Материалдар / Ата-аналар жиналысының жоспары "Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ата-аналар жиналысының жоспары "Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге ата аналар жиналысын өткізуге көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2019
3606
15 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата-аналар жиналысының жоспары

Тақырыбы: «Ата-ананың педагогикалық мәдениеті»

Мақсаты: оқушылардың ата-аналарына өздерінің педагогикалық мәдениет деңгейлерін ұғынуға көмектесу; оларды мектеппен өзара әрекет етуде белсендірек атсалысуға ынталандыру; балаларды тәрбиелеу процесінде басшылыққа алуға қажетті басымдықтарға ерекше көңіл аудару.

Міндеттері:

  • Ата-аналардың мәдениет деңгейін анықтау, педагогикалық мәдениет туралы түінік беру;

  • Ата –аналарда өз балаларымен қарым – қатынас жасау стильі туралы ой қозғау;

  • Ата –аналарға «Жақсы ата-анаға» жадынамасын ұсыну.

Жиналыс барысы:

Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар!Бүгін біз балаларымыздың тәлім-тәрбиесіне үлес қосу мен одан ары жақсы болуына көмектесу үшін жиналдық.

Сіздер балаларды жақсы етудің ең жақсы тәсілі – бұл оларды бақытты ету екендігін тағы бір рет естеріңізге түсіру үшін балалар мен ата-ананы байланыстыратын биік сезім жайлы ой қозғайық. Алдымен , «ата–ананың педагогикалық мәдениеті» ұғымына көңіл бөлсек.

Ата-аналардың педагогикалық мәдениет деңгейі дегеніміз ата-аналардың баламен педагогикалық қарым-қатынас жасау біліміне, шеберліктері мен дағдыларына, оның тұлғалық дамуының ерекшеліктерін түсінуге, оны отбасы мен қоғамның мәдениеті мен дәстүрлеріне бейімдеу ниетіне негізделген, отбасындағы тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруға дайындық дәрежесі (жоғары, орта немесе төмен).

Сіздерді өздігінен білім алуға тиімдірек ынталандыру үшін педагогикалық мәдениетіңіздің деңгейін анықтап алу қажет. Ол үшін сіздерден сауалнама алғым келіп тұр.

Ата-аналардың педагогикалық білім деңгейлерін анықтау бойынша САУАЛНАМА:

1. Сіз өз балаңызды қандай білімдер негізінде тәрбиелейсіз?

а) радиодан және теледидардан бағдарлама тыңдайсыз;

б) ата-аналарға арналған лекцияларға барасыз;

в) педагогтардың ұсынымдары негізінде;

г) өзіңіздің өмірлік тәжірибеңізді пайдаланасыз.

2. Сіз тәрбиедегі қандай әдістерді аса тиімді деп есептейсіз?

а) мадақтау;

б) жазалау;

в) талап қою;

г) әдеттендіру.

3. Сіз мадақтаудың қандай түрлерін бәрінен жиі пайдаланасыз?

а) сөзбен мақтау;

б) сыйлықтар;

в) аялы алақан;

г) өзім баламмен бірге өткізетін уақыт.

4. Сіздің пікіріңізше жазалаудың қандай түрлері тәрбиеде аса ықпалды?

а) физикалық жазалау;

б) сөзбен қорқыту;

в) ойын-сауықтан айыру;

г) сіздің реніш білдіруіңіз.

Енді Ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің деңгейлерін бөліп қарастырайық:

 

Ата-аналардың тәрбие процесіне қатысу дәрежесін анықтау мақсатында «Менің педагогикалық мәдениетімнің деңгейі қандай» сауалнамасы:

1. Сізге балаңыз ұнай ма?

2..Сіз балаңыздың не айтқанын тыңдайсыз ба?

3. Балаңыз сөйлегенде Сіз оған қарайсыз ба?

4. Сіз балаңыздың айтып жатқан нәрселерінің маңыздылығын ұғыну сезімін қалыптастыруға тырысасыз ба?

5. Сіз балаңыздың сөзін түзейсіз бе?

6. Сіз балаңызға қателіктер жасауға ерік бересіз бе?

7. Сіз балаңызды мақтайсыз ба, оны құшақтайсыз ба?

8. Сіз балаңызбен бірге күлесіз бе?

9. Сіз күнде балаңызбен әңгімелесу үшін уақыт бөлесіз бе?

10. Сіз қандай білімдер негізінде өз балаңызды тәрбиелейсіз?

