Материалдар / Ашық тәрбие сағат «Балаға жүрек жылуы» 8 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық тәрбие сағат «Балаға жүрек жылуы» 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық - мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау. Елімізде қайырымдылық жасаудың негізі ретінде құрылған «Бөбек» қоры. «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева еліміздегі көмекке мұқтаж балаларға қол ұшын беріп, аялы алақанын ұсынуда. Мейірімділік – адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі, отбасындағы адамдардың бір-біріне деген мейірімі – шапағаты - әдептік әсем құбылыс, түйсікті баурап алатын түсінік, ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Сәуір 2022
470
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Балаға жүрек жылуы»

Күні: 07.02.2022 ж

Сынып: 8 «Ә»
Мақсаты: Қайырымдылық, мейірімділік, қамқорлық, әдептілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: ұлағатты сөздер, түрлі қағаздар, суретті плакат.
I. Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Біздің бүгінгі тақырып Шаттыққа толы жүрекпен деп аталады.
Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық - мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.
Елімізде қайырымдылық жасаудың негізі ретінде құрылған «Бөбек» қоры. «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева еліміздегі көмекке мұқтаж балаларға қол ұшын беріп, аялы алақанын ұсынуда.
Мейірімділік – адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі, отбасындағы адамдардың бір-біріне деген мейірімі – шапағаты - әдептік әсем құбылыс, түйсікті баурап алатын түсінік, ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы.
Шаттық шеңберін құрамыз.
Қуанамын мен де,
Қуанасын сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге!
II. Ойын. Оқушыларды 2 топқа бөлеміз Тапқырлар мен Алғырлар
Сөйлемді жалғастыр.
- Ең үлкен қорқыныш – бұл...
- Мен мынадай адамдарға сенбеймін...
- Мен ренжимін, егер...
- Мен ұмытпаймын, егер...
- Маған көңілсіз, егер...
- Егер маған дауыс көтерсе, мен...
- Мен қарсыласқанда...
- Егер мен сенімсіз болсам...
III. «Қайырымды бала» мәтінімен талдау, пікірталас өткізу.
Айдос мектептен үйіне келіп әкесіне сабағын тыңдатты. Баласының сабағын білгеніне әкесі риза болып балмұздақ сатып алуға ақша берді. Баласы әкесінің берген ақшасына бірдеңе сатып алу үшін дүкенге жүгіре жөнелді. Жолдан автобусқа төлейтін ақшасын жоғалтып алып жолда жылап тұрған баланы көрді. Оның жылағаннан екі беті албырап, беті – қолы тоңып кеткенін байқады. Қолындағы ақшасын балаға беріп, үйіне тез қайтып кетуін айтты. Бала қуанып автобусқа мініп кетті. Айдос бұрылып үйіне қайтты..
Мәтін мазмұнына байланысты оқушылардың пікірін тыңдау.
Баланың қайырымдылығы неде?
Өзің Айдостың орнында болсаң не істер едің? деген сұраққа жауап алу.
IV. Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар
Алдынан самал еседі,
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп - үлкен болып өседі.
V. Күннің шуағын құрастыру өзінің адал досының атын және мінезінің қандай екенін айтады. Мысалы: Айдана ақ көңіл
VI. Сөзжұмбақ.
«Тапқырлар» тобы
1. Анаңның анасы саған кім? (әже)
2. Оң аяқ, сол аяқ, Кезек оны тебеді. (доп)
3. Бала тәрбиесі (бесіктен)
4. Жеті күн. (апта)
5. Мектептегі екінші анаң. (ұстаз)
6. Бірлік болмай (тірлік) болмас.
7. Тілі жоқ өзінде, Сөзі бар өзінде. (қалам)
8. Сүттен жасалатын тағам. (ірімшік)
9. Қабат, қабат қаптама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
«Алғырлар» тобы
1. Үйреткен ілімді қырық екі білімді. (әліппе)
2. Жұмыс бізді үш жамандықтан құтқарады? ауырудан, жоқшылықтан,(зерігуден)
3. Жақсыдан үйрен - жаманнан (жирен)
4. Білім ордасы не? (мектеп)
5. Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін не? (білім)
6. Бала тілі - (бал)
7. Үлкенге құрмет - кішіге (ізет)
8. Күн күледі, Түн түледі. (көктем)

VII. Жүректен - жүректе
- Күлімдеген күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
- Таза мөлдір су мейірімді!
- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
- Тату - тәтті достарым мейірімді!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!