Материалдар / Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі. "Балабақша" (сюжеттік рөлдік ойын)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі. "Балабақша" (сюжеттік рөлдік ойын)

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада еңбек ететін адамдардың мамандықтарымен таныстыру (медбике, аспаз), балабақшаның балаларды көп нәрселерге үйрететін және жақсылыққа тәрбиелейтін орын екенін түсіндіру. Балабақшада еңбек ететін адамдардың еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Балаларды мейірімді болуға баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2018
1144
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Құлыншақ» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыКүні: 28.09.2016ж.Білім беру саласы: Коммуникация.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Драма.Тақырыбы: «Балабақша». (сюжетті рөлдік ойын).Мақсаты: балабақшада еңбек ететін адамдардың мамандықтарымен таныстыру (медбике, аспаз), балабақшаның балаларды көп нәрселерге үйрететін және жақсылыққа тәрбиелейтін орын екенін түсіндіру. Балабақшада еңбек ететін адамдардың еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Балаларды мейірімді болуға баулу.Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, аспаз, медбике, дәрумендер, азық түліктер, айна, ойыншық торғай, үлестірмелі материалдар.Билингвальды компонент: хатқалта -конверт, балабақша- детский сад, аспаз -повар, дәрігер- врач.

Оқу іс-әрекетініңкезеңдеріПедагогтің іс-әрекетіБалалардыңіс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық











Шаттық шеңбері.Сәлеметсіңдер ме, балалар! Адамдар бір бірімен кездескенде амандасады, жағдайларын сұрайды.Сендердің үстелдердеріңнін үстінде сиқырлы қорапшалар жатыр, оның ішінде ақылды балалар отыр. Қане, бәріміз ашып қарайық, олар қандай балалар екен? Әр қобдишаның ішінде айна жатады. Қане, балалар, айнаға қарап: «Біз әлемдегі ең жақсы балалармыз», деп айтайық.Таңғажайып сәт.Біреу есік қағады.Балалар, біздің атымызға торғайлардан хат келіпті, оқып көрелік.Хатқалтаны ашып, хатты алып оқиды.Құрметті балалар! Біз торғайлармыз, сендердің бақшаларыңның үстінен ұшып бара жатып сендердің көңілді екендеріңді көрдік.«Біздің де осындай балабақшамыз болса ғой» деп мұңайып қалдық. Біз бақшаның не екендігін білмейміз. Сендерге қонаққа келсек, бізге балабақша туралы айтып бересіңдер ме?Балалар, торғайларға балабақша туралы айтып береміз бе? Балабақша туралы өлең оқылады.

Шаттық шеңберге тұрады, бір- бірімен амандасады.









Айнаға қарап, «Біз әлемдегі ең жақсы балалармыз» қайталайды, қуанады.









Хатты тыңдайды.





-Иә.
Ұйымдастырушылық-ізденістік





Ұйымдастырушылық-ізденістік





Өлең не туралы?Балабақшаға кімдер барады?

Балалар балабақшада не істейді?



Балаларға кімдер қарайды?

Балалар, торғайлар ақ қалпақ киіп, шөміш ұстаған адамдарды көріп, кім екенін білмей отыр (көрнекіліктерді көрсетеді).Аспаз сендер үшін не істейді?Балалар ауырып қалсақ кімге айтамыз?Балалар біздің балабақшамызда денсаулығымызды қадағалап отыратын адам бар.Иә, балалар, аспаз тамақ дайындаса, дәрігер балалардың денсаулықтарын қадағалап отырады.Қостілділік компонент: хатқалта -конверт, балабақша - детский сад, аспаз- повар, дәрігер-врач.Сергіту сәті: «Торғайлар мен автокөліктер»«Ғажайып қапшық» дидактикалық ойыны.Торғай балалармен қоштасады.Рахмет, балалар сендерден көп нәрсе үйрендім. Сау болыңдар!


-Өлең балабақша туралы.-Балабақшаға балалар барады.-Балабақшада ойнайды. -Ертегі тыңдаймыз.-Жаттығу жасаймыз.-Ән айтамыз.Балаларға тәрбиеші апайлар қарайды.



-Тамақ пісіреді.-Дәрігерге айтамыз.













Қайталайды.



Балалар жауап береді.Балалар торғаймен қоштасады.
Рефлексия-лық-түзетушілікБалабақша дегеніміз не?Балабақшада кімдер қызмет етеді?Өз балабақшаларыңды жақсы көресіңдер ме?Сұрақтарға жауап береді. Бір бірінің жауаптарын тыңдайды.


Күтілетін нәтиже:Орындайды: балабақша тақырыбына байланысты берілген тапсырмаларды.Түсінеді: балабақша және оның қызметкерлері туралы ұғымды.Қолданады: топта бір бірімен қарым- қатынас жасай білу іскерліктерін.









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!