Материалдар / Ашық тәрбие сағаты Қазақстан тұрақтылық пен татулық мекені 7 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық тәрбие сағаты Қазақстан тұрақтылық пен татулық мекені 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Көпмәдениетті және эстетикалық тәрбие бағыты бойынша жахылған ашық тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Шілде 2018
2599
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы, Талас ауданы Қаратау қаласы, «Үміт» қимыл-тірек

аппараты бұзылған балаларға арналған

арнайы мектеп-интернатының

тәрбиешіс Тапелов Курманкелди Ерботаевич



Тәрбие бағыты: Көпмәдениетті және эстетикалық тәрбие

Сабақтың тақырыбы : Қазақстан тұрақтылық пен татулық мекені

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға ұлттар достығы туралы түсінік беру. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық дәстүрлерін, мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесін оқушылардың бойына сіңіру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың, еркін сөйлеп, пікірін еркін жеткізуге, сабаққа деген қызығушылықтарын дамыта отырып, танымдық белсенділіктерін арттыру.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен бірлікпен өмір сүріп жатқаны туралы танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, Қазақстан Республикасының картасы, суреттер.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, әңгімелеу.

Сабақтың түрі: Ашық тәрбие сағаты

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі .

  1. Сәлемдесу.

  2. Қазақстан Республикасының Гимн орындату.

ІІ. Ұйымдастыру бөлімі:

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Ашық тәрбие сағатымызды бастамас бұрын мен сендерге ой салмақпын: Қазақстан Республикасының картасына бір сәт көз салып, біздің кең байтақ жеріміз, еліміз туралы не ой туындайды? Сол туралы ой жүгіртейікші. /балалар ойын тыңдау/

- Отанымыздың тыныштығы үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Елімізге не тілейсіңдер? Тілектеріңді, пікірлеріңді стикерге жазып, картаға жабыстыруларыңды ұсынамын. Жабыстырар алдында не жазғандарыңды оқып берсеңдер жақсы болар еді.


ІІІ. Жаңа сабақ:

«Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз...

Тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Елбасымыздың сөзімен бастап, сөздің мағынасын талқылап берулеріңді сұранамын. /балалар ойын тыңдау/

Олай болса , балалар, бүгінгі ашық тәрбие сағатының тақырыбы не жайлы болмақ?/ тақырыпты хабарлау/

- Жалпы қазақ халқының көсіліп жатқан кең байтақ даласы бар. Осындай байлықтың Қызығын көру үшін бізге тыныштық ауадай қажет. Қазыбек би атамыз айтқандай «Біз қазақ достықты жақтаған елміз, дәм тұзды ақтаған елміз»


«Білемін»:

- Балалар, жалпы Қазақстан Республикасының көп ұлттылығы туралы не білесіңдер? Сол туралы ой бөлісіңдерші./балаларды тыңдау/

«Тарихқа көз жүгіртер болсақ, тағдыр тауқыметімен қаншама ұлыс өкілдері қасиетті Қазақ жерін пана тұтқаны белгілі. Сындарлы кезеңдерді бастан өткерген қазақ халқы өз атамекенінде көпұлтты мемлекетке айналды. Қашанда татулық пен ынтымақты ту еткен еліміз үшін өзге ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынаста болып, біртұтастықта өмір сүру маңызды. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы халықты ұлтына бөліп-жармай, біртұтас Қазақстан қоғамын қалыптастыруды мақсат тұтып, 1992 жылы алғаш рет Ассамблея құру туралы идеясын қалың көпшілікке жариялады. Идея ірі мақсатқа ұласып, 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Биыл ұлтаралық татулық пен қатынасты, біртұтас қоғам құру мен түсіністікті басты шарты еткен Ассамблеяға – 21 жыл. Осы жылдар ішінде Елбасының теңдессіз идеясы әлем үшін үлгі болып, жеке дара «Қазақстандық бренд» ретінде танылды».

«Білгім келеді»:

Осы көпұлтты мемлекеттің аспаны ашық, елі тыныш болу үшін не қажет?

Қазақстан жеріне осы көп ұлт өкілдері қайдан келді?-деген сұрақтар туындамай ма сендерде?

Мүмкін басқа да сұрақтарың бар шығар. Кане, қандай сұрақ қойғыларың келеді, бүгінгі сабағымызда не білгілерің келеді? /оқушылардың сұрақтарын тыңдау/

Бүгінгі сабақта осы сұрақтарға жауап тауып көреміз.


Ширату жаттығуы: «Қағаз ұшақ».

Қазір біз бір жаттығу жасаймыз. Ойын десек те болады. Бәрің қағаздан ұшақ жасауды білесіңдер. Екі топқа бөлініп. Шуылдамай, екі-екіден бір қолды ған пайдаланып ұшақ жасау керек. Әрине алдымен өзара топ ішінде жасалу жолын келісіп, талқылап алсаңдар болады./жаттығуды орындау/


Ой қозғау:

Бұл жаттығуды орындау барысында қандай қиындықтар болды. Жаттығуды дұрыс орындау үшін, ұшақ ойдағыдай болып шығу үшін не керек болды? /келісім, ауызбіршілік, бірлік/


Мақал-мәтел айту:

Олай болса, осы отырған топтарыңмен бірлік туралы білетін мақалдарды айтайықшы. Топтар бір –бір мақалдан айту керек, бірінің айтқанын екінші топ қайталамауы тиіс./ мақал-мәтел/


Мақал-мәтелдер :

1.Ынтымақ – достықтың бірлігі.

2.Бірлік түбі – береке.

3.Бірлік болмай – тірлік болмайды.

4.Татулық - табылмас байлық.

5.Сабыр түбі -сары алтын.

6.Алтауы ала болса, ауыздағы кетеді.

Төртеуі түгел болса, төбедегі келеді.

7. –Бақ, қайда барасың?

-Ынтымаққа барамын


Тәрбиеші сөзі:

«Бірлік – берекеге, береке – мерекеге жеткізеді»,- деп дана халқымыз айтқандай, -Қазақстандағы татулық пен ынтымақты ту еткен ата-бабамыздан, дәстүрімізден келе жатқан құбылыс. Біз басқа ұлттарды, басқа мәдениетті жатсынбайтын ашық этнос ретінде қалыптастық. Бұл қазақ халқының ұлттық менталитетінен түсінігінен көрініс табады, қазақ халқына тән қандай ұлттық мінез құлықтарды атай аласыңдар?

/қонақжайлылық, бауырмашылдық, ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, имандылық, иманжүзділік/


-Осы мінез –құлық қандай ұлттық салт-дәстүрлерден көрініс табады? 

- Асар жасау, той жасау, барлық адамның жиналып келіп қуынышты бөлісуі, 
сол сияқты қайғыны да бөлісе алуы.
«Қуанышты бөліссе, көбейеді, қайғыны бөліссе, азаяды.»

-Балалар, осы көп ұлт өкілдері қазақ жеріне келу тарихын кім біледі? / балалар жауабы/

Мұғалімнің сөзі/ слайдпен жұмыс/:


Слайд: Тарихи дерек:


Неміс халқы Сталиннің бұйрығымен Поволжьеден жер аударылған. 1957 жылдан бастап неміс тілінде радиобағдарламалар, 1966 жылдан бері "Фройндшафт" газеті шықты. 1980 жылы Теміртау қаласында неміс драма театры ашылды, кейіннен ол Алматы қаласына көшірілді.

Ұйғырларды таранчы деп атайды. Ұйғырлардың мекені - Шығыс Түркістан, қазіргі Шыңжаң Ұйғыр автономиясы, онда 12 мын. ұйғыр тұрады екен. Олар 3 топка бөлінеді: хотандык, турфандык, қашғарлық. Қазақстандағы, яғни Алматы облысы бойындағы жер аударылып келген ұйғырларды жетісулық деп атайды. Олардың алғашқы легі сонау 1876-77 жылдары Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін Цин империясына қарсы көтерілістен соң бәрі Жетісуға өтуімен басталды.

Кәріс халқынын . Кәрістер коре сарам, часон сарам, ханчук сарам болып үшке бөлінеді. Кәрістердің Қазақстанға келуі сол сталиндік репрессия кезінде Қиыр Шығыстан депортацияға ұшырауынан басталады.

Дүнген, лохуэй, хуэй (аудармасы - қайта келген халық), елі — Қытай. 1758 жылы Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін Цин империясына қарсы шыққан дүнгендер 1876-77 жылдардағы репрессияға ұшырамау үшін халық батыры Биянху бастап 4 мың адам тау асып Жетісуға келді. Содан бері қазак елінде өсіп өніп, тіршіліктерін бейбіт жалғастырып келе жатыр.

Күрдтер - Отанынан айырылған, тағдыры мұңлы халық. Олар ертеде Кіші Азия мен Иран тауларының түйіскен жерінде орналасқан үлкен таулы мемлекет Күрдістанда тұрақтаған. Бүгінде күрділер Иран, Сирия, Түркия, Қазақстан жерлерінде өмір сүреді. Өмірдің қиын жағдайы күрдтердің туған жерін тастап, басқа елдерде қоныстануына әкеп соқтырған. 1989 жылы күрд халқының қоғамдык-мәдени орталығы құрылған.

Слайд: Бейнефильм көру: «Достықпен татулық мекені».

Бейнефильмді талқылау: Не көрдіңдер? Не түсіндіңдер?

«Дейін-кейін» ширату жаттығуы: Балалар, сабақты бір ойынмен аяқтағым келіп отыр. Бәрің ортаға шығып, бір-біріңнің алақаныңа өз алақандарыңды жоғары қаратып қойыңдар. Енді сол алақандарыңа тәрбие сағатына дейінгі ойларыңды, ал оң алақандарыңа тәрбие сағатынан кейінгі ойларыңды салыңдар. Бүгінгі сабақтан жақсы әсер алдындар деген ойдамын сабаққа қатысқандарына көп көп рахмет сай болыңдар!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!