Материалдар / ашық тәрбие сағаты , 9 сынып "Ауған ардагерлеріне тағзым"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ашық тәрбие сағаты , 9 сынып "Ауған ардагерлеріне тағзым"

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық тәрбие сағатына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Мамыр 2021
658
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Ауғаныстан ардагерлеріне тағзым!»
Мақсаты:
Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.
“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу.
Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Әдісі: еске алу сабағы
Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд – сурет, баннер

Еркебұлан: Армысыздар ауғандық жауынгерлер

Жырым бар жараланған жаныңды емдер

Өлгендердің жаннатта болсын жаны

Тірілерім мың жаса дәуірлеңдер
ЖАНСАЯ : Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына байланысты ,жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауғаныстан ардагерлеріне тағзым!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасының Гимні ойнатылады
АКБОТА : Ауған соғысы (27. 12. 1979 — 15. 02. 1989) — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық - демократиялық үкіметті” қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. 1965 ж. қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (МХК) тыңшыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет атқарған халықтық – демократиялық партия (ХДП) құрылып, біраздан соң ол екіге бөлінген. “Халық” тобын Н. М. Тараки, Х. Амин, ал “Парчам” тобын Б. Кармаль басқарды.
ЕРКЕБҰЛАН :
1979 жылдың соңында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда ХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп (1978, шілде - тамыз), оның өзін Чехословакияға елші етіп жіберді. Келесі жылғы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, ХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО МХК Аминді қызметінен шеттетіп, “парчамшылдарды” билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 ж. 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы (Л. И. Брежнев, Ю. В. Андропов, М. А. Суслов, Д. Ф. Устинов, А. А. Громыко) Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 ж. 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.

ЖАНСАЯ: Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761 - і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000 - ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында. 2205 жауынгер орден, медальдармен марапатталды.

Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді.
ТАМЕРЛАН :

Бітпейді соғыс салған салдарлары,
Бейбіт күн адамзатқа арман ба әлі
Қырық бірдің отты жылы көнергенде
Жаңғыртты жолсыз жанжал Ауғандағы
Таулы аймақ Кабул, Баграм, Қандагарда
Өлім сеуіп ұлыған қанды аралда
Он сегіз – жиырмадағы боздақтардың
Көрсеткен ерлігінде сан болар ма.

ҰЛПАН:
Бауырым, сен де соған барып қайттың
Кеудеңе орден, медаль тағып қайттың
Тілейміз енді соғыс болмағанын
Жат жерде жансыз дене қалмағанын
Ұрпағымыз бейбіт күн еңбек етіп,
Ашық аспан астында самғағанын!

Тамерлан :

15 февраля этого года исполнится 32 год со дня вывода ограниченного контингента войск в составе 40-ой армии из Афганистана. 32 год назад, 15 февраля 1989 г., закончилась война… война, начавшаяся без объявления и длившаяся 9 лет... война, в которой погибли советские солдаты и офицеры ..война, о которой еще 54 416 бывшим и нынешним военным напоминают шрамы от ран, боль от потери друзей, сны, в которых еще до сих пор идут бои... война, в которой мы не выиграли, но и не проиграли... война, о которой до сих пор неохотно вспоминают власти и спорят политики.

Еркебұлан :

Все начиналось в семьдесят девятом,

Декабрь, двадцать пятого числа,

День этот стал не праздничным, а скорбным,

Война не мало жизней унесла.

Мы головы склоняем перед теми,

Того, кого сегодня с нами нет,

В боях погибших, на земле Афганистана,

Тех, кто ушел в неполных 20 лет…
ВИДЕОРОЛИК : « АУҒАН СОҒЫС »

Көрініс: « Ауған соғысы шарпыды»

Тамерлан : Алаңға жиналыңдар ,кеңес одағының жарлығы. Кеңес одағының Ауған жеріне енгізілуіне байланысты барлық соғысқа ер азаматтар интернационалдық жәрдем ретіне соғысқа алынсын . жарғыны бұзған адамға қатаң жаза қолданылады

Жансая : ойбай не дейді соғысы несі ?? ол не тағы тыныштық болмады ау, бір аллам жар бола гөр

Еркебұлан : соғыс дей ме ? мен тыныш уйде отыра алмаспын , оның үстіне жарлық. Анашым, мен өз борышымды өтеп келейін , қасық қаным қалғанша еліме, Отаныма жанфм пида

Ақбота: балам сен жассың, мен жалгызбын ,арка суйер ,азаматым да сенсің,сені қалай жіберіп жаным тыншиды екен

Ұлпан: анашым , қазақ қаны бойымды тарап тұрғанда , міндеттеілп турганда менде карап тұра алмаспын, егер мен ер азамат бола тұра елім үшін қызмет етпесем, ез болғаным емес пе

