Материалдар / ашық тәрбие сағаты «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» 6 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ашық тәрбие сағаты «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық тәрбие сағаты «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» 6 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Сәуір 2018
800
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағат аты: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» Мақсаты: 1. Білімділік. Оқушыларға Қазақстан Республикасының рәміздерін, конститутциясы, тарихы туралы мағлұмат беру. Ақыл - нақыл, шешен сөздер, туған жер туралы өлеңдер үйрету. 2. Тәрбиелік. Оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Туған жерді қадірлей білу, бағалауға үйрету. 3. Дамытушылық. Оқушылардың Отан, туған жер туралы ой - өрісін дамыту. Өзіндік көзқарасы бар жеке тұлға қалыптастыру. Оқушыны сахна мәдениетіне үйрету. Тәрбие сағат көрнекілігі: Плакат, рәміздер суреті, буклеттер, кітаптар, интерактивті тақта.Барысы:І. 16 желтоқсан жайлы видеоролик 1 - жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар, оқушылар! 6 «А» сынып оқушылары ұйымдастырып отырған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!2 - жүргізуші: Қазақстан - ұлан байтақ кең далам, Қазақстан - өзіңе арнап ән салам. Қазақстан - ортақ біздің үйіміз, Отаным деп бар әлемге жар салам. 1991 жылдың 16 желтоқсаны - еліміз үшін ерекше күн. Өйткені бұл күні қазақ халқы өз алдына дербес мемлекет болуын әлемге жария етті. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 1-жүргізуші: Сөйтіп Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің ХV пленумы қабылдаған шешім қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер енгізді. Н. Назарбаев қол қойған алғашқы Жарлықтарының бірі — 1991 жылғы тамыздың 29-ындағы «Семей полигонын жабу туралы» Жарлық болды. Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне мәлім тарихи фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың мәніне айналды.2-жүргізуші: 1992 жылы ҚР - ның Мемлекеттік рәміздері белгіленді. Олар - Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз. Бұл мемлекеттік рәміздер туған халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған еркіндік пен бостандыққа қол жеткізгенін көрсетеді. 1993 жылғы қаңтардың 28 - інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды.1-жүргізуші: 1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып өтті. 2002 жылы Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр. 2 - жүргізуші: Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Тағдырдың талай соқпағынан өткен елімізге бүгінде тәуелсіздік алғанына 26 жыл толады. Қазақстанда түрлі халық қол ұстасып, достық жырын жырлап, тыныш, бейбіт өмір сүріп жатыр.Орыс: Армысыздар, туған жерім, Отаным,Орыс деген ұлтыңыз мен боламын. Өмір сүріп Қазақстан елінде Достық пенен бейбітшілік ұраным. Өзбек:Қош келдіңіз, өнер сүйер халайық, Жарқын жүзбен сіздерді қарсы алайық. Құттықтаймын өзбек халқы атынан Мерекеміз құтты болсын ағайын! Кәріс:Кәріс ұлтым, ҚазақстанотанымҚазақстан елінде мен тұрамын Құтты болсын тәуелсіздік күні деп,Өзіңізге арналады жырәнім.Қазақ: Менің елім - Қазақстан Күл әлемге танылған Желбіреген көк туым бар Қыран бүркіт самғаған Батыр ата - бабаларым Елін жаудан қорғаған Қазақстан Республикам Отаным деп мақтанам. Қазақ:Қазақ елі, қазақ жері Дархан таза халық қойБүгін міне болып жатыр Елімізде алып той Жайнай берсін елім менің Қазақстан бай даламТатулық пен бейбітшілікОрын алған сай далам. Қазақ: Қазақпыз біз туын биік көтерген, Туын әсем қыран бүркіт көмкерген. Құтты болсын мерекеміз бүгінгі, Жарқын далам, құлпыра бер күнбе - күн! (бірге)1-жүргізуші: Бір шаңырақта табысқан, Дос, бауыр көп туысқан Отан - ортақ үйіміз Көңілді ән мен күйіміз. Біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - Қазақстан!Мың бұралған биші қыздарыңыздың орындауында «Қазақ биін» (Айым, Әмина, Ақерке) тамашалаңыздар.2-жүргізуші: Құс ұясыз, Жыртқыш інсіз болмайды. Отансыз жан өмірінде оңбайды, Өзін - өзі қорлайды да, сорлайды. Тірі адамға, тірі адамға сол қайғы,-деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан. Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз, мерекеміз бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. 1-жүргізуші: Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын - қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын. Видеоролик 2-жүргізуші: Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. 1-жүргізуші: Иә, бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Қазақстан елінің осындай дәрежеге жету үшін шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық. Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады. 2 - жүргізуші: Рахмет. Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды. 1 - жүргізуші: Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды? Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды. Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99 - ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99 - ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. (Желтоқсан құрбандарына байланысты слайд)1-Оқушы:Талай қазақ қыздары мен жігіттерін арамыздан алып кеткен "Құйын − 86" деген атпен желтоқсан оқиғасы баршамыздың мәңгі есімізде қалады. Егеменді еліміздің келешегі үшін жанын пида еткен батыр жастарды ұмытпаймыз!Желтоқсан заман толғағы байтақ даланың,Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың. Желтоқсан − Қайрат, Ләззат пен Сәбира, Құрбаны болған жаланың...2-оқушы: Алматының Чайковский атындағы музыкалық училищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Ләззат Алтынайқызы Асанованың 16 жылдық қысқа ғұмыры ерте үзілді. Ол Ақжүніс пен Құртқа, Әлия мен Мәншүк секілді қазақтың ер жүрек қыздарының ерлігін қайталады. Туған елінің азаттығы мен тәуелсіздігі жолындағы қазақ жастары көтерілген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп, құрбан болды.3-оқушы: 19 желтоқсанда ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған, энергетика институтының 2-курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23 желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол – бір үйдің жалғыз баласы еді. «Құйын – 86» операциясының құрбаны болды.4-оқушы: Сабира Мұхамеджанова  Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеруге шықты. Оны дүрбелеңге үн қосқаны үшін айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Училищеден жазықсыз шығарып жіберген қорлығына шыдай алмай Өскемен педагогикалық училищесінің І курс студенті Сабира Мұхамеджанова жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секіріп қаза тапты.5-оқушы: Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Қайрат Рысқұлбеков  1982 жылы  Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Оған үлкен айып тағылды. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» зорлық-зомбылық көрсетті. Ол қыршын жасын қиды. Небары 21 жас ғұмыр кешті.2 - жүргізуші: Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар. КӨРІНІС Темір тордың ішінде Қайрат өлең жазып отыр. Өлеңін оқиды. Қайрат: (Мәди айтады)Қайнама қазақ қамы үшін, Қарусыз шықтық алаңға.Алыстан әскер алдырып, Қырып салды - ау табанда.Сөйлесем даусым жетпейді, Кез болдық мынау заманға. Шовинизм еді ғой, Басты себеп жанжалға. Осы кезде екі жендет Қайратты сот залына әкеледі.Хатшы (И. Әлия): Сот келеді, тұрыңдар! Отырыңдар! Сот үкімді оқиды.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!