а) педагогтардың ұсынымы негізінде (4 балл);

б) ата-аналарға арналған лекцияларға барамын (3 балл);

в) радиодан және теледидардан тәрбие туралы бағдарламалар тыңдаймын (2 балл);

г) өзімнің өмірлік тәжірибемді пайдаланамын (1 балл).

11. Сіз тәрбиедегі қандай әдістерді аса тиімді деп санайсыз?

а) мадақтау (4 балл);

б) талап қою (3 балл);

г) әдеттендіру (2 балл);

д) жазалау (1 балл.)

12. Сіз көп жағдайда мадақтаудың қандай түрлерін пайдаланасыз?

а) сөзбен мақтау (4 балл);

в) аялы алақан (3 балл);

г) өзім баламмен бірге өткізетін уақыт (2 балл);

д) сыйлықтар (1 бал).

13. Сіздің пікіріңізше жазалаудың қандай түрлері тәрбиеде аса ықпалды?

а) ойын-сауықтан айыру (4 балл);

б) сіздің реніш білдіруіңіз (3 балл);

в) сөзбен қорқыту (2 балл);

г) физикалық жазалау (1балл).

Жиналған балдарды есептеу: алғашқы 9 сұраққа әрбір «иә» деген жауабыңыз үшін өзіңізге 1 балл қойыңыз. Содан кейін алынған қосындыға №10-13 сұрақтарға өзіңіз таңдаған жауапқа сәйкес балдарды қосыңыз.

Нәтижелерін түсіндіру:

16-25 балл: сіздің педагогикалық мәдениет деңгейіңіз жоғары; балаңыздың есеюіне қарай оны жоғалтып алмауға тырысыңыз.

8-15 балл: сіздің педагогикалық мәдениет деңгейіңізді орта деп айтуға болады; сіз үшін бастысы – жеткен жетістік деңгейінде тоқтап қалмау, өзінөзі дамыту жолында алға ілгерілеу.

4-8 балл: сізге өзіңіздің педагогикалық мәдениет деңгейіңізге мұқият назар аудару қажет, себебі қазіргі уақытта оның деңгейі төмен. Сіздің алдыңызда тәрбие процесіне көзқарасыңызды өзгерту, сондай-ақ қажетті білімдер мен дағдылар алу бойынша салмақты міндеттер тұр.

Тестілеу нәтижелерін талқылайық...Өз ойларыңызбен бөліссеңіздер.

Сіздер көңіл бөлетін нәрсе: отбасында балаларды тәрбиелеу – олардан оң нәтижелелерге мүдделілікті, шыдамдылықты, балалар психологиясы мен педагогикасы саласындағы білімді қажет ететін күрделі, нәзік іс екендігінде.

Бала тәрбиесіндегі шешуші жағдай – бұл отбасындағы адамгершілік-психологиялық күй, ұрпақтар арасындағы және жұбайлардың өздерінің арасындағы қарым-қатынас. А. Сухомлинский атап өткендей, бала тәрбиесінің басты мектебі – бұл күйеуі мен әйелінің, әке мен ананың арасындағы өзара қарым-қатынас. «Балаларды тәрбиелеу – бұл ерекше күш, рухани күш жұмсау. Біз адамды махаббатпен қалыптастырамыз – әкенің анаға деген және ананың әкеге деген махаббатымен, адамның абыройы мен сұлулығына деген шексіз сеніммен тәрбиелейміз. Көркем мінезді балалар әкесі мен анасы бірін-бірі шынайы сүйетін және адамдарды жақсы көріп, сыйлайтын отбасылардан шығады».

Осыған орай әлеуметтік психологияда адамдар арасындағы қарым-қатынастың мынадай түрлеріне тоқталып өтейік:

Ынтымақтастық – өзара түсінік пен өзара қолдаудан бастау алатын өзара қарым-қатынастың мінсіз түрі.

Тепе-теңдік – одақ мүшелерінің өзара пайдасына негізделген тең, «одақтасқан» қатынастар.

Жарыс – тілектес бәсекелестікте көп нәрсеге және ең жақсысына қол жеткізу ниеті.

Бәсекелестік – басқалардан үстем болуға ұмтылу, оларды қандай да бір салаларда басу, еңсесін түсіру.

