Материалдар / Ашық тәрбие сабағы. «Достық-рухани биік ұғым» 6-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық тәрбие сабағы. «Достық-рухани биік ұғым» 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты. «Достық-рухани биік ұғым» 6- сыныпқа достық туралы. Досқа адалдық пен жанашырлық таныту туралы пікір талас
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2022
668
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Достық-рухани биік ұғым»

Сабақтың мақсаты: Адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу. Достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілі: Интербелсенді тақта, қима қағаздары

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгелдеу, топқа бөлу

1-топ

2-топ

3-топ



  1. «Миға шабуыл» тақырыпты ашу сұрақтары.

Балалармен пікір алмасу
1. Дос, достық дегенді қалай түсінеміз?
2. Досың бар ма? Ол кім?
3. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
4. Достық жасқа байланысты ма?
5. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
6. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
7. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?
8. Дос қандай болу керек?


  1. «Жақсы дос пен жаман дос» видео ролик тамашалаймыз.

Видеороликке байланысты пікір алмасу. Оқушылардан өз ойларын сұрау

  1. «Нағыз дос» топтық жұмыс. Алдарында берілген алма ағашына, досқа тән қасиеттерді жапырақтар түрінде теріп ілу (Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді, кешірімді, төзімді, ақылды, сабырлы, салмақты, кек сақтамау, ашықтық, бүкпесіздік, өтірікші, тәртіпсіз, мақтаншақ, жалқау)



Мақалды жалғастыр.
1. «Кемшіліксіз ... іздеген адам ... қалады».

2. «Дұшпан ... айтады, дос ... айтады».
3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ ...».
4. «... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы».
5. «... теңгең болғанша, жүз ... болсын».
6. «Досы көппен ...,
Досы жоқпен ...».
7. «Досы ..., өзі де жақсы».
8. «.. басқа қарайды,
... аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз ..., ақылды дұшпан ...».
10. «Досың мың болса да - ...,
... біреу болса да - көп».

Жауаптары:
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады».
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын».
6. «Досы көппен сыйлас,
Досы жоқпен сырлас».
7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық».
10. «Досың мың болса да - аз,
Дұшпаның біреу болса да - көп».

  1. «Менездеме беру» тренингі
    Балаларға 5- саусақты қағаз қолғап беріледі. Сол қолғапқа жазылған балаға білдірмей мінездеме жазады. Мінездеме тірек сөздерді пайдалана отырып, әр саусаққа жазылады.

Тірек сөздер:
Адал, Арам
Жомарт ,Өз қамын ойлайтын
Адамгершілігі мол ,Кекшіл
Қарапайым, Сөзге түсінбейтін
Мейірімді ,Жалқау
Кешірімді Тәккапар
Төзімді, Қатал
Ақылды, Мейірімсіз
Сабырлы ,Сараң
Салмақты, Қызғаншақ
Кек сақтамайтын, Тұйық
Ашық,Бүкпесіз

Жазып болған соң әр топ ортаға қояды. Және де кез келген үшеуі оқылып, талданады.



  1. Тақырыпты қорытындылау мақсатында «Адал дос» атты видео ролик


Адам бойындағы жақсы қасиеттер, адамгершілік нормалары, әлемнің татулығы бәрі де осы достықтан бастау алады. Сол бастау сіздердің бойларыңызға қаланды деп сенемін. Досымыздың жақсылығын асырып, жамандығын жасырып, тату-тәтті адал өмір сүрейік.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!