Материалдар / ашық тәрбие сағаты балабақшада
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ашық тәрбие сағаты балабақшада

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту. Ертегіні рөлдерде ойнауын қалыптастыру, сахналауға үйрету,мазмұнын түсіндіру. Адамгершілікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2019
1646
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Сүлейменова Аяулы Тоқтарбекқызы

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шүлбі кенті.

КММ «Шүлбі жалпы орта білім беретін эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешені» Тәрбиеші

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлім: Ертегілер елінде

Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту. Ертегіні рөлдерде ойнауын қалыптастыру, сахналауға үйрету,мазмұнын түсіндіру. Адамгершілікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: салыстыру, көрсету, түсіндіру, сергіту сәті,шаттық шеңбері, тақпақтар, ой толғаныс әдісі, АКТ,музыка, тосын сәт,ойын.

Көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлерінің бетперделері, ағаштар, суреттер

Сөздік жұмыс: бауырсақ

Билингвальды компонент: аю-медведь-bear, қоян-заяц- hare, түлкі-лиса-a fox, қасқыр-волк-wolf, бауырсақ-колобок-the bun

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Қуанамын менде

Қуанасың сенде

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге

Балалар шеңберге тұрып, тақпақты қимылмен айтады

Ұйымдастыру

шылық – ізденіс













































Тосын сәт: Почташы хат әкеледі. (Конверттің ішінде қиынды суреттер бар)

Хатты ашпас бұрын сендерге жұмбақ жасырайын.

Жұмбақ жасыру:

Қашып кеткен атадан

Қашып кеткен ападан

Орманда кеше жүр едім

Домалап шықты алдымнан

-Дұрыс айтасыңдар. Кәне бәріміз бірге қайталап айтайық. «Бауырсақ» жаңғырық әдісімен айту.

Сөздік жұмыс: бауырсақ.

Билингвальды компонент: аю-медведь-bear, қоян-заяц- hare, түлкі-лиса-a fox, қасқыр-волк-wolf, бауырсақ-колобок- the bun «Бауырсақ» ертегісін мультфильм желісінде көрсету.

-«Бауырсақ» мультфильмі сендерге ұнады ма?

-Қандай кейіпкерлер бар?

-Алдауға, өтірік айтуға болмайды, шыншыл болу керек. Бауырсақ аңдарды алдап еді, ақырында түлкі оны алдап жеп қойды.

Балалардың аңдар туралы тақпақтарын тыңдайық.

Түлкі деген қу ғой,

Жүрген жері шу ғой.

Жатып алып жағада,

Іздегені ду ғой.

Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп – теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.

Ақ қоян-ау,ақ қоян,

Ұзын құлақ сақ қоян,

Қаша берсең орманға

«Қорқағым» деп ат қоям.

Қасқыр орманда жортады,

Аяздан ол қорқады,

Аспанға қарап ұлиды,

Ауылда малды ториды

Сергіту сәті:

«Тез отырамыз» музыкалық сергіту.

Бауырсақ» ертегісін рөлдерде ойнау.

Ойын: «Қай ертегі екенін тап»

Шарты: Кубиктегі берілген суреттер арқылы қай ертегі екенін табады.








-Бауырсақ


Балалар ақырын, қатты, одан да қатты қайталайды.

Балалар бірге қайталайды.



Балалар мұқият тыңдап, көреді.


Иә, ұнады.

Ата, апа, қоян, қасқыр, аю, түлкі







Дарина




Айжұлдыз



Аяжан




Камила



Қимылды бірге қайталайды.

Балалар рөлдерде ойнайды.

Ойынды қызыға ойнайды.

Рефлексивті корригиялық


-Бауырсақ қандай аңдарға жолықты?

-Бауырсақты қайсысы жеп қояды?

Осымен ашық тақырыптық әрекетіміз аяқталды.

Қоян, қасқыр, аю, түлкі

-Түлкі жеп қояды.



















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!