалардың қимыл-қозғалыс белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Балалардың құстарға,үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту,оларға қамқор болуға тәрбиелеу .

Көрнекіліктер:торғай мен мысық суреттері,слайд көрсету.

Сөздік жұмыс: шоқыған,қадам,жем,үлпілдек,жұмсақ (1-2-3)бөтегесі томпайып,ұя.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу.


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың әрекеті

Ұйымдастырушылық-

оятушылық.

Шаттық шеңбері


-Балалар, бүгін біздің оқу іс-әрекетімізге

қонақтар келіп отыр.

Қане амандасып алайық.

-Сәлеметсіздерме.

Балалар шеңбер бойына тұрып , бір - біріне күлімдей қарап айтады :


Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.

Таза ауамен дем алып,

Жақсы ойлар табайық.

Осы жақсы лебізді

Бір-бірімізге сыйлайық.


Енді,балалар,келіңдер,орындарыңа жайғасыңдар .

Балалар өлең жолдарын тәрбиешімен бірге айтып , қимылдар жасайды .





Сәлеметсіздер ме,апайлар!






Өлең жолдарына сай қимыл –қозғалыс жасайды.


Ұйымдастырушылық-

қозғаушылық.































































Сергіту сәті:






Ойын:

-Балалар мен таңертең жұмысқа келе жатып мына бір затты тауып алдым. Сендер бұл заттың не екендігін білесіңдерме?(балалардың жауабын тыңдау)

-балалар бұл радиоқабылдағыш деген құрылғы. Мен қазір мына түймесін

бұрап көрейінші?

(бұраған кезде торғайдың дауысы естіледі)

-Балалар бұл ненің дауысы? (балалардың жауабы)

-Дұрыс айтасыңдар балалар,бұл торғайдың дауысы. (торғайды таныстыру).

Сендер торғайды білесіңдер.

Балалар біз өткен сабағымызда торғай мен танысқан болатынбыз,есімізге түсіріп көрейікші.

Торғайдың денесін мамық жауып тұрады,екі көзі,тұмсығы, қанаттары, құйрығы үшбұрышқа ұқсайды.Қане балалар маған торғайдың дене мүшелерін кім көрсетіп береді?

- Мына құрылғымызды тағы да бұрап көрейікші? (мысықтың дауысы естіледі)

Ненің дауысы?

- Ия, дұрыс айтасыңдар , мысықтың дауысы.(суреттен таныстыру)

Мысықтың екі көзі,екі құлағы,төрт аяғы,

құйрығы ұзын болады.Мысық үй жануары

Балалар мысық нені жақсы көреді?


Балалар біз бүгін осы торғай мен мысық туралы Ертай Ашықбаевтың «Мысық пен торғай» деген өлеңімен танысамыз. Мені мұқият тыңдап отырыңдар, мен сендерге оқып берейін.


Жем шоқыған торғайға,

Жақын барса болмайма.

Қадам басты мысық.

Бір,екі,үш,

Торғай,торғай ұш


Екі рет қайталап оқу.


-Балалар өлең не туралы екен?(балалардың жауабын тыңдау)


Сөздік жұмыс:

-Балалар бұл жерде шоқыған дегеніміз- торғайлар жердегі дәнді тұмсығымен шоқып жейді деген сөз.

-Ал қадам басты дегеніміз торғайларға қарай барды деген сөз.

Сұрақ - жауап :

-Торғай нені шоқыды ?

-Мысық не істемек болды ?(балалардың жауабын тыңдау)

-балалар мысықтың әрекеті дұрыс па?

-Ия балалар торғайларға тисуге болмайды. Оларға жем беріп, ұя жасап қамқор болып жүруіміз керек.

- Енді балалар орнымыздын тұрып бойымызды сергітіп алайық.



Торғай – торғай тоқылдақ
Жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі томпайып,
«Шиқ-шиқ» десіп отырмақ.


Қимылды ойын: «Мысық пен торғайлар»

Ойын барысы: Шеңбер құрып тұрады. бір бала мысық болып сайланады. Қалған балалар торғайлар болады.

«Мысық ұйықтайды!» - дегенде, торғайлар жем шоқуға шығады.

«Мысық оянды!» - дегенде, торғайлар мысықтан үркіп қашады. Ұсталған бала ойыннан шығады (ойынды бірнеше рет ойнату)

- балалар мына радио қабылдағышымызды сөреге қойып қояйық.

келесі оқу іс-әрекеттерінде де пайдаланамыз.


Балалар жауабы.










тор-ғай.





Балалар торғайдың дене мүшелерін көрсетеді


мысық.




сүтті








Экрандағы көрсетілген суреттерге қарап отырады.













Жем шоқыды .

Торғай ды ұстап алмақ болды.

жоқ.








қимыл мен жасау.








Тәрбиеші мен бірге ойын ойнайды.









Рефлексиялық-түзетушілік.

-Балалар біз бүгін қандай өлеңмен таныстық?

- Торғай не істеді ?

-Мысық қандай әрекет жасады ?

Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

торғай мен мысық


жем жеді

торғайды жеп қоймақ болды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар  торғай мен мысық  туралы  біледі,  дене  мүшелерін  атай  алады. .

Игереді: Құстарға қамқорлық жасау керектігін .

Меңгереді: Өлең мазмұнын түсініп ,тәрбиешіден кейін қайталауды.
















































Павлодар облысы

Ақтоғай ауданы

Ақжол ауылы

КММ Агрономия орта мектебі «Балдаурен» шағын орталығы





Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: "Сөйлеуді дамыту"

Ашық сабақ: «Торғай мен мысық»




Тәрбиеші:Адамова Н.Б.










2020-2021 оқу жылы














Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!