Материалдар / Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:«Үйшік ертегісін сахналау»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:«Үйшік ертегісін сахналау»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2020
279
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Үйшік» ертегісі.

Күні:28.10.20ж Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі.
Мақсаты: Балалар жабайы аңдарды атай алады. Үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырата біледі. Аңдарға байланысты әндер айтып, тақпақтар жаттай алады. Балаларды жан –жақты дамыту.

Көрнекілігі: топтың іші орман секілді безендіріліп, үйшік қойылады.

Жүргізушінің сөзі:

Автор -Күн күледі жадырайды,
Құстар келіп сайрайды.
Кел, балалар, келіңдер.
Ертегіге еніңдер.
- Ерте, ерте, ертеде орманда бір үйшік болған екен. «Үйшік» ертегісін тамашалаңыздар.
Орманда келе жатқан тықырлауық тышқан:


Аяна:тышқан- Мен тықырлауық тышқанмын,
Өз інімнен шыққанмын.
Дос іздеймін өзіме,
Тату болам өзіңмен.
- Сүп – сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйде кім тұрады?
Автор - Үйшікте ешкім тұрмаған соң тышқан үйшікке кіріп тұрады.

Бақа келеді:

Никита:Бақа- Бақа, бақа, бақ-бақ,

Алқымдарың аппақ.

Тақпақ айтып берейін,

Мен сендерді мақтап.

- Сүп - сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйшікте кім тұрады?

Мышка - Мен тықырлауық тышқанмын, кел бірге тұрайық.

Кірпі келеді:

Алихан:Кірпі- Тұмсығында түймесі 
Деп тұрғандай тимеші 
Азулыдан сақтайтын 
Кірпінің көп инесі.  

- Сүп - сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйшікте кім тұрады?

Тышқан - Мен тықырлауық тышқанмын.
Бақа: - Бақа бақа бақа мын, кел бірге тұрайық.

Әтеш келеді:

Әтеш: Аруна

Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлаймын таң атпай
Әтеш әнге басады,

Әтеш ұйқы ашады


- Сүп - сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйшікте кім тұрады?

Тышқан - Мен тықырлауық тышқанмын

Бақа: - Бақа бақа бақа мын.

Кірпі: Инесі бар, кірпімін, кел бірге тұрайық.

Қоян келеді.
Асылым:Қоян- Мен қоянмын, қоянмын,
Сәбізді жеп тоямын.
Жемістерді көп жинап,
Қысқа сақтап қоямын.

- Сүп - сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйшікте кім тұрады?
Тышқан - Мен тықырлауық тышқанмын

Бақа: - Бақа бақа бақа мын.

Кірпі: Инесі бар, кірпімін, кел бірге тұрайық.
Әтеш: - Сақалы бар, әтешпін, кел бірге тұрайық.


Тиін келеді.
Алим: Тиін -Мен тиінмін, тиінмін,
Қысқа жылы киіндім.
Қоймам толы жаңғаққа,
Іші жылы үйімнің.
- Сүп - сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйшікте тұрады?


Тышқан - Мен тықырлауық тышқанмын.

Бақа: - Бақа бақа бақа мын.

Кірпі: Инесі бар, кірпімін.
Әтеш: - Сақалы бар, әтешпін.

Қоян- Мен қорқақ қоянмын, кел бірге тұрайық.

Сұлу түлкі келеді.
Ақерке: Түлкі - Мен сұлу түлкімін,
Жай өтпес бір күнім.
Ішінде жүремін,
Айғай шу күлкінің.
- Сүп – сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйшікте кім тұрады.


Тышқан- Мен тықырлауық тышқанмын.

Бақа: - Бақа бақа бақа мын.

Кірпі: Инесі бар, кірпімін.
Әтеш: - Сақалы бар, әтешпін.

Қоян - Мен қорқақ қоянмын.
Тиін- Мен үлпілдек тиінмін, кел бірге тұрайық.


Автор - Түлкі үйшікке кіріп өзіне жаңа достар табады.

Көкжал қасқыр келеді.



Қасқыр:Ксения:

-Мен көкжал қасқырмын,
Ауылды торимын.
Аңшыдан қорқамын,
Сайларда жортамын.


- Сүп – сүйкімді, кіп-кішкентай әдемі үйшікте кім тұрады.

Тышқан- Мен тықырлауық тышқанмын.

Бақа - Бақа бақа бақа мын.

Кірпі: Инесі бар, кірпімін.
Әтеш: - Сақалы бар, әтешпін.

Қоян - Мен қорқақ қоянмын.
Тиін - Мен үлпілдек тиінмін.
Түлкі- Мен сұлу түлкімін, кел бірге тұрайық.


Осылайша қасқырда дос болып үйшікке кіріп тұрады.

Қорбаңдаған аю келеді.

Аю: Рахман - Мен аюмын қорбаңбай,
Қимылдаймын қорбаңдай.
Омартаны көргенде,
Бас саламын ойланбай.
- Сүп - сүйкімді, кіп-кішкентай, әдемі үйшікте кім тұрады.

Тышқан - Мен тықырлауық тышқанмын.

Бақа: - Бақа бақа бақа мын.

Кірпі : Инесі бар, кірпімін.
Әтеш: - Сақалы бар, әтешпін.

Қоян - Мен қорқақ қоянмын.
Тиін - Мен үлпілдек тиінмін.
Түлкі - Мен сұлу түлкімін.
Қасқыр - Мен көкжал қасқырмын, кел бірге тұрайық.


Автор Осылай жануарлар бәрі достасып, үйшікте бәрі бірге тұратын болыпты.

Бәрі бірге:
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да,
Достар бір - біріне,
Сенімді боламыз.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!