Материалдар / Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға көмегі тиер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2020
212
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Балапан» ортаңғы тобы тәрбиеші: Спашева С.С

Технологиялық карта

Ашық ұйымдастырылған оқу-қызметі

«Күз сыйы»


Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта», «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу-ісәрекетінің түрі: «Қоршаған ортамен таныстыру»,

«Сөйлеуді дамыту»

Тақырыбы: «Күз сыйы»
Мақсаты: балаларға жылдың күз мезгілі туралы түсінік беру. Күздің ерекшеліктерімен таныстыру. Күз туралы білімдерін дамыту. Күз туралы тақпақтар айта отырып баланың сөйлеу тілін дамыту. Суреттерді әңгімілей отырып байланыстыра сөйлеуге үйрету. Ұсақ қолматорикасын дамыту.Тазалық пен достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Күз мезгілінің сюжетті суреттері, көкөніс – жеміс муляждары, түрлі-түсті жапырақтар.
Методикалық әдіс: Түсіндіру, бақылау. Сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: «Күзгібақ» суреті, жемістер, көкөністер, автобус, қағазға салынған ағашсуреті, жапырақтар.

Ұйымдастыру және психологиялық сәт
Тәрбиеші: Қараңдаршы балалар, айналамыз қандай тамаша! Осы бөлмеге шуағын төгіп, нұр беріп тұрған күнге қарайықшы. Сол күннен жылу алып, алған жылуымызды бір-бірімізге береміз.
Балалар: 

Шаттық шеңбері (үш тілде амандасамыз әуенмен)

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Балалар күздің қандай ерекшеліктері болады?
Балалар: Күзде күн салқын болады. Ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Тәрбиеші: Күзді неліктен «Жомарт Күз»- деп атаймыз?

Балалар: Себебі күзде көкөністер мен жемістер піседі, егін жинау болады.

Тәрбиеші: Балалар қандай жемістерді білесіңдер

Балалар: алма, алмұрт, жүзім, шие, анар, алша, құлпынай.

Тәрбиеші: Қандай көкөністерді білесіңдер.

Балалар: Сәбіз, қияр, қызанақ, картоп, қырыққабат, қауын, қарбыз, жуа, т.б. Тәрбиеші: Жемістер қайда өседі?

Балалар: Ағаштың басында

Тәрбиеші: Көкөністер қайда өседі?

Балалар: Жерде өседі.

Тәрбиеші: Бәрекелді балалар, олай болса мен сендерге тапсырма берем. Алдарыңызға суреттер тұр. Сол суреттерді екі топқа ажыратып бөліп қою керек (көкөністер мен жемістер) (әуен жүреді). Талдау,кейін олардың пайдасын айту (сұрақ-жауап)

Бір мезетте дыбыс естіледі
Тәрбиеші:қонаққа біреу келе жатыр балалар, қарайықшы кім болды екен?

(Қонаққа күз келеді.)

Күз: Саламатсыздарма балалар! мен Күз ханшайымы боламын, сендердің дауыстарыңды естіп сіздерге келіп қалдым.

Тәрбиеші:Сәлеметсізбе, Күз ханшайымы қош келдіңіз

Күз ханшайымы:Бүгін ерекше әдемі болып отырсыздар балақайлар.Балалар сіздерге келгеннен кейін сіздердің білімдеріңді тексеріп көргім келіп тұр. Қазір күз мезгілі болғаннан кейін жемістер мен көкөністердің піскен уақыты. Сіздердің аналарыныз қысқыға дайындалып жатқан шығар иә, қазір сол себепті менің тапсырмамды орындап қызанақпен қиярды орналастырып, қысқы азығымызды дайындап алайық.

1 тапсырма: Қысқыға дайындаламыз, яғни банка жабамыз, ол үшін бізге нелер керек, жемістерме? Көкөністерме?

Балалар: көкөністер

Тәрбиеші:өте дұрыс айтасыңдар балалар, ендеше қараңдаршы балалар алдарымызда көкөністер жатыр, осы қияр мен қызанақтан қысқы азығымызды жасап дайындап алайық. (балалармен жұмыстанамыз.)

Күз ханшайымы: өте керемет балалар, азығымызды дайындап алдық өте ақылды балапандар екенсіңдер. Ал ендеше менің келесі тапсырмамды орындауға дайынсыңдар ма? Қазір күз мезгілі болғаннан соң ағаштардың жапырақтары түсіп жатыр, сондықтан ағаштар мұнайып тұрғандай , ағаштардың жапырақтарын орналастырып берейікші. (шығармашылық жұмыс, жапырақтарды орналастыру, ұжымдық жұмыс)

Балалар:Жарайды, орналастырып береміз

Тәрбиеші:Балалар енді кішкене денемізді сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Музыкалық сергіту.

Тәрбиеші: Балалар өте ақылды екендеріңді бүгін көрсеттіңдер, жарайсыңдар. Енді күз ханшайымына арнап тақпақтарынызды айтып беріңіздерші.

(Тақпақ сұраймын)

Күз ханшайымы: Өте жақсы балалар, өте керемет ақылды, тәртіпті, тіл алғыш балалар екенсіңдер, ал ендеше мен де қысқыға дайындалайын, азығымды жинайын қыс мезгіліде жақындап келіп қалды. Қазіргі уақытта көкөністер мен жемістер пісті сондықтан мен сендерге құр қол келмедім, сендерге дендерін сау болсын, ақылды болсын, балабақшадан қалмасын деп сендерге алма алып келдім. Оның ішінде дәрумендер өте көп . Сау болыңдар балалар!

Тәрбиеші: балалар бізге қонаққа бүгін не келді?

-Сендерге қандай тапсырма ұнады?

-Қандай тапсырмалар орындадық?

Өте жақсы балалар, ақылды екендеріңді бүгін көрсете білдіңдер рахмет сендерге. (Қоштасамыз үш тілде)







































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!