Ақбота: егер сенің таңдауың осы болса , қайтейін, амалым қанша

Ұлпан : одан да маган ақ батаңызды беріп , шығарып салыңыз

Тамерлан : олай болса сапқа тұрайық, аттанайық
Ақбота, Жансая : қош балапаным, аман есен Отанға оралыңдар , сендерді күтіп тұрған, елің бар , жұртың бар , отбасың бар

Киімдеріңді шешіп , соғыс басталып кетеді . Тамерланға оқ тиеді , Еркебұлан Тамерланга барып, жағдай сурап: Еркебұлан : бауырым , есіңді жишы ,не болды ,ояншы , бізді талай қызық күтіп тур , аш көзіңді, елде анаң , бауырың күтір отыр

Сол кезде Ақбота мен Жансая келесіңдер де Еркебұлан мен Ұлпанды ұстап аласыңдар

Жансая:Ал , енді өмірлеріңмен қоштаса беріңдер, бізді өз жерімізде ешкім жеңе алмайды, егер аман қалғыларың келсе, бізге беріліңдер

Еркебұлан : берілгенше, өміріміз жан пида , өліспей берілмейміз

Ұлпан : ия жанымыз еліміз үшін берілген, біз өлімнен қорықпаймыз

Апай : ХАБАРЛАНДЫРУ , КЕҢЕС ӘСКЕРЛЕРІ АУҒАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛСЫН

Еркебұлан ,Ұлпан : Міне , біз оңайлықпен берілмейміз, біз мықтымыз , өңшең қанышерлер (деп Ұлпан сен Жансая мен Акботаны итеріп, құлатып кетесің )


Еркебұлан : Ауған соғысында интернационалдық борышын өтеген қаншама жас жауынгерлер қаза тапты.Оларды еске алу мақсатында 1 минут үнсіздік жариялайық. 


ЖАНСАЯ :

Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 12 ақпанда орнатылды. 2002 жылы Кабулда ашылған ҚР Дипломатиялық миссиясы 2003 жылдан бастап Елшілік мәртебесінде жұмыс істеуде. 2011 жылғы маусым айынан бастап Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Ө. Бітімов.

1993 жылдан бастап Ауғанстанның Елшілігі Қазақстанда жұмыс істеуде. 2005 жылы елшілік Астанаға көшті. 2013 жылғы желтоқсан айынан бастап Ауғанстанның Қазақстандағы Елшісі Мұхаммад Фарук Бараки. Қазақ - ауған қарым - қатынастары үдемелі дамып келе жатыр. Мемлекет басшылары халықаралық шаралар аясында тұрақты түрде кездеседі.

Ұлпан:

Сауда - экономикалық қатынастарды дамытуда Сауда - экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан - Ауғанстан бірлескен үкіметаралық комиссиясы (ҮАК) маңызды рөл атқарады.
ҮАК қазақстандық жағының тең төрағасы ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі В. Божко, ауған жағының тең төрағасы АИР Сауда және индустрия министрі Мұхаммад Шакер Каргар болып табылады.
ТАМЕРЛАН : Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін.
ҰЛПАН :

Қазақстан ән мен күйдің аспаны
Қазақстан болашақтың дастаны
Қазақстан атамекен отаным
Қаламаймын бір өзіңнен басқаны
Қазақстан ұлы қазақ атаның
Қазақстан кірлетпеймін атағын
Қазақстан еркін елім, еңселі
Қазақстан елім менің Отаным.

Күй : «Балбырауын» Еркебұлан , Акбота

АКБОТА :

Тәуелсіздік - ту көтерген жеңісің,
Өмір бойы өзің жейтін жемісің.
Ата - бабаң тірлігінде аңсаған,
Құт береке, бейбіт өмір келісім.
Еркін, ұшқыр, тәуелсіз елім.
Сүйікті Республикам менің.
Гүлдене бер сен әрқашанда.
Бостандық елі - Республикам менің.

ЕРКЕБҰЛАН

Биыл Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толуда. Қазақ елі гүлденіп, көркейіп, жасай берсін. Бейбітшілік пен жасампаздықта, ынтымақтастықта, бейбітшілікте біз, сіз деп өмір сүрейік!
Осы тәрбие сағатына келген қонақтарға, қатысқан оқушыларға алғысымыз шексіз. Келгендеріңізге

рахмет

Picture 2 Picture 1

Picture 3 Picture 4 Picture 6



Picture 8 Picture 9












Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 17 жалпы білім беретін орта мектебі












Ауған ардагерлеріне тағзым

( 9 а,ә сынып оқушыларымен )














Өткізген : Минуарова Қ.Н.

тарих пәні мұғалімі

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!