Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "ЖАСАМПАЗ, ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН"

Ашық тәрбие сағаты "ЖАСАМПАЗ, ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН"

Материал туралы қысқаша түсінік
"ЖАСАМПАЗ, ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН" атты ашық тәрбие сағаты 16 желтоқсан тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған. Бұл материал барлық сыныптарға жарай береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1111
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Picture 15

Екібастұз қаласындағы

25 қазақ қыздар гимназиясы

Жангурова Айнур Буркутбаевна

география пәні мұғалімі,

сынып жетекші




Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жасампаз, Тәуелсіз Қазақстан»


Мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту.Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту. Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны.  Н.Ә.Назарбаевтың суреті. нақыл сөздер,  Қазақстан туралы әндер.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар! 16 желтоқсан ҚР тәуелсіздігі күніне арналған «Жасампаз, Тәуелсіз Қазақстан» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Әнұран


І бөлім. Көрініс ( Есіктен немересі жүгіріп кіріп келеді)

Немересі: Апа, апа далада керемет болып жатыр? Аспанда жарқылдаған салют атып, адамдар қуанышқа бөленіп жатыр! Жүріңіз көрейік!

Апасы: Е..., е...., жарығым, бұл нышан «Тәуелсіздік» мейрамына арналған керемет қой! Биыл еліміздің «Тәуелсіздік» алғанына 26 жыл толып отыр. Еліміз күннен күнге көркейіп, дамып келеді, балам!

Немересі: Апа , сіз не ойлап кеттіңіз?

Апасы: Ә, балам, апаң не ойлайды дейсің? Сенің болашағыңды, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір туралы ойлаймын.

Немересі: Апа, өткен өмір деген не?

Апасы: Ә, балам өткен өмір -ол ата-бабаларымыздың өмір тарихы.

Немересі: Ал, ол қандай болған?

Атасы: Ендеше, тыңда балам!

1-оқушы 15 ғасырда қазақ хандығын құрдық. Алайда қазақ хандығы бейбіт өмір сүре алмады. Ұлан-байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді.

2-оқушы Ел жайлауға көшіп жатқанда елімзге жоңғар тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты жылатты. Дүрліккен жұрт қашып, Алакөлге аяңдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады.

3-оқушы Қаратаудың бауырында қалың қазақ бас қосты. Елді аман алып қалу үшін, данышпан Төлеби, Қазбек би, Әйтеке би батырларды батырлыққа, елді бірлікке шақырды. Хазақ халқы бірігіп, жеңіске жетті.

4-оқушы 1923-33 жылдарда ашаршылықтан қалың халық опат болып, көптеген ақын, қоғам қайраткерлердің өмірлерінің түбіне жетті.

5-оқушы 1941-1945 жылдарында Ұлы Отан соғысында ел үшін жанын қиған қазақ батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Б. Момышұлы, Талғат Бегалдинов фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап, ерекше ерлік көрсетіп, жеңіске жетті.

Кульбекова Меруерт «Соғыс қаhармандары» презентация.

6-оқушы 1986 жылғы «желтоқсан оқиғасы» тарихта мәңгі қалмақ. Иә, Отан үшін деп жанын қиған жастар енді тәуелсіздік үшін, ар-намысын, ата-баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты. Қаншама қан төгілді.

7-оқушы 1986 жылы 16 желтоқсанда орталық алаңға жастар мен студенттер Үкімет басына Колбиннің келуіне қарсы екендіктерін білдіріп, елдің тәуелсіздігін алу үшін шеруге шықты

Жүргізуші: Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алайық!

Рахмет!

Апасы: Ата-бабаларымыз аңсаған, армандаған еркіндік пен бостандық таңы 1991 жылы16 желтоқсанда атты. Бұл күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.

Немересі: Апа, «Тәуелсіздік» деген не?

Апасы: Тәуелсіздік не екенін тыңда балам!

1-оқушы:

Тәуелсіздік –он бір әріп құралған, Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман. Талай дара, даналардың көз жасы, Қаныменен атты таң боп алдан.

