Материалдар / Ашық сабақ.Валенттілік.Химиялық формулалар. 7сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ.Валенттілік.Химиялық формулалар. 7сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, биэлементті химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құра білу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2022
685
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Валенттілік. Химиялық формулалар.

Бөлім:

7.3С Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула

Педагогтің аты-жөні:

Дюсенбаева Еркебулан

Күні:

7.03.22ж

Сыныбы:7

Қатысушылар саны:13 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Валенттілік. Химиялық формулалар.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.2.11 -элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, биэлементті химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құра білу

Сабақтың мақсаты:

Валенттілік бойынша бинарлы қосылыстардың

химия лық формуласын анықтайды

Химиялық қосылыстың формуласы бойынша оның салыстырмалы молекулалық массасын есептеуді біледі

Химиялық формулаларды сипаттайды

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Топ ережесін еске түсіру.

Топтастыру.

Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:

Ұшаққа билет алу арқылы оқушыларды 3 топқа біріктіру.

I – қызыл

II – жасыл

III – сары


Жарайсыңдар!

Мадақтау.

билеттер

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.


Анаграмма арқылы wordwall платформасында жаңа сабақтың тақырыбын ашамыз.

Оқушылар билеттердің артында жасырылған сұрақтарға жауап береді.

1.Натрийдің атомдық массасы нешеге тең?

2. Оттегінің атомдық массасы нешеге тең? 3.Темірдің атомдық массасы нешеге тең? 4.Сутектің қанша электроны бар? 5.Алюминийдің ядро заряды қанша? 6.Магнийдің қанша нейтроны бар? 7.Азоттың энергетикалық деңгейі қанша? 8. Кальцийдің соңғы энергетикалық қабатындағы электроны саны? 9.Қай элемент атомында 11 электрон бар? 10Атомдық номері 18-ші элемент 11. Судың формуласы 12 Сілтілік металдар қай топта орналасқан? 13Галогендер қай топта орналасқан?


Оқушылар анаграмманы шешіп жаңа сабақтың тақырыбын ашып, дәптерлеріне жазып алады.

Дескриптор: Жалпы - 1 балл

1. Топ бойынша сұрақтарға дұрыс жауап берсе


https://www.thinglink.com/scene/1542837154692988929









https://wordwall.net/ru/resource/29413663/%d1%81%d0%b0%d0%b1%d0%b0%d2%9b%d1%82%d1%8b%d2%a3-%d1%82%d0%b0%d2%9b%d1%8b%d1%80%d1%8b%d0%b1%d1%8b

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30 мин.


Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Валенттілік кестесімен танысады.


Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру. https://www.youtube.com/watch?v=4FrvO9GPSEY


Жеке жұмыс.











Топтық жұмыс








1.Тапсырма

Кім жүйрік?

Берілген валенттіліктері бойынша төмендегі элементтердің

а) фосфор (ІІІ);

ә) кремний (ІҮ);

б) хлор (І);

в) күкірт (ІІ)

сутекті қосылыстарының формулаларын құрыңдар.


2.Тапсырма

«Химиялық эстафета»

Мына элементтердің оттекпен қосылысын жазыңдар: натрий, алюминий, магний, кальций, калий, темір(ІІІ), мыс(І)


Дескриптор:

Жалпы - 3 балл

1. Химиялық қосылыстардың валенттілігіне сай формуласын жазады.




Дескриптор: Жалпы - 3 балл

Дескрипторы:

1.Химиялық қосылыстардың валенттілігіне сай формуласын жазады.

ДК экраны

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.





https://padlet.com/dusenbaevaerkebulan/9yv1eznt3oin9d1n

Сергіту сәті. Атомдар мен молекулалар.

Оқушыларға сергіту сәтін жасатады.

Әуен қосылып атомдар араласады дегенде оқушылар таралып жүреді, әуен тоқтатылып молекула 5 дегенде оқушылар бесеуден топтасады, молекула 3 десе, үшеуден топтасады т.б артық оқушы ойыннан шығып орнына отырады.


https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=OgurUqOKtkM&feature=youtu.be

Жұппен жұмыс

Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

3тапсырма.

Оқулықтағы №6,7 тапсырмаларды орындау.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

Дескрипторы:

1.Химиялық қосылыстардың валенттілігіне сай формуласын жазады.

2.Формулаға қарап, валенттілігін анықтайды.

ДК экраны

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Кері байланыс. Тест жұмысы.

Тест жұмысын орындатады.

Тест жұмысы

1.Тұрақты І валентті элементтерді көрсет:

А) Ca, Na, Mg

В) Na, Li, K,H

С) Al, B

Д) O, N, F

2.Айнымалы валенттілік көрсететін элементтер:

А) Zn, Na, Mg

В) Na, Li, K,

С) Al, B

Д) P, Cu, Fe

3.Мына қосылыста SO2 күкірттің валенттілігiн анықта:

А) IV

В) II

С) III

Д) VI

4. Дұрыс жазылған химиялық формуланы тап:

А) AlCl2

В) HCl2

С) AlCl3

Д) MgCl3

5.Темір (ІІІ) оксидінің формуласын анықта:

А) FeO

В) Fe3O4

С) FeO3

Д) Fe2O3



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

8 мин.

«Алма ағашы» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.



Жасыл алма- түсіндім

Сары алма- әлі де білгім келеді.

Қызыл алма-түсінбедім.

Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!