Және, антагонизм – топ мүшелері арасындағы айқын қайшылықтар, оларды біріктіру сөзсіз мәжбүрлі сипатта болады, сырттан болған күшті қысым салдарынан сақталады. Әлбетте, отбасы үшін қарым-қатынастың ең жақсы түрі ынтымақтастық болып табылады.

Қазір кішкене сергіту сәтінде отбасы, ата–ана жайлы өлең тыңдасақ...(«Ана–әке» әні)

Жиналысымызды қорытындылай келе, бала тәрбиесі ата –ана үшін күрделі де жауапты міндет екенін атап өткім келеді.Баланың өмірге бейімдеуде мектеп , ұстаз және ата –ананың орны бөлек. Тәлім –тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата –ана , әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады .

Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп , болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі . «Отан отбасынан басталады» демекші ,ата –аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп , оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе . Осы мәселеге ата –аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ , алар асуымыздың биік болары сөзсіз!



Сіздерге «Жақсы ата-анаға» жадынамасын ұсынғым келіп отыр:

«Жақсы ата-анаға» ЖАДЫНАМАСЫ

Құрметті ата-аналар, аналар мен әкелер, әжелер мен аталар!

Мынаны ұмытпаңыздар, жақсы ата-ана:

өз баласын жақсы көреді, оның қажеттіліктерін сезінеді, оның тілектерін түсінеді, онымен оның уайымдары мен эмоцияларын бөліседі;

өзінің өмірлік басымдықтарын ұғынады және ешқандай кәсіби, мәнсаптық және өзге де амбициялар ата-ана рөлінің маңыздылығын одан көлегейлей алмайтындығын анық біледі;

тәрбиенің мақсаттарын ұғынады: өз баласының бойында қандай қасиеттер қалыптастырғысы және дамытқысы келетіндігін біледі; қандай дағдыларды дарыту қажет, қандай дүниетаным қалыптастырғысы келеді, қандай рухани-адамгершілік құндылықтарға ұмтылдырғысы келеді, соны анық біледі;

өз баласының тұлғалық дамуының заңдылықтары мен бірегей ерекшеліктерін түсінеді;

баланың жастық және тұлғалық мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай келетін талаптар қалыптастыра және тұжырымдай біледі; оларды кооперацияға, ынтымақтастыққа ұсыныс формасында қоя біледі;

өз баласын мақтай біледі;

жазалау – басты әдіс емес екендігін, ынталандыру тәрбие құралы ретінде жазалаудан ықпалдырақ екендігін есте сақтайды;

оның ата-аналық араласуын қажет ететін әрбір нақты жағдайда адекватты шешімдер қабылдай алады;

туындаған проблемалы жағдайға ұтымды сәйкес келетін тәрбиенің әдістері мен тәсілдерін таңдай біледі, және оларды сауатты пайдалана алады.

жақсы ата-ана тәрбие процесін өзінен бастайды, себебі тәрбие – бұл бір мезгілде тәрбиелеушіні де, тәрбиеленушіні де қозғайтын екіжақты процесс. Жақсы ата-ана өзін-өзі өзгертуге саналы түрде күш салады, себебі ол өмірге келетін адамның ең ардақты құқықтарының бірі – жақсы, мейірімге толы тәрбие алу құқығын сыйлайды.

Жақсы ата-ана мына ақиқатты жақсы біледі:

баланы үнемі міней берсе, ол жек көруді үйренеді;

баланыны мазақ қылса, ол тұйық болып өседі;

баланы мақтаса, ол алғыс айтуға, бекзаттыққа үйренеді;

баланы қолдаса, ол өзін бағалауды үйренеді;

баланы ылғи жазғыра берсе, ол өзін кінәлі сезініп өмір сүруді үйренеді;

бала төзімділікте өссе, ол басқаларды түсінуді үйренеді;

бала адалдықта өссе, ол әділ болуды үйренеді;

бала қауіпсіздікте өссе, адамдарға сенуді үйренеді;

бала өшпенділікте өссе, ол агрессияшыл болуды үйренеді;

бала түсіністікте және мейірбан ортада өссе, ол бұл өмірден махаббат көре алады.

Рефлексия

- Сіз не туралы ойладыңыз? Қандай қорытынды жасадыңыз?

Құрметті ата-аналар! Енді осы өткізілген жиналыс бойынша сындарыңызды, ұсыныстарыңызды, жылы лебіздеріңізді   немесе тілектеріңізді қағазға жазып көрсетейік.

Келгендеріңізге рахмет, келесі кездескенше!







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!