2-оқушы

Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл, Ей, келешек, жан тәніңмен ұғып, біл! Он бір әріп- не мағына береді? Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл.

(Оқушылар «Тәуелсіздік» деген әріптерімен ортаға шығады.)

1-оқушы Т-әріпі –білдіреді теңдікті

2-оқушы ә-әріпі – әдептілік, әлдікті

3-оқушы у-әріпі – уайымсыз уақытты

4- оқушы е-әріпі – егемендік елдікті

5-оқушы л-әріпі – дейді лағып, лепірме

6-оқушы с-әріпі - сенімділік секілді ең

7-оқушы і-әріпі – ілтипат пен ізет қой

8-оқушы з-әріпі- зиялық тілек қой

9-оқушы д-әріпі –шақырады достыққа

10-оқушы і-әріпі- ілкімді боп сақтыққа

11-оқушы к-әріпі- дейді күн боп көктегі

Апасы: Міне, балам, тәуелсіздік - сенің еркіндігің, бостандығың, бақытың, болашағың.


Жакишева Сымбат «Жезкиік» күйін қабыл алыңыздар!


Немересі: Тәуелсіздік ел атануымызға кімдердің еңбегі сіңді?

Апасы: Тәуелсіздік ел атануымызға Қайрат Рұсқылбеков, Ербол Спатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мухаметжанова сияқты апаларымыз бен ағаларымыздың арқасында еліміз жеңіске жетті.

Апасы: Балам, Тәуелсіз мемлектімізді басқаратын елбасы кім?

Сен оны білесің бе?

Немересі: Білемін апа, Ол –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Жүргізуші: Өзіміздің жеріміз, еліміз, теңгеміз бар. Өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұран, тіліміз, теңгеміз бар. Тәуелсіздіктің жарық күні мәңгі ата берсін.

ІІ бөлім. «БІЛГЕНГЕ МАРЖАН». Әр топқа карташалар таратылады:

1 топ (Ту):    Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қадықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрвшты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтер»п ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның сол жағында ою - өр негі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.

2 топ: (Елтаңба):  Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан  нұр шашып тұрғанын бейнелейді. Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астында түсіп халықты қасіреттерден азат еткен,еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екенін көрсетеді.

3 топ (Әнұран):   Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран   мемлекеттік салтанатты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың  мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.


Апасы: Өстіп, 1992 жылы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен елтаңбасын, әнұранын бекітті.

Апасы: Міне, балам әрбір Қазақстанның азаматы өз Туын, Елтаңбасын, Әнұранын бұлжытпай тану керек. Еліміздің тәуелсіздік белгісін қадірлеу, мақтаныш тұту біздің міндетіміз!


Легкая Инессаның орындауында Мұхтар Шахановтың «Төрт Ана» өлеңін қабыл алыңыздар!


ІІ бөлім. БӘЙГЕ. (Сұрақ-жауап) Сандарға кезек берейік!

1919-1925жж .Қазақстанның астанасы-Орынбор қаласы,
1925-1929жж. Қызылорда қаласы.
1929-1997жж. Алматы қаласы.
1997ж. Ақмола қаласы Астана атанды.
1998ж . Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.

1991 ж. 16 желтоқсан Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды
1995ж.30 тамызда Ата заңымыз қабылданды.
25 қазан Республика күнін айтыңыз.
1996ж. 16 желтоқсан Алматының орталық алаңында «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші қойылған).


Қорытындылай келе, Қазақстанға арнаған тілектер жолдар едіңдер?!

Қ – Қазағымыз аман болсын!
А - Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем!
З - Заманымыз тыныш болсын!
А - Аман болайық!
Қ - Қыран құстай биік болайық
С - Сарарқа даласында бейбітшілік болсын!
Т - Табиғатты аялайық
А - Елбасымыз аман болсын!
Н - Нанымыз көп болсын!


Хор «Менің Қазақстаным!»


Жүргізуші: Қош-сау болыңызда! Тәуелсіздігіміз мәңгі, тұғырлы болсын!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