Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы «Атадан-өсиет, анадан қасиет» ата-аналарға арналған шеберлік сынып «Адамның жеке шекарасын қорғаудағы негізгі ережелері»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы «Атадан-өсиет, анадан қасиет» ата-аналарға арналған шеберлік сынып «Адамның жеке шекарасын қорғаудағы негізгі ережелері»

Материал туралы қысқаша түсінік
• Ата-бабаларымыздың өсиеті мен аналардың тәрбиелік қасиеттерін ұғындыру •Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарының маңызын түсіндіру •Оқушылардың үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дағдыларын қалыптастыру •Оқушыларға жеке шекара түсінігін таныстыру және оны қорғау жолдарын үйрету. •Өзара құрмет пен жеке кеңістікке деген жауапкершілікті дамыту. •Қауіпті жағдайлардан сақтану тәсілдерін меңгерту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып жетекші:



Күні:

21.04.2025

Сынып: 11


Сабақтың тақырыбы:

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы

«Атадан-өсиет, анадан қасиет» ата-аналарға арналған шеберлік сынып

«Адамның жеке шекарасын қорғаудағы негізгі ережелері»

Мақсаты

Ата-бабаларымыздың өсиеті мен аналардың тәрбиелік қасиеттерін ұғындыру

Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарының маңызын түсіндіру

Оқушылардың үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дағдыларын қалыптастыру

Қауіпсіз сабақтың мақсаты

Оқушыларға жеке шекара түсінігін таныстыру және оны қорғау жолдарын үйрету.

Өзара құрмет пен жеке кеңістікке деген жауапкершілікті дамыту.

Қауіпті жағдайлардан сақтану тәсілдерін меңгерту.

Құндылықтар

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

Апта дәйек сөзі

«Болашағы зор мамандықтар жоқ, тек болашағы зор мамандар бар»


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу:

Армысыздар, қымбатты оқушылар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын!

Барлықтарыңыздың жүздеріңізден күлімсіреу көрініп тұр! Керемет!

«Адалдық» сөзіне ассоциация құру: оқушылар адалдықты сипаттайтын сөздер айтады (шыншылдық, әділдік, тазалық, т.б.).


Оқушылар жұдырық түйістіру арқылы бір біріне достық ықыластарын білдіреді


Көңілді әуен

Сабақтың ортасы

Пікір алмасу

«Өсиет деген не?» және «Қасиет деген не?» сұрақтары бойынша оқушылардың пікірін тыңдау Қызығушылықты ояту

«Атадан қалған асыл сөз» ойыны: әр оқушы белгілі бір қазақ мақал-мәтелін айтады және оның мағынасын түсіндіреді


Видеоролик көрсету: ата-ана тәрбиесінің маңызы туралы қысқаша бейнебаян

Негізгі бөлім

1. Атадан өсиет:

Ата-бабаларымыздан қалған нақыл сөздер мен өмірлік қағидалар

Дана тұлғалардың өсиеттері (Әл-Фараби, Абай, Бауыржан Момышұлы және т.б.)

Қазақ халқының отбасы құндылықтары

2. Анадан қасиет:

Ана тәрбиесінің балаға әсері

Ана – отбасының жүрегі

Ана тәрбиелеген ұлы тұлғалар (Шоқанның анасы Айғаным, Абайдың анасы Ұлжан т.б.)

3. Ұрпақтар сабақтастығы:

Ұлттық дәстүрлер мен қазіргі заман құндылықтарының байланысы

Бүгінгі жастарға аманат

Топтық жұмыс

1-топ: "Ата өсиетінен алған тәрбие" тақырыбында постер жасау

2-топ: "Ана қасиетінен дарыған үлгі" тақырыбында шағын көрініс көрсету

3-топ: "Менің отбасымдағы тәрбие" атты эссе жазу


Оқушылар өз жауаптарын ортаға салады.

Топтар өз тақырыптары бойынша постер дайындайды және қорғайды.




Оқушылар бірін -бірі бағалайды

Ақ қағаз, фломастерлер

Қауіпсіздік сабағы

10 мин

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.

"Жеке шекара дегеніміз не?" сұрағы арқылы оқушылардың ойларын тыңдау

І. Тақырыпқа кіріспе:

Жеке шекара физикалық, эмоционалдық және әлеуметтік болуы мүмкін екенін түсіндіру.

Мысалдар келтіру (мысалы, бөтен адамның рұқсатсыз заттарыңды алуына немесе жеке өміріңе араласуына қалай қарайсың?).

II. Негізгі бөлім

  1. Теориялық бөлім :

Жеке шекара түрлері:

1. Физикалық – денеге қол сұғушылықтан қорғану.

2. Эмоционалдық – сезімдер мен ойларды қорғау.

3. Цифрлық – әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік.

4. Жеке уақыт пен кеңістік – адамның жеке уақыты мен заттарына құрмет.

Жеке шекараны қорғау әдістері

"Жоқ" деп айтуды үйрену.

Қауіп төнген жағдайда ересектерден көмек сұрау.

Өзіңді сенімді ұстау және сөзбен немесе әрекетпен шекараны белгілеу.

2. Практикалық бөлім :

Топтық жұмыс: "Шекараны белгіле" (әр топқа жағдайлар беріледі, олар жеке шекара қалай қорғалатынын талқылайды).

Рөлдік ойын: Бір оқушы жеке шекара бұзылған кезде қалай әрекет ету керек екенін сахналайды, қалғандары талдайды.

III. Қорытынды бөлім

Сабақтың негізгі ойларын қорытындылау.

"Жеке шекараны қорғаудың 5 негізгі ережесі" атты постер жасау.

Рефлексия: "Мен бүгін не үйрендім?"

Үй тапсырмасы:

Өмірден жеке шекараға байланысты үш жағдай тауып, оларды шешудің дұрыс жолдарын жазу.

"Менің жеке шекарам" атты шағын эссе жазу.

Оқушылар тақырыпты сұрақтарға жауап беру арқылы түсінеді.











Сұрақтарға жауап береді.

Талқылау сұрақтарын талдайды.






Мотивациялық сөздер







Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.




Жағдайларды талқылау мен шешімдерді ұсыну.


Топтық жұмыстағы белсенділік.


Сабақ соңындағы рефлексия сапасы.

Ситуациялық тапсырмалар, топтық жұмысқа арналған материалдар.


Бейнематериалдар










Презентация



Сабақтың соңы

Оқушылар біз бүгін сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық болады деп тілеймін .

Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі.

Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп, мадақтау.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.04.2025
544
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі