Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіздік тұғырым" Туелсіздіктің 30 жылдығына орай. 3 "А" сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық тәрбие сағаты "Тәуелсіздік тұғырым" Туелсіздіктің 30 жылдығына орай. 3 "А" сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге, тарбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Мамыр 2021
1314
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік- тұғырым».

Құрметті әріптестер: Ашық есік күніне байланысты Тәуелсіздіктің 30- жылдығына орай «Тәуелсіздік-тұғырым» атты тәрбие сағатын көрсеткелі отыр. 3 «А» сынып оқушылары.

Сабақтың мақсаты: 1986ж желтоқсан әміршіл әкімшіл саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп, демократия жолында құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік беру.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет.

Тәуелсіз болу дегеніміз-ешкімге бағынышты болмай өз еркімен өмір сүру деген сөз. Осы тәуелсіздікке көптеген қиын жолдармен келді.

Егеменді ел алғанымызша біздің халқымыздың басынан қиындықтар мен қатыгез жолдардың небір сұмдықтары өтті.

Бұл қазақ халқының ары мен намысына өшпес таңба салған. 1986 жылғы 16-17-18 желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары назарлық білдіріп шеруге шықты.

Олар Тәуелсіздік керек! Ұлттық басшысы өз ұлтынан сайлансын! Деген тілек білдірді.

Сол кезде үкімет бұйрығы мен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Азапты күндерді өткерді.

Атап өтсек Қ.Рұсқұлов,Л.Асанова, Сабира Мухаметжанова, Ербол С т.б. көптеген жастарымыз қыршын кетті.

Тәуелсіздік үшін күрескен жастарымыздың ерліктері ешқашан ұмытылмайды.Бірақ,бірақ бір өкініштісі, желтоқсан құрбандары мына тәуелсіздік күнді көрмегені өкінішті –ақ.

Біздің сынып оқушылары сіздерге сонау желтоқсан оқиғасынан тәуелсіздікке қалай жеткен жолдарым түсіндірді.

Енді: «Тәуелсіздік-тұғырым »атты ашық тәрбие сағатын көріп тамашалаңыздар.

Жүргізушілер:

Армысыздар құрметі қонақтар!

Қош келдіңіздер ұлағатты ұстаздар!

Құтты болсын мерекең!

Құтты болсын берекең!

1986 жылғы желтоқсанның тарихында ұлы 1991 ж Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялаған күн.

Еліміз егеменді мемлекет болды..

Қазір қазақ мемлекет жер жүзі білді.

Өз әнұранымыз,туымыз,елтаңбамыз бар!

Тұңғыш ел басшымыз Н.Ә.Назарбаевтай данамыз бар.

Хормен: Олай болса, тәуелсіздік тұғырымыз жырлайық.

1-2-3 оқушы (хормен).

Дүр сілкінді желтоқсанда қоңыр аймақ,

Өйтпесе,тілім қайтып қанат жаймақ.

Ұран жазып, қып-қызыл ту көтеріп,

Жастар шықты алаңға елімайлап.

Бекзат:

Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,

Қиындықпен қатерге тігіп бастарын.

Содан кейін еркіндікті бастады.

Нұрислам:

Дауылға желтоқсанның желі айналды.

Ашуға мінді Алатау кәрі,айбарлы,

Күтпеген іс ақыры не болды деп,

Күллі әлем Алматыға қарай бет алды.

Сымбат:

Желтоқсанның ызғарына қарамай,

Бас алаңға жастар жүрді тарамай

Кеуделерін намыс оты кернеді.

Азатықты қолдарына ала алмай.

Бастар:

Қалың әскер қаумалады жаналай

Тыныштықтың шырқын бұзды танадай

Кінәсі жоқ жастарменен санаспай,

Ұрып-соқты түгел бәрін аямай.

Бағдат:

Жас арудың жанарында-желтоқсан

Қанды ғасыр табанда желтоқсан

Қарлы өмір қайыстырған халқымның

Қара тұман қабағында –желтоқсан.

Шыңғыс:

Жауыздықты жасқаған да-Желтоқсан.

Жаңа ғұмыр бастаған да- желтоқсан.

Жауыздықтың көз жасына жуынып

Абақтыға тастағанда желтоқсан.

Өстемір:

Алматы қаласындағы Республика алаңы- Тәуелсіздіктің тал бесігі. Осы жерде 1986жылғы 16-17-18 желтоқсанда қанды оқиға болды. Қаншама Қазақ жастары Қазақстанды ұзақ жылдар басқарып келген Д.Қонаевтың орына ресейлік Г.Колбинның тағайындалуына қарсылық білдірді.Ағаларымыз тепкі көрді. Апаларымыздың бұрымынан сүйреді. Ұлттық арымызға өшпес таңба түсті. Қайрат, Ерболдай ағаларымыз,Сәбира,Ләззат апаларымыз қазақтай батыр елдің баласы екендерін бүкіл әлемге танытып құрбан болды.





Тимур:

Желтоқсан заман толғағы байтақ даланың

Шарпысқан сәті үміт пен күздік моланың

Желтоқсан Қайрат пен Сабираның

Құрбаны болған жаланың

Мұғалім: Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы » бойынша түсірілген «Желтоқсанның асықпаған ақиқаты» бейнефильмінен 1986 ж 16 –желтоқсанда Алматы қаласының сол кездегі «жаңа алаң» деп аталған желтоқсан көтерілісінің кіндігі болған алаңдағы оқиғаға үңілсек.

3 мин слайд.

Мұғалім:

Озбырлық күшпен тұншығып

Үміт оты өшкен күн

Жанына таппай бір шындық

Ер қайраттың кеткен күн

(әуен: желтоқсан желі )

Көрініс:

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқулбековтың ақтық сөзі

  • 1987 ж 16- маусымындағы Үкімімен Қ.Рысқұлбеков ең ауыр жаза – атуға бұйырды. Кейін 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Бірақ, Шу , Қарағанды темір жол бекеттері арқылы Семей түрмесіне жеткізіп, құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды.

  • 1992- жылы 21- ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Халық қахарманы атағы берілді. Тараз қаласында Рысқұлбеков демалыс паркі бар. Ескерткіштер қойылды.







Мерей:

Тәуелсіздік еді көптің қалауы

Желтоқсанның жолындағы алауы

Ағалар мен апалардың ерлігі

Еркіндіктің желбіреген жалауы

Дарын:

Келер күнге мен де қанат сермедім

Тербеледі бейбіт өмір есігі

Қайрат, Ербол Ләззат сынды ерлердің

Ел есінде сақталады есімі.

Лунара:

Келді осылай аңсаған күнімізде

Көптен күткен Тәуелсіздік келді бізге

Қайта оралды сан ғасырлық қиындықтан

Қасиетті тіліміз бен дінімізде

Бектұрсын:

ҚР 1991 ж 16- желтоқсанда өз тәуелсіздігін алып дербес мемлекет болды. Тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз.

Хормен: Тәуелсіз –Қазақстан

Туымыз тұғырлы

Елтаңбасымен еңселі

Әнұранымен айбатты

Бойымда Қайрат тұрғанда сенім

Құрбаның болам жолында сенің

Құлпырып мәңгі жасай бер ,жаса

Сүйікті отан, сүйкімді елім

Қазақстан Республикам менің

Мен қазақ болып туғаныма мақтанамын

Өйткені мен тәуелсіз, еркін елдің ұланымын.

Ерболат:

Егемендік тиді бүгін еншіме

Желтоқсан –ау жеткіздің ақ тілекке

Егемендік ел болудың белгісі,

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең –күші

«Егемендік» деген сөзбен естіледі

Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

Мәди:

Армандарды жақындатып тым алыс

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс

Егемендік – ел бақыты, ертеңі,

О,Халайық!

Құтты болсын қуаныш!

Гүлзейнеп:

Енді бүгін өлен туым тірілді.

Әнұраным жалғап алды ғұмырды.

Босағада қалып келген елтаңба

Бұрынғыша төріме келіп ілінді.







Нұрсұлтан:

Отаным –Қазақстан

Туған жерім, туған елім,

Елім қазағым

Өмірімізді, өзімізді көріп –бұл қазақ дейді.

Әнімізді, жырымызды тыңдап –бұл қазақ дейді.

Ерлігімізді тірлігімізді қарап, бұл қазақ дейді.

Дастарханымызды достарымызды көріп – бұл қазақ дейді.

Турлымызды, ғұрпымызды көріп бұл қазақ дейді.

Өзімізді, сөзімізді көріп, бұл –қазақ –дейді.

Мен қазақ деген ғажап дейді.

Нұрислам:

Қазақстан! Туды алтын дәуірдің

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын

Алтын Заңын құтты болсын

Туған күнің құтты болсын , ағайын.

Шыңғыс:

Мен айғақпын, жайқалды өлке міне,

Мен иемін, бүгінгіге ертеңіме

Ата Заңым, Елтаңба, Қазақстан

Елдің күйін, ел күйін шертіп мен де.

Ербол:

Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн

Бізге оңай келген жоқ қай азап күн,

Еркіндіктің желбіретер көк туын,

Біз жастармыз, болашағы қазақтың

Көрініс:

  • Ата Тәуелсіздік деген не?

  • Балам, сен барлық адамдар тең өмір сүрген тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің азаматысың.

  • Аға Тәуелсіздік деген не?

  • Елің де ,жерің де сеніңкі. Тәуелсіздік деген сол сен қазақ баласысың. Отаның –Қазақстан туған елің –қазақ елі.

  • Ұстаз – Тәуелсіздік деген не?

  • Ол тәуелсіз туған жерің, туған тілің, салт –дәстүрің.

  • Досым –сен тәуелсіз үшін не істейсің.

  • -ол үшін жақсы оқимын, тәуелсіз елім үшін адал еңбек етемін.

  • -Аға (әскерден келген азамат) тәуелсіз деген не.

  • -Інім 1986ж еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен жнелтоқсан батырларын ұмытпау керек. Мен сол азат екткен елдің шекарасы күзетемін.

Мұғалім:

Ел үшін жаным менің дауға бекем

Ұмтылам найзамды алып жауға,

Бабам төккен қаныммен бірге келген

Тәуелсіздік мен саған тәубе етем.

Тәуелсіздік шежіресі: слайд (3 мин) бейне.

Мен –қазақпын. Ж.Молдағалиев.

Бағдат:

1.Мен қазапқпын, мың өліп,мың тірілген,

Жүрегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім,күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

(3 шумағын айту)

Көк тудың желбірегені. Б.Тилеген.

Мұхтар Шахановтың Тәуелсіздікке 25 жыл арнау. (7 оқушы ортаға)

1.Тәуелсіз еліме -25 жыл.

Ұлан байтақ неткен жер.

Дәнді-дақыл еккен жер.

Жеттік міне арманға

Қазақстанға ерікті ел.

2. Талай боздақ өткен жер.

Маңдай терін төккен жер.

Тәуелсіздікке қолы

Қиындықпен жеткен жер.

3.Егеменді ел Болсақ

Ел намысын сақтайық

Қазақстан байлығын

Бөтен елге сатпайық.

4.Өзіңде бар ел басы,

Туыңа бар әрине.

Ел таңба бар ертегі

Ән ұранның тәрбиелі.

5.Салт дәстүрінің қазақтың

Жаңғыртайық жасайық

Үлгі етіп ұл қыздарға

Үлкен үміт артайық.

6.Тілді сөйлеп шұбарлатпай

Қастерлейік халайық

Қазақ тілін дамытуға

Күшімізді салайық.

7.25 жыл міне толып отыр,

Егеменді еліме

Өрт глалмастан бөтен елдер

Ата мекен жеріме.

Мұғалім:

Аңсап кеткен бұл тойымыз

Құтты болсын, бәріңізге

Ұзақ ғұмыр, бірлік табыс

Тілеймін жас кәріңе.

Ән: Атамекен. Орындайтын. Б.Сапарбек.

Би: Сарбаздар.

Ән: Тәуелсіз елім бар. Орындайтын .Б.Тағабай.

Ән ұраным жанұраным

Айтар әнім-сөйлер сөзім.

Туған жерім-сағынарым.

Мәңгі бақи шырқалады.

Республика әнұраны.

Гимн. (хор).

Назар аударғандарыңызға рахмет.









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!