Материалдар / Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2021
1048
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы қаласы

119 мектеп-лицей

Психология пәнінің мұғалімі

Әлсейтова Динара Темірәліқызы

Shape1

Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға


Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн.   «Бала жас, әлі ешнәрсені білмейді, өсе келе бәрін түсінеді», – деп қарау – барып тұрған қателік. «Баланы жастан» – деген халық даналығын ескеріп, бала тәрбиесі – әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты, күрделі процесс.Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Қазақ – басынан қандай нәубет өтсе де, заман болса да ұрпағына ұлағатты тәрбие бере алған халық. Ұлтжанды ұл,қылықты қыз тәрбиелеген. Балаға жақсы тәрбие бере алу үшін ата-ананаң бойында керек ең маңызды қасиет ата-ананың ерік жігері. Отбасындағы тәрбие сол өмірдің өзі болып табылады . Және де біздің жүріс-тұрысымыз, тіпті біздің балаға деген сеніміміздің өзі де күрделі, бірқалыпсыз, кейде қарама-қайшылықта болып  жатады. Әке-шешенің көбісі балаға жақсы көретініңді білдіртпеу керек деп ойлайды. Олардың ойынша баланы тым жақсы көру олардың ерке болуына, өзімшіл болуына әкеп соғады деп ойлайды. Бұл ойды жоққа шығару керек сияқты. Өйткені осы жағымсыз тұлғалық қасиеттер керісінше, балаға деген махабаттың жетіспеушілігінен пайда болады. Баланың тосын әрекеттеріне төзімділік таныту әрине, ол оңай шаруа емес. Әйтсе де, мүмкін емес деп те айтуға болмайды. Негізінде бала болмысының қалыптасуы әке-шешесінің тек сыртқы қимыл-әрекетімен ғана шектелмейді екен. Бала біз ойлағаннан да ішкі дүниемізге терең бойлап тәрбие алады. Бала әкенің әрбір сөзі мен қимылын қадағалап отырады. Тіпті, жүріс-тұрыс үлгісін де айна-қатесіз қайталайды екен. Ата-анадан балаларға қиындықсыз ауысатын ең бағалы адамгершілік белгісі – бұл шеше мен әкенің ізгілігі, адамдарға жақсылық істей алуы. Яғни, бала тәрбиесі, ең алдымен, ата-анаға, отбасындағы жағдайға байланысты. Ертеректе бір данышпан: «Баланы ұрмаңдар, Есіңізде болсын, олар әлі кішкентай және қорғансыз. Баланы тәрбиелегенде дүре соғу аз жұмыс болғанымен, алайда олар ер жеткенде сіздер олардан қуаныш, махаббат күте алмайсыз. Дене жазасы мен қатыгездік арқылы сіз олардың жүрегін жараладыңыз»,-деген екен. Бала тәрбиесіне  әке мен шешенің мүмкіндігінше бірдей араласуы үшін, отбасы тәрбиесін  жоғары дәрежеде дұрыс жолға қою қажет. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған. Қорытындылай келе, бала тәрбиесіндегі ең басты ережелер – балаға керекті кезде назар аудара білу, оған деген махаббатты қай жаста да көрсете білу, оның көзқарастарын ерекшеліктерін түсіне білу болып табылады дегім келеді.





Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Оқушылардың ғылыми қоғамдарын ұйымдастыру және республикалық ғылыми жарыстарын өткізуге әдістемелік нұсқаулар. Астана 2007. 

  2. Базарбаева Н.А. Педагогикалықкеңес, 2009.№1

  3. А.А. Теміралиева «Асыл мұра» нақыл сөздер жинағы. «Көшпенділер» баспасы, 2013жыл

  4. Ж.Әуелбайұлы «Жаман тәрбие-болашақтағы қайғымыз» мақаласы. Сыныптағы тәрбие журналы, №3. 2003 жыл